Автор: Сайт әкімшілігі

CaspianLife, 13 қазан — Атырау облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының бұрынғы басшысы Ақылбек Рысқалиев антикордың тапсырмасымен Бақытгүл Хаменоваға қарсы жалған куәлік бергенін мойындады. Оның сөзіне сенсек, «БАЛҚЫТУ» ЖШС басшысы Өміртай Адамов «Ұлық ұлыс – Алтын орда» конференциясына демеуші ретінде өзіне 5 млн теңге көлемінде ақша ұсынған. Алайда, Рысқалиев ол жерде антикордың қызметкері бірнешеу болған соң, тапсырманы нақты кім бергені есімде жоқ дейді. Сондай-ақ, тергеу барысында айғақ ретінде көрсетілген видеоларда ыммен сөйлесуі де департамент өкілдерінің тапсырмасы болып шықты. Рысқалиев күні бүгінге дейін өзі антикор тарапынан ешқандай қолдау көрмеген соң, шыңдықты жариялауға бел буғандығын айтады. Сондықтан, судьядан бүгінгі айтқан сөздерін басшылыққа…

Read More

CaspianLife, 13 қазан — Аққыстаудан копфункционалды спорт алаңы салынуда деп хабалайды аудан әкімдігінің баспасөз қызметі. Нысанның құрылысы шілде айында басталды. Қазір тротуар төсеу 96%-ке, асфальтқа арналған топырақ төсеу жұмысы 93%-ы аяқталды. Спорт алаңы жыл аяғына дейін қолданысқа беріледі. Спорт алаңы шағын футбол, баскетбол, волейбол алаңдарымен және Workout, жүгіруге арналған жолақтармен қамтылып, жасыл желектер отырғызылады. Бұқаралық спорт пен салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін аталған алаң аққыстаулықтар мен аудан қонақтары үшін жайлы демалыс орнына айналмақ. Айта кетейік, «Ембімұнайгаз» АҚ-ның 100 жылдық мерейтойына орай мұнайшылардың аудан тұрғындарына тарту ретінде салынып жатқан алаң құрылысының мердігері «СМК Атамекен» ЖШС.

Read More

CaspianLife, 13 қазан — Атырау облысында бір күнде екі жүкті әйел қайтыс болды. Бұл туралы Caspian News телеарнасы хабарлады. 11 қазан күні облыстық аурухананың нейрохирургия бөліміне түскен 33 жастағы келіншектің жағдайы нашарлаған соң реанимация бөліміне ауыстырылғанмен, жантәсілім етеді. Дәл сол күні тағы бір 34 жастағы ана Мақат ауданында дүние салды. Жүрегі бірнеше рет тоқтаған оған облыстан арнайы келген дәрігерлер де көмек көрсете алмапты. Бірінші әйел жүктіліктің 17, екінші келіншек жүктіліктің 32 аптасында. Қазір осы жағдайларға қатысты тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Read More

CaspianLife, 13 қазан — Атырауда қазақ күресінен ерлер мен әйелдер арасындағы Қазақстан біріншілігі өз мәресіне жетті деп хабарлайды облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі. Атыраулық спортшы Айгерім Төреғажина 48 келі салмақта чемпион атанды. Ал, осы салмақ дәрежесіндегі Хамария Амирғалиева мен 77 келі салмақта Эльмира Самиғоллаева қола жүлдегер атанды. Айта кетейік, чемпионатқа еліміздің 363 спортшысы қатысты. Бәсекеде ерлер арасында 55-100 келі және одан жоғары, ал әйелдер арасында 48-77 келі және одан жоғары салмақ дәрежесінде өзара мықтылар анықталды. «Қараша айының 4-6 аралығы Астана қаласында өтетін үздіктердің үздігі жарысы өтеді. Сол жарыста әр салмақ бойынша рейтингте сегіздікке кірген балуандар белдеседі. Сол…

Read More

CaspianLife, 13 қазан — Атырау облысының ауыл шаруашылығы басқармасына жаңа басшы тағайындалды деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі. Ауыл шаруашылығының басшысы болып Салауат Өтеғұлов тағайындалды. Ол Орал еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясының «Әлемдік экономика» мамандығы және Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетінің «Құқық» мамандығын тәмәмдаған. Еңбек өтілі: 06.2001 – 08.2002 жылдар аралығында Индер ауданы «Есбол» АҚ-да слесарь; 08.2006 – 10.2007 жылдар аралығында Атырау облысы дене тәрбиесі және спорт басқармасының бас маман; 10.2007 – 02.2008 жылдар аралығында Атырау облысы экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінің бюджеттік жоспарлау бөлімінде уақытша бас маман; 02.2008 – 04.2008 жылдар аралығында Атырау облысы экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінің экономикалық…

