CaspianLife, 3 қазан — Атырауда қала күніне орай эстрада жұлдызы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әнші Айгүл Иманбаеваның «Достарым» атты ән кеші өтті. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. Қала әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылған мерекелік концертті Дамбы ауылдық округінің тұрғындары тамашалады. Шара барысында өнер жұлдызы ауыл тұрғындарына ерекше көңіл-күй сыйлап, халық жүрегінен орын алған әндерді жанды дауыста көрерменге ұсынып, жұртшылықтың қошеметіне бөленді. «Ал, аяулы әнші қызын ардақтай келген жұртшылық ыстық ықыластарын жеткізіп, әнсүйер қауым алған әсерлерін жасырмады. Бірі – қосыла ән шырқаса, енді бірі гүл шоқтарын тарту етті. Айта кетейік, аталған шара 3-7 қазан аралығында қалаға қарасты әр ауылдық округте өтеді»,…
Автор: Сайт әкімшілігі
CaspianLife, 3 қазан — Атырауда қала күніне орай дзюдодан турнир өтуде. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 2008-2015 жылғы ұлдар мен қыздар арасында өткен жарысқа 1000-ға жуық жас спортшылар қатысуда. Олар қала мен ауданнан, сондай-ақ, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Ақтөбе, Қызылорда облыстарынан келген. «Екі күнге созылатын жарыс қорытындысына сәйкес жеңімпаздар кубок және арнайы медальдармен марапатталады», — делінген қала әкімдігінің әлуеметтік желідегі парақшасында.
CaspianLife, 3 қазан — Атырау облыс бойынша жол-көлік құқық бұзушылығын жасағаны үшін соңғы 2 жылда 60 жүргізуші сотталып, оның ішінде 35 адам 1-ден 7 жылға дейінгі мерзімдерге бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы облыстық прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады. Биыл аймақта 116 жол-көлік оқиғасы болып, 53 адам қаза тапты. Оның екеуі кәмелет жасқа толмаған. Облыстық прокуратура таратқан ақпарат бойынша, аймақта болған жол апатының 10-ы мас жүргізушілердің кесірінен болыпты. «Облыс прокуратурасы жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін мүлтіксіз сақтауға және адамдардың жарақаттануы мен өліміне жол бермеуге шақырып, сондай-ақ жолдардағы өзара сыпайылық туралы еске салады», — делінген прокуратура таратқан хабарламада.
CaspianLife, 3 қазан — Құрманғазы ауданындағы Байда ауылдық округі Бөкейхан ауылдық округі болып, ал оның құрамына кіретін Котяев ауылы Бөкейхан ауылы болып өзгертілді. Бұл туралы облыстық мәслихаттың кезекті ХVII сессиясында айтылды. Одан бөлек Атырау қаласындағы Ақсай ауылдық округі мен Ақжар ауылдары Қайыршақты ауылдық округіне енгізілді. Жиында халыққа көрсетілетін медициналық қызметтің сапасы турасында да сөз қозғалды. Жыл соңына дейін аймақтағы ірі клиникалардың 7 бөлімшесін ашу жоспарда тұр. Шенеуніктер бұл шешімнің арқасында тұрғындар үшін медициналық көмектің қолжетімділігі жоғарылап, емханалардағы кезек азаяды дейді. Денсаулық сақтау басқармасы басшысының айтуынша, Құрманғазы ауданындағы туберкулез шипажайы ғимаратының қаңырап бос тұрғанына қарамастан, былтыр 80 млн теңге қаржы жұмсалған.…
CaspianLife, 3 қазан — Атыраулық ұстаздар төсбелгімен марапатталды деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі. Құрманғазы атындағы мәдениет сарайында «Ұстаздар күні» мерекесіне орай өткен салтанатты жиында аймақтағы ұстаздар «Атырау облысының білім беру саласына қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен марапатталды. Атап айтсақ, Исатай ауданы «Құлыншақ» балабақшасының меңгерушісі Алма Ғибаттуллина, Новобогат орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Бибігүл Түлеуова және Атырау политехникалық жоғарғы колледжі директорының ақпараттық технологиялар жөніндегі орынбасары Нұрлы Нұржанға облыс әкімі төсбелгіні табыс етті. Мерекелік жиын барысында аймақ басшысы Серік Шәпкенов педагогтарды төл мерелерімен құттықтады. «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасына сәйкес «Қолайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында ұстаздар мен балаларға…
