CaspianLife, 16 қараша — Атырауда тағы бір жол бөлігі қолданысқа берілді. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. Сырым Датов көшесін қайта жаңғырту мақсатында Керей Исмағұлов көшесінен бастап Сұлтан Бейбарыс мешітіне дейінгі аралық ашылды. «Жұмыстар жоспар бойынша кезең кезеңімен жүргізілетін болады. Туындаған уақытша келеңсіздіктерге түсіністікпен қарауларыңыз сұралады, — делінген әкімдіктің әлеуметтік желісінде.
Автор: Сайт әкімшілігі
CaspianLife, 16 қараша — Атырауда қоғамдық орында мас күйде жүрген 70-тен астам тұлға анықталды. Бұл туралы облыстық ПД-нің баспасөз қызметі хабарлады. Мысалы, 9 қараша күні сағат 20:00 шамасында Атырау қаласындағы №2 учаскелік полиция пунктінің учаскелік полиция инспекторлары өздеріне бекітілген аумақты аралау барысында көп қабатты үйлердің бірінің дәлізінде мас күйде жүрген 1987, 1978, 1985 ж.т. 3 азаматты анықтады. Оларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 440 бабымен (алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу) әкімшілік жауапкершілік көзделіп, әрқайсысына 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды. Мәліметке сүйенер болсақ, Атырау қаласы аумағында жыл басынан бері қоғамдық орындарда мас күйде жүрген 900-ден астам тұлға…
CaspianLife, 16 қараша — Дүкендегі көзіміз үйренген энергетикалық сусындарға деген сұраныс ай сайын емес, күн санап өсуде. Өкінішке қарай, оны ішетіннің дені – жастар. Бірі жұмыс жасауға күш жинағысы келеді, екіншілері жәй ғана дәмі мен иісін ұнатады. «Жұмыстан шаршағанда жиі ішіп тұрамын. 5-10 минутта күші басылып қалады, әлсіздік болып, шаршап деген сияқты. Денсаулығыма әсер етіп жатқан жоқ. Қасымдағы достарымда энергетик ішеді», — дейді тұрғындардың бірі. Қоғамда энергетикалық сусындарды жастарға сатуға тыйым салуды бірнеше рет ұсынылғанмен, әлі күнге нақты бір шешім жоқ. Қазіргі кезде сауда нүктелерінде уақытша күш-қуат беретін сусындар кедергісіз сатылып жатыр. Сатушылардың айтуынша, сұраныстың артқанына байланысты тауар жеткізушілер энергетиктердің…
CaspianLife, 16 қараша — «Мигрант» жедел-алдын алу іс-шарасы аясында көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 30 шетел азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, Атырау қаласының ауданаралық мамандандырылған әкімшілік сотының шешімімен мемлекетімізден тысқары шығарылды. «Қазақстан Республикасындағы консулдық қызметінің күшімен 22 азаматқа «Өз еліне қайтару куәлігі» рәсімделе отырып, азаматтар шекараға дейін арнайы ұйымдастырылған автобустармен жеткізілді. Анықталғандай шетелдік келімсектер Атырау қаласына 2008 жылдары ешқандай құжаттарсыз қоныс аударып, тұрғылықты мекен-жайы жоқ азаматтар қатарына қосылған. Сонымен қатар қайыршылықпен де айналысқаны белгілі болды», – деді, Атырау ОПД Көші-қон қызметі басқармасы бастығының міндетін атқарушы полиция полковнигі Әділжан Жаншин. Полицейлердің сөзінше, заңсыз жүрген шетел азаматтары көбіне қылмыстық қол сұғушылықтың нысанына айналады…
CaspianLife, 16 қараша — Маңғыстау облысында жантүршігерлік жол апаты болды. Куәгерлердің айтуынша, Toyota жүргізушісі қарама-қарсы бағытта шығып, Mercedes-пен соқтығысықан. Соқтығысу салдарынан неміс иномаркасы бірден өртеніп кетіпті. «Toyota жүргізушісі алдымен менің артымда келе жатты, кейін жылдамдығын үдетті. Сағатына 145-150 шақырыммен жүрді. Өте қатты соғылды», – дейді куәгер. Mercedes көлігінің ішінде 2 адам өртеніп кеткен. «Қазіргі уақытта өрт толығымен өшірілді, сол жерде жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Бұл факт ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігі бойынша Мұнайлы аудандық полиция бөлімінде тіркелді», – деп хабарлады Маңғыстау облысы ПД баспасөз қызметі.
CaspianLife, 16 қараша — Татарстан Республикасы Қазан қаласында 11-13 қараша аралығында қоян-қолтық ұрыстан Азия чемпионаты өтті. Дүбірлі додаға 17 елден үздік деген қоян-қолтық ұрыс шеберлері қатысты. «Бұл чемпионатқа мықты спортшылар қатысты. Атыраудың намысын 6 спортшы қорғады. Бізге 18 күн Щучинск қаласында «Жақсы-2» спорт базасында оқу жаттығу жиыны өткізілді», — деді аға-жаттықтырушы Хайдар Есенғалиев. Жарыстың нәтижесі бойынша Алихан Сейтов 73 келі, Бек Насихатов 88 келі, Гүльбану Саматова 64 келі салмақта күміс жүлдеге ие болды. Ал 90 келіден жоғары салмақта Мирас Шантасов, Ерлан Шакишов, 38-49 жас аралағында 97 келіден жоғары салмақта Хайдар Есенғалиев қола жүлдені еншіледі.
CaspianLife, 16 қараша — Атырауда дзюдодан ерлер мен әйелдер арасындағы ел біріншілігі өтіп жатыр. Мұнда 17 облыстан келген 500-ден астам спортшы Қазақстан чемпионы атағы үшін бақ сынасуда. Татами шеберлері 14 салмақ дәрежесінде белдеседі. Доданың алғашқы күнінде әйелдер арасында 48 және 52 келі салмақтағы, ал ерлер арасында 60-66 келідегі жеңімпаздар анықталды. «Осы спорт түрінен жаңадан жақсы спортшылар, жаңа есімдер шығып жатыр. Алдағы уақытта құрама команда жаңартылады. Олармен басқаша жұмыс атқаратын боламыз. Жаңа жұмыстар басталып, келешекте жақсы нәтиже көрсетеміз деп ойлаймын»,-деді Қазақстан дзюдо федерациясының атқарушы президенті Асхат Жіткеев. Өз облыстарының намысын қорғауға келген спортшылар чемпионатқа аз дайындалмапты. Әсіресе, тақымын қысып отырған бапкерлері…
CaspianLife, 15 қараша — Атырауда 32 жастағы шетелдіктің құжатсыз жүргені анықталды. Бұл туралы облыстық ПД-нің баспасөз қызметі хабарлады. Атырау қаласының полицейлері 32 жастағы өзбекстандық келіншек пен оның 1 жастағы баласының құжаттары жоқ екенін анықтаған. Әйел Атырауға осыдан екі жыл бұрын келгенен кейін құжаттарын жоғалтып алған. Былтыр қалалық перзентханасында босанғаннан кейін, еліне қайта алмай, құжатсыз жүріпті. Қалалық полицейлер