CaspianLife, 20 қазан — Атырауда белгісіз біреу 59 жастағы әйелді өз үйінде өлтіріп кетті. Бұл туралы облыстық ПД-нің баспасөз қызметі хабарлады.
Оқиға 19 қазан күні сағат 07:45 шамасында Өркен ықшам ауданында болған. Күдікті өз үйіндегі тұрғынды қылғындырып өлтіріп кетті.
Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды. Сот медициналық-сараптама тағайындалуда. Күдікті іздестірілуде.