CaspianLife, 4 қараша — Атырауда 60 мың АҚШ долларынан астам қаражатты шекарадан өткізбек болған азамат ұсталды. Бұл туралы жергілікті Мемлекеттік кірістер департаменті хабарлады. 3 қараша күні «Атырау-Кутаиси» халықаралық рейсімен ұшу барысында жолаушылардың қол жүктеріне бақылау жүргізу кезінде 30 жасар Қазақстан азаматынан ірі көлемде қаражат анықталды. Нақтырақ айтқанда, тұрғын 60 700 АҚШ доллары, 10 мың рубль және 7 мың теңгені шекарадан әкетпек болған. «Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 14 наурыздағы №830 жарлығына сәйкес, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әкету күніне белгіленген бағам бойынша есептелген және 10 000 (он мың) АҚШ доллары баламасынан асатын сомадағы қолма-қол шетел валютасын және (немесе) шетел валютасындағы ақша…
Автор: Сайт әкімшілігі
CaspianLife, 4 қараша — Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік Комитеті Шекара қызметі Атырау облысы бойынша департаменті еліміздің батыс өңіріндегі мемлекеттік шекараны қорғау және күзету шараларын іске асырып келеді. Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясымен әкімшілік-территориялдық шекарасын қорғау міндеттеліп, бақылау бекеттерінде шекарадан өткізу шараларын қамтамасыз етуде. Аумақтық құрылымдық орналасу жері бойынша департаменттің шекара бөлімшелері мемлекеттік шекараны өзен, құрлық және Каспий теңізі жағалауы арқылы күзетеді. Бүгінде ел ұландарының қызметтік тапсырмаларды орындауына мемлекет тарапынан барлық жағдай жасалған. Шекара бөлімшелерін қорғау күзету және жеке құрам қару – жарақпен қоса соңғы үлгідегі техникалық құралдармен жабдықталған. Барлық шекара бөлімшелері жаңа байланыс құралдарымен толықтырылуда, мемлекеттік шекараны күзетуге қолданатын әртүрлі қызметтік…
CaspianLife, 3 қараша — Атырауда тағы бір жол жабылады. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. “Балықшы-Зарослый” тас жолының бір бөлігі жаңартылады. Сол себепті ұзындығы 500 метр болатын жол учаскесінің бойындағы көлік қозғалысы бүгін түнде тоқтатылмақ. Осыған байланысты жергілікті атқарушы билік уақытша қолайсыздық болатындығы үшін тұрғындардан алдын ала кешірім сұрайды.
CaspianLife, 3 қараша — Осыдан 2 жыл бұрын құрылыс компаниясына үлескер болған 60-тан астам маңғыстаулық отбасы үйсіз қалуы мүмкін. Өйткені, олар ақша салған көпқабатты үйдің құрылыс жұмыстары 8 қабатқа келгенде тоқтап қалған. Алғашында тұрғын үй кешенінің құжаттарымен танысып, көзіміз жеткен соң қаржы салуға келістік деген үлескерлер бұл мәселеге аймақ басшыларының араласқанын қалайды. Ал кешен директоры құрылыс жұмыстарын жүргізуге қажетті негізгі құжаттарымыз болды деп отыр. Бірақ, оны кері алып алған көрінеді. Кешен директоры соттың шешімімен келіспейтінін айтып, аппеляциялық шағым жазбақ. Компанияның үстінен арызданған әкімдік болса, мердігердің құжаттары әуел бастан дұрыс болмады деп отыр. Әкімдік кешен бүгін-ертең сүрілмейді дейді. Компанияға қажетті құжаттарды…
CaspianLife, 3 қараша — Еркінқала 2 ауылының тұрғындары сағызша созылған жол құрлысына наразы. Осыдан төрт жыл бұрын басталған жол төсеу жұмыстары әлі бітер емес дейді олар. Еркінқала 2 ауылында барлығы 48 көше бар. Қазір оның 16-сында ғана негізгі қабат төселген. Ал қалғаны жергілікті атқарушы органдардың айтуынша 2023 жылы бітуі тиіс. Ал ауыл әкімі жол жұмыстарының баяулауына мердігер мекменің ауысуы мен қаржы жеткіліксіздігі себеп деп отыр. Тұрғындар салынған жолдың сапасына да наразы. Себебі күні кеше төселген асфальттың беті қазірдің өзінде шұрқ тесік.
