CaspianLife, 5 қазан — Атырау қаласының әкімі Мейірім Қалауи Түркия делегациясымен кездесті. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Әкімдіктің кіші мәжіліс залында шаөар басшысы Мейірім Қалауи Мезитли өлкесінің мэрі Тархан Нешет бастаған делегациямен кездесті.
Жиын барысында қала әкімі Атыраудың қазіргі жағдайы мен алдағы даму жоспарлары туралы ақпарат берді. Кейін Тархан Нешет бұл кездесудің Қазақстан мен Түркия елдері арасындағы байланысты нығайтуға мол үлесін тигізетіні тілге тиек етті.
Сондай-ақ, жиында арадағы байланысты нығайту және сол бойынша өзара ынтымақтастықты арттыру үшін қажетті перспективалық мәселелер турасында айтылды. Кездесу соңында түркиялық делегация Жайық жағалауын аралып, естелік суретке түсті.