CaspianLife, 1 қазан — Атырауда “Балықшы-Зарослый” тас жолын қайта жаңғырту жұмыстарына байланысты 1 айға жабылады. Бұл туралы қала әкімдігі инстаграм парақшасында хабарлады.
“Балықшы-Зарослый” тас жолының 5 көшесінен (Збан дүкені) бастап Зарослый бұрылысына дейінгі 1200 метр аралығына 2 қазан сағат 09:00-ден бастап жөндеу жұмыстары жасалады.
«Жұмыстар жоспар бойынша кезең кезеңімен жүргізілетін болады. Туындаған уақытша келеңсіздіктерге түсіністікпен қарауларыңыз сұралады», — делінген қала әкімдігінің инстаграм парақшасында.