CaspianLife, 13 қазан — Атырау облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының бұрынғы басшысы Ақылбек Рысқалиев антикордың тапсырмасымен Бақытгүл Хаменоваға қарсы жалған куәлік бергенін мойындады.
Оның сөзіне сенсек, «БАЛҚЫТУ» ЖШС басшысы Өміртай Адамов «Ұлық ұлыс – Алтын орда» конференциясына демеуші ретінде өзіне 5 млн теңге көлемінде ақша ұсынған.
Алайда, Рысқалиев ол жерде антикордың қызметкері бірнешеу болған соң, тапсырманы нақты кім бергені есімде жоқ дейді. Сондай-ақ, тергеу барысында айғақ ретінде көрсетілген видеоларда ыммен сөйлесуі де департамент өкілдерінің тапсырмасы болып шықты.
Рысқалиев күні бүгінге дейін өзі антикор тарапынан ешқандай қолдау көрмеген соң, шыңдықты жариялауға бел буғандығын айтады. Сондықтан, судьядан бүгінгі айтқан сөздерін басшылыққа алуды сұрады.