CaspianLife, 22 қыркүйек — Биыл Атырауға шет елдерден келген 148 отбасы, 198 адам этникалық қазақ мәртебесін алған. Бұл туралы Шетелдік жұмыс күшін тарту және көші-қон бөлімінің басшысы Мейрамбек Алдияров мәлімдеді.
Сонымен бірге, 3 қандас жергілікті жұмыспен қамту орталығы арқылы тұрақты жұмысқа орналасты.
2023 жылы шет елдерде табысты бизнес-кейстерді қолдана отырып, елге әкелуді мақсат еткен 100 этникалық қазаққа «Қазақ картасын» беру жоспарланып отыр.
«Өзге елден оралған қандасымыз Қазақстанда өз бизнесін ашу және жылжымайтын және басқа да мүлікке иелік ету, қаржылық операцияларды жүргізу секілді мүмкіндіктерге ие болады. Елге оралуға ниет білдірген этникалық қазақтар үшін еліміздің барлық өңірінде әлеуметтік қолдау көрсетіледі», — деді Алдияров.