CaspianLife, 3 қазан — Махамбет ауданындағы ерлі-зайыптылардың бірі жылқы шаруашылығымен айналысып, саумалды табыс көзіне айналдырып отыр. Бұл туралы аудан әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. Сарытоғай ауылында тұратын Талап Қажимов пен Зәмзәгүл Жаңабаева 5 жылдан бері аталған кәсіппен айналысып келеді. Теңіз кен орнында 10 жылдай қызмет еткен отағасы 2008 жылы жұмысты қойып, жылқы шаруашылығын қолға алған. Бір үйірді екі үйірге жеткізген жылқышы қазір 3 биені қолда ұстап отырғандарын айтады. «Жылқыға қандай азық беру керегі туралы дұрыс білмей тұрып ат баптау, мал басын көбейту мүмкін емес. Бір қарағанда шөп берумен жұмыс біткен сияқты көрінуі мүмкін. Тоя жесін деп алдына үйіп-төкпей, оларға қажетті азықты…
CaspianLife, 3 қазан — Атырауда №3 ХҚКО-ның ғимараты жөндеуден өткізіледі. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Атырау филиалының директоры Мұса Хайруллиев өзінің әлеуметтік парақшасында хабарлады. Азаттық көшесінде орналасқан №3 ХҚКО уақытша Нұрсая ықшам ауданы Әбілхайыр Хан даңғылында орналасқан №1 ХҚКО-ның ғимаратына көшеді. «Егер сіз #3ХҚО-ға бұған дейін құжаттар тапсырсаңыз, дайын болған құжаттарды сол ғимараттың 2-қабатынан ала аласыз», — делінген жазбада.
CaspianLife, 2 қазан — Құлсарылық жасөспірімдер балабақшаның астан-кестенін шығарған. Оқиға Құлсары қаласындағы “Қызғалдақ” балабақшасында болған. Бөбекжайдың тас-талқанын шығарғандар 6-7 сынып оқушылары болуы мүмкін дейді кей дерекөздер. Күзетші екі баланы ұстап үлгеріпті. Облыстық ПД-нің баспасөз қызметі аталған фактіге байланысты 9 оқушының ата-анасы шақыртылып, іс-құжаттар сотқа жолданғанын хабарлады.
CaspianLife, 2 қазан — Атырау қаласының тұрғындары мен қонақтарының назарына көптің сұранысына айналып үлгерген «Soundtrack hits» концерттік бағдарламасы ұсынылды. Дина Нұрпейісова атындағы академиялық халық аспаптар оркестрі 2 сағат бойы Кеңес одағының тұсындағы кинолардың, фильмдер мен мультфильмдердің саундтректерін орындады. Оған қоса, көрермендер қазақ кинематографиясының классикасына айналған туындылардың әуендерін тыңдап, кино әлеміне саяхат жасады.Атыраулықтар дәл осы концертқалада жиі өтетін мәдени шаралардың біріне айналса екен деген ниетте. «Дина Нұрпейісова атындағы оркестр қазақтың және бүкіл әлемдік деңгейдегі кинолардың саундтректерін жоғары деңгейде орындап жатыр. Осындай концерттер Қазақстан көлемінде және әлем танитындай болса керемет болатын еді. Өйткені, сол деңгейде тұрарлықтай», — дейді көрермендердің бірі. Оркестрдің осындай…
CaspianLife, 30 қыркүйек — Атырауда қала күніне орай өтетін марафонға байланысты кей жолдар жабылады деп хабарлайды шаһар әкімдігінің баспасөз қызметі. Қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында кейбір жолдарда көлік қозғалысы тоқтайды. Атап айтсақ, орталық көпірден бастап Қ.Сәтпаев көшесі мен одан әрі Әбілқайыр хан даңғылына жалғасып, Сұлтан Бейбарыс даңғылының қиылысына дейінгі аралықтардағы қозғалыс уақытша шектеледі. «Тұрғындар мен қонақтардан жол қозғалысының шектелуіне орай өз жоспарларын алдын ала жасауды сұраймыз», — делінген әкімдік таратқан хабарламада. 2 қазан күні сағат 7:00-ден 14:00-ге дейін 5, 10, 21, 42 шақырымдық марафон өтпек. Биыл бесінші рет ұйымдастырып отырған шараға 1000-нан астам қатысушы тіркелді.