CaspianLife, 3 қараша — Атырауда 30-ға жуық көлікті тонаған ұры қолға түсті. Бұл туралы облыстық ПД-нің баспасөз қызметі хабарлады. Атырауда үш тұрғын қаладағы 29 көліктің бөлшектерін және ішіндегі ақшаларды қолды қылған. Жәбірленушілерге келген залал 2,5 млн теңгені құрайды. Қазіргі таңда күдіктілерге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 188 бабының 3-бөлігінің 2,3-тармақтарына сәйкес барлығы 26 қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
CaspianLife, 3 қараша — Атырауда тегершік жөндеу орталығының алдында тұрған екі көлік өртеніп кетті. Бұл туралы облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметі хабарлады. Өрт туралы құтқарушыларға бүгін сағат 12:12 шамасында қоңырау түскен. Оқиға орнына барған мамандар «Gazelle Nехt» маркалы жүк көлігінің жанып жатөанын анықтады. Кейін жүк көлігінің қасында тұрған «Mercedes» автокөлігі де отқа оранды. Өртті сөндіруге Атырау облысы ТЖД 1 бірлік техникасы мен 5 жеке құрамы жұмылдырылды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрт сағат 12:30 минутта толықтай жойылды. Өрттің себебі анықталуда. «2022 жылы басталғалы автокөліктерде 66 өрт оқиғасы тіркеліп отыр. Құрметті автокөлік иелері! Өз автокөліктеріңізде өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауларыңыз сұралады…
CaspianLife, 3 қараша — «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Атыраудағы филиалының мүшелері басшының өздерімен санаспайтындығына наразы. Айтуларынша, жыл сайын демеушілерден, арнайы ұйымдардан қомақты қаражат бөлінгенмен, оның қызығын бұлар көріп отырған жоқ. «Және мерекелік іс-шаралардан да үнемі шет қаламыз», — дейді зағип жандар. Ал филиал басшысы Аманқос Әбдешев қарамағындағы азаматтармен кездесуге келген жоқ. Жақыны дүниеден озып, сонда жүрген көрінеді. Бірақ, осы жағдайға байланысты телефон арқылы түсінік беруге тырысты. «Көмектескен споносорлардың сәйкесінше олар көмектерін алып отыр. Оны дәлелдейтін ведомство барлығы бар. Манағы спонсор көмектесті, сол көмекті банағы мүмкіндігі шектеулі жандарға список бойынша барлығына үйлестіріп таратып беруге тырысамыз. Олар келіп ведомствоға қол қойып алып…
CaspianLife, 2 қараша — Атырауда анонимді маскүнемдер клубы ашылып, ішімдікке тәуелділіктен зардап шегіп жүрген мүшелерінің алғашқы кездесуі өтті. Олардың арасында ерлермен қатар әйелдер де бар. Жиналғандар арақтан өз беттерінше бас тарту үшін жасап жатқан амалдарымен бөлісті. «Біз Атырауда анонимді осындай клубтың болғанын, дамығанын, сауығуымызға ықпал ететін идеяларымыз бен принциптеріміздің таралғанын қалаймыз. Адамдар ішімдіктің кесірінен өздерін құртпай, тәуелдліктен бас тартып, толықтай айығуларына мүмкіндік бар екенін білулері керек. Себебі маскүнемдіктен айыққанда ғана, адам отбасына оралып жақсы өмір сүре алады», — дейді клуб мүшелерінің бірі. Клуб мүшелеріне қойылар жалғыз талап – ішімдіктен бас тартсам деген ниет. Олардан ешқандай ақы, жарна алынбайды. Көрсетілетін көмек…
CaspianLife, 2 қараша — Атырау қаласы халқының саны алдағы екі жылда 400 мыңға жетеді. Мұны қала әкімі Мейірім Қалауи жиын барысында айтты. Оның сөзінше, алға қарай шаһарға қарасты екі жаңа шағын аудан пайда болады. Бұған демографиялық өсім себеп. Айта кетейік, туу көрсеткіші бойынша Атырау облысы Маңғыстаудан кейін екінші орында тұр. «Қала бойынша үй кешені салынуда. Осыдан 4 жыл бұрын 2018 жылы небәрі 13 тұрғын үй кешені салынды. Соңғы екіжылдықта бұл көрсеткіш 4 есеге өсіп отыр», — дейді қала әкімі Мейірім Қалауи. Бүгінде баспана мәселесін Талғайран шағын ауданындағы көпқабатты үйлерді пайдалануға беру арқылы шешу жоспарлануда. Қазір онда 24 үй салынған. Жұмыстың…