Read More

CaspianLife, 13 қазан — Атырауда 20-ға жуық кәсіпорын еңбек дауына байланысты әкімшілік жауапкершілікке тартылды деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі. Мәселен, «Интер Таско», «Gold Construction», «Вест Дала», «КМГ-Секьюрити» және басқада мекемелерде жұмысшылардың еңбек қауіпсіздігінің бұзылуы, еңбекақының уақтылы төленбеуі, еңбекақы мөлшерін арттыру, халықты жұмыспен қамту саласында бірқатар құқықбұзушылықтар анықталып, 1000-нан астам жұмысшының құқықтары қорғалды. Атырау прокуратурасы оларға 586 млн теңге көлемінде жалақысын өндірілуін қамтамасыз етпек. Одан бөлек, облыс прокуроры Бауыржан Жұмақанов біліктілік талаптары мен лауазымдары сәйкес келмейтін 200-ден астам шетел жұмысшыларының рұқсаттары кері қайтарылды және заңсыз еңбек қызметін жүзеге асырған 18 шетел азаматы Қазақстан Республикасы аумағынан депортациялау арқылы шығарылғанын мәлімдеді.

Read More

CaspianLife, 13 қазан — Атырауда 6 білім беру мекемесінің тұсында  сағатына 40 шақырым жылдамдық режимі іске қосылады. Бұл туралы қалалық ПБ-ның баспасөз қызметі хабарлады. Жоспар бойынша Азаттық даңғылы бойында орналасқан М.Мөнкеұлы атындағы №6 орта мектеп, Т. Амандосов көшесінде орналасқан С. Мұқашев атындағы политехникалық колледжі, А. П. Чехов атындағы №14 орта мектеп, М. Өтемісұлы көшесінде орналасқан №17 мектеп лицейі және Атырау индустралдық колледжі атындағы политехникалық колледжі тұстарында орналасқан «Сергек» аппараттық — бағдарламалық кешені сағатына 40 шақырым жылдамдық режиміне іске қосылады. «Жаяу жүргінші қатысуымен жол көлік оқиғаларын алдын алу мақсатында аталған білім беретін ұйымдардың тұстарына «Сергек» аппараттық-бағдарламалық кешені орнатылып, сағатына 40 шақырым…

Read More

CaspianLife, 12 қазан — Атыраудағы ерекше балаларды дамыту орталығы биыл қыста жылусыз қалуы мүмкін. Былтыр сенімгерлік басқаруға берілген нысан көпқабатты ғимараттың жертөлесінде орналасқан. Қазіргі таңда аталмыш орталықта мүмкіндігі шектеулі жүздеген бала білім алады. Мекемеге келетін балалар саны көбейіп жатқандықтан, орталық орналасқан үй-жайға демеушілердің көмегімен кеңейту жұмыстары жүргізілді. Алайда, қыс жақындап келе жатқанына қарамастан мекеме орталық жылу жүйесіне қосылмаған. Сондықтан, балаларды дамыту орталығының өкілдері жергілікті әкімдікке үміт артып отыр. Ал, қалалық әкімдіктегілер жылумен қамту «Атырау жылу жүйелері» АҚ-ның құзырында екенін айтады. Бірақ, қаланың оң жақ бөлігіндегі жылу желілеріне қосылған абоненттердің шамадан тыс көп болуына байланысты «Зейін-Атырау» мекемесіне техникалық шарт алу қиын…

Read More

CaspianLife, 12 қазан — Атыраулық дәрігерлер 6 айында дүниеге келген сәбиді аман алып қалды. Бұл туралы Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады. Бөбектің анасы Перизат Қайырбаева сәбиінің салмағы 725 грамм, бойы 30 см болып дүниеге келгенін айтады. Оның сөзінше, шақалақтың өкпесінен қан кетіп, іріңдеген. Өмір мен өлімнің арасында жатқан нәрестеге қысқа уақыт ішінде төрт мәрте қан құяды. Оның үстіне жүрегі дұрыс жетілмегендіктен, бала тым әлсіз болған. «Атырау қалалық перзентханасынан қызым екеуміз тура үш ай өткенде ғана шықтық. Осындай қиын кезде баламды аман алып қалу үшін барлық мүмкіндіктерді пайдаланып, сәбиімнің өміріне араша болған дәрігерлер Гүлзейнеп Дюсуповаға, Әсел Каукеноваға, Гүлжан Шаймердиноваға, Кәмшат…

Read More

CaspianLife, 12 қазан — Атырауда мектептердің бірінде «жарылыс болады» деген ақпаратты кім таратқаны белгілі болды деп хабарлайды облыстық ПД-нің баспасөз қызметі. Анық болғандай, мұндай жалған ақпаратты сол мектептің 14 жастағы оқушысы таратқан. Қалалық полиция басқармасы білім алушының ата-анасын шақыртып, тергеу-тексеру жұмыстарын бастады.

Read More