Президент Атыраудағы өңірдегі инфрақұрылымды сынға алды — CaspianLife ақпараттық порталы
Воскресенье, 26 марта, 2023
Қазақша
Русский
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
CaspianLife ақпараттық порталы
  • Басты бет
  • Қоғам
    • Саясат
    • Білім
    • Құқық
    • Экология
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Әлем
  • Спорт
  • Мұнай-газ
ОНЛАЙН
No Result
View All Result
CaspianLife ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Президент Атыраудағы өңірдегі инфрақұрылымды сынға алды

08.11.2022
Жаңалықтар, Қоғам
0
Атырау-Астрахань тас жолының құрылысы биыл бітпейді

CaspianLife, 8 қараша — Облыстағы жолдардың 77 пайызы ғана орташа күйде. Бұл нашар көрсеткіш. Республикалық маңызға ие тасжолдардың жағдайы да қуантпайды.

Оқи отырыңыз...

ОФ «БолашакК» начал реализацию проекта «Внедрение программы «Раннего вмешательства» в Атырауской области»

ОФ «БолашакК» начал реализацию проекта «Внедрение программы «Раннего вмешательства» в Атырауской области»

24.03.2023
Облыста өкпе дертімен 700 адам есепте тұр

Облыста өкпе дертімен 700 адам есепте тұр

24.03.2023

Құрылысы сағызша созылған «Атырау-Астрахань» тас жолындағы жұмысты сапалы орындап, уақытында тапсыруды үкімет қамтамасыз ету керек. Көптің көкейінде жүрген мәселе өзінің жеке бақылауында екенін президент атыраулықтармен жүздесу кезінде айтты.

«Жалпы, облыстағы шұрқ тесік жолдар талай рет жұрттың сынына ұшырады. Бірақ содан ешқандай нәтиже жоқ, тиісті мекемелер өз жұмысын дұрыс орындамайды. Ауданаралық, облысаралық жолдардың сапасы жақсармаса, аймақтарды дамыту туралы айтудың өзі қиын. Сондықтан, жол құрылысы менің жеке бақылауымда болады», — деді президент.

Алдағы уақытта «Атырау-Доссор» жолымен қатынайтын көліктердің саны артады. Себебі, ұлттық мұнай-химия кешенінің алғашқы кезеңі іске қосылғалы тұр. Сондықтан, мемлекет басшысы бұл жолды 3 санаттан 1 санатқа ауыстыру керек деді. Кездесу барысында су сүзетін екі жаңа станция туралы да сөз қозғалды. Мемлекет басшысының айтуынша, ұзындығы мың шақырымнан асатын «Астрахань – Маңғыстау» су құбырының 80 пайызы әбден тозған. Жаңарту керек.

«Атырау аймағындағы ауылдар бір орталықтан берілетін су жүйесіне қосылмаған. Көптеген елді мекеннің тұрғындары таза суды кейде белгілі бір уақытта ғана алады. Инфрақұрылым желісі әбден тозғандықтан, осындай ахуал қалыптасып отыр. Мысалы, Атырауды және Мақат ауданын сумен қамтамасыз ететін тазарту жүйесі апатты жағдайда тұр. Алдағы 5 жылдан тұщы су тапшылығы 40 пайызға жету мүмкін. Сондықтан үкімет пен облыс әкімдігі сумен қамтамасыз ету жүйесін жаңғыртуға баса назар аудару қажет», — деді мемлекет басшысы.

Өңірдегі каналдардың жағдайы да мәз емес. Биыл тек 3 каналды жөндеуге республикалық бюджеттен қаржы бөлінген. Тағы 11 канал кезекте тұр. Президент каналдардың мәселесін шешу үшін үкіметке қаржы бөлу мәселесін қарастыруды тапсырды. «Өңірдегі энергия тапшылығы шамамен 200 мегаваттқа жетті» деген Қасым-Жомарт Тоқаев ескірген электр желілерін жөндеу үшін республикалық бюджет қол ұшын созу керектігін айтты. «Атырау Жарық» компаниясына айтылған сын-ескертпелер президенттің құлағына жетсе керек, ол бүгінгі жиында егер мекеме жүктелген міндеттерін орындамаса, келісімді бұзу керек деп түйіндеді.

Тегтер: Caspianатыраужарықжолпрезидентсутоқаев
БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Facebook Instagram Youtube Telegram

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

E-mail: caspianlife2050@gmail.com
Телефон: +7 7122 514 084
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Атырау қаласы, Сары-Арқа ш/а, 39-22

© 2020-2022 / Caspianlife.kz /- Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қоғам
    • Құқық
    • Білім
    • Саясат
    • Экология
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Әлем
  • Спорт
  • Мұнай-газ
  • Қазақша
  • Русский
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2020-2022 / Caspianlife.kz /- Барлық құқықтар қорғалған.