Автор: Сайт әкімшілігі

CaspianLife, 27 қазан — Атыраулық полицейлер 3 күнде 21 мас жүргізушіні анықтады. Бұл туралы облыстық ПД-нің баспасөз қызметі хабарлады. 23-25 қазан күндері аралығында мерекелік демалыс күндері жол сақшылары мас күйде көлік басқарған 21 жүргізушіні анықтап, барлық жүргізушілер  ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 1 бөлігімен әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Мәселен, 26 қазан күні  сағат 02:15 шамасында патрульдік полиция қызметкерлерімен Сәтпаев көшесінің тұсында, Ford Focus маркалы автокөлігі тоқтатылып, тексеріс кезінде аталған автокөліктің 26 жасар жүргізушісінен ішімдіктің иісі сезілген. Медициналық сараптаманың корытындысымен оның женіл дәрежедегі мас екендігі анықталды. Аталған азаматтың көлігі арнаулы тұраққа жеткізіліп, оған  қатысты әкімшілік хаттама жасақталды. Жинақталған іс-құжаттар шешім қабылдау үшін әкімшілік сотқа…

Read More

CaspianLife, 27 қазан — Атырауда екі азамат алкомаркет алдында төбелес шығарған. Бұл туралы облыстық ПД-нің баспасөз қызметі хабарлады. 28 және 27 жастағы екі ер адам 26 қазан күні сағат 01:05 шамасында алкомаркеттердің бірінің алдында төбелескен. Бұны бейнебақылау камерасынан көрген Жедел басқару орталығының қызметкерлері жақын маңдағы патрульдік полицейлерге бағыт берді. Тәртіп сақшылары екі азаматтың мас екендігін анықтап, әкімшілік хаттама толтырды. Олардың біріне 15 315 теңге көлемінде айыппұл салынса, екіншісі 2 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Read More

CaspianLife, 27 қазан — Белгіленбеген жерден жолдан өткен 7000-ға жуық атыраулыққа айыппұл салынды. Бұл туралы облыстық ПД-нің баспасөз қызметі хабарлады. Жол сақшылары жаяу жүргінші өткелінен емес, белгіленбен жерден жолды кесіп өткен 7000-ға жуық тұрғынды анықтап, олардың барлығына 6063 теңге көлемінде айыппұл салды. Сондай-ақ, жаяу жүргіншілерге 1000-нан астам жүргізуші анықталып, олардың әрқайсысы 30 630 теңге көлемінде айыппұл арқалады. «Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді жол жүру ережелерін қатаң сақтауға, жолдардағы жылдамдықты асырмауға, қарсы қозғалыс жолағына шықпауға, қашықтықты сақтауға және маневр жасау ережелерін бұзбауға шақырамыз. Сондай-ақ, жаяу жүргіншілер жолды қатаң түрде белгіленген тәртіпте кесіп өтуі керек екенін еске саламыз», — деді Атырау қаласы полиция…

Read More

CaspianLife, 26 қазан — Атырауда С. Датов көшесі уақытша жабылады деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі. Қайта жаңғырту жұмыстарына байланысты Қабанбай батыр көшесінен Құттығай батыр көшесіне дейінгі аралық 27 қазан 00:00-ден бастап жабылады. «Жұмыстар жоспар бойынша кезең кезеңімен жүргізілетін болады. Туындаған уақытша келеңсіздектерге түсіністікпен қарауларыңыз сұралады», — делінген қала әкімдігінің инстаграм парақшасында.

Read More

CaspianLife, 26 қазан — Назарбаев ұлттық зияткерлік мектебінің түлегі Жүсіпхан Аманмыраз Нью-Йорк тұрғындарының алдында «Ерке сылқым» күйін орындап берді. Видеоны қала мэрі Эрик Адамс инстаграм парақшасына жариялады. «Бүгін біз Қазақстанның тәуелсіздігін тойлау үшін көк туымен бірге Нью-Йорк тұрғындарының жігері мен рухын көтереміз.  Біз әлемге туған қаламыздың алуан түрлілігінің сұлулығын көрсетеміз. Нью-Йорк қаласы деп атайтын таңғажайып экспериментке қосқан үлестеріңіз үшін рахмет», — делінген пост астындағы жазбада. Айта кетейік, домбыра құлағында ойнаған Жүсіпхан Аманмыраз қазір Нью-Йорктегі Purdue университетінде «Бизнес аналитикасы және ақпаратты басқару» мамандығы бойынша білім алуда.

