CaspianLife, 6 қазан — Атырауда Құрманғазы атындағы мәдениет сарайында республикалық Жұмекен оқулары өтті деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.
Шарада белгілі қаламгер Мереке Құлкенов қазылық етті. Олар қатысушыларды көркем мәтінді оқу шеберлігі, дауыс мәнері мен тіл тазалығына, көркем мәтінді таңдау талғамына, сахнада өзін ұстауы бойынша бағалады. Сондай-ақ, шараға Жүмекен Нәжімеденовтың үлкен қызы Айкен Нәжімеденова да қатысты.
Байқауды Алматы облысынан келген Нұрбақыт Аршын жеңіп алды. Бірінші орынды жетісулық Аршы Айдынбекұлы алса, түркістандық Ержан Жолдасов екінші орынды иеленді. Ал, Батыс Қазақстан облысынан келген Васихан Бекзат үшінші орынды қанағат тұтты.