CaspianLife, 29 қыркүйек — Парламенті Мәжілісіндегі фракциясының мүшесі Н. Ожаев Парламент мәжілісінде Атыраудағы экология мәселесін көтерді.
Депутат Премьер-Министрінің бірінші орынбасарына Атырау облысының аумағындағы атмосфераға күкіртсутегі, күкірт диоксиді, көміртек оксиді, азот оксиді секілді уытты заттектердің бөлінуін азайту мәселесін көтеріп, мұнай зауыттары тарапынан ластаушы шығарындылардың атмосфералық ауаға әсері жайлы депутаттық сауал жолдады.
«Бұл ретте, Атырау облысындағы экологияға қатысты Жайық, Ойыл, Жем, Сағыз, т.б. өзендері және қарт Каспийдің тағдыры үлкен мәселе. Жергілікті атқарушы органдардың күнделікті назарындағы апаттық мұнай скважиналары, қоқыс полигоны, кәріз тазарту құрылымдары, «Тухлая балка», «Квадрат» мәселелері әрқайсысы өз алдына проблема екенін де білесіздер. Дегенмен, бүгінгі сауал, үш алпауыт мұнай компанияларының атмосфераны ластауы жайында қозғалды», — деп мәлімдеді депутат өзінің Facebook парақшасында.