Read More

CaspianLife, 26 қазан — Жылыой ауданында жаңа спорт клубының ашылуы өтті деп хабарлайды аудан әкімдігінің баспасөз қызметі. «Мерген» спорт клубының ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары Әнуар Шәкіров сөз сөйлеп, спортшыларға сәттілік тіледі. Спорт клубы балалар мен жасөспірімдерді аралас жекпе-жек және грэпплингтен дайындайды. Клубта аптасына ауысыммен 100-ден астам жас спортшы ақылы түрде қатыса алады. Балалармен 3 кәсіби жаттықтырушы айналысады.

Read More

CaspianLife, 22 қазан — Атырауда жол апатынан 5 адам көз жұмды деп хабарлайды облыстық ПД-нің баспасөз қызметі. Оқиға бүгін сағат 15:00 шамасында Қызылоға ауданында болды. Сағыз-Миялы облыстық тас жолының 15 шақырымында Toyota Ipsum және Lada Granta автокөліктері соқтығысып, 5 адам көз жұмды. Toyota Ipsum көлігінің 55 жастағы екі алам және 72 жастағы жолаушы қайтыс болса, Lada Granta автокөлігінің 62 және 27 жастағы жолаушылары оқиға орнында мерт болды. Тағы 3 адам ауруханға жеткізілді. ПД-нің дерегінше, барлық жолаушылар мен жүргізушілер Қызылқоға ауданының тұрғындары. Аудандық полиция қызметкерлері оқиға орнында қызмет атқаруда. Жол-көлік оқиғасына қатысты тергеу басталды. Полицейлер жол қозғалысының барлық қатысушыларынан жол қауіпсіздігін…

Read More

CaspianLife, 22 қазан — Атырауда жүк көлік иелеріне 46 млн теңге айыппұл салынды. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК АОФ ұйымдастырған «Жолдағы қабылдау» акциясы аясында «Атырау-Индер» жолының бойында ауыр жүк көліктерінің салмағы тексерілді. «Жол сапасының нашарлауына ауыр жүк көліктерінің белгіленген мөлшерден әлдеқайда артық жүк тасымалдауы әсер етеді. Статистикалық мәліметтер бойынша облыста асфальттың 35% -ы жүк көліктерінің салдарынан тез тозады. Сондықтан жол сапасын сақтау мақсатында жылдың әр мезгілінде ауыр жүк көліктеріне бақылау шаралары күшейтіледі. Заңға сәйкес ауыр жүк көліктерінің салмағы 8 тоннадан асқан жағдайда айыппұл салынады», — деді Жол активтері сапасы ұлттық орталығы» РМК…

Read More

CaspianLife, 22 қазан — Атырауда Республика күніне орай гала-концерт өтеді. Мерекелік концерт 25 қазан сағат 19:00-де Сұлтан Бейбарыс алаңында өтеді. Кеш қонақтары: Марат Оралғазин мен Еркебұлан Мырзабек, Айдана Меденова, Серік Ибрагимов және «Орда»тобы. Сонымен бірге, жергілікті өнерпаздар өнер көрсетеді. Шара соныңда мерекелік отшашу болады.

Read More

CaspianLife, 22 қазан — Атырауда жайдарманшылар мен кикбосшылар арасында футболдан матч өтті. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. Матчты облыстық спорт басқармасы мен Атырау кикбоксинг федерациясы ұйымдастырды. Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысының міндетін атқарушы Нұржауған Төлеуованың құттықтауынан кейін командалар арасында тартысты ойын өтті. «Футбол өте жоғары деңгейде өтті. Бүгінгі кездесу 2 команданың байланысын нығайтады. Осындай жарыстар алдағы уақытта жалғасын табады деген сенімдемін», — деді Атырау кикбоксинг федерациясының аға- жаттықтырушысы Данияр Юсупов. Қос команда да тең түсіп, ойын 1:1 есебімен аяқталды. Пенальти сериясында Атырау кикбоксинг командасы 3:5 есебімен басым түсіп, жеңіске жетті. Айта кетейік шараға қатысушылар, көрермендер мен жанашырлардың…

Read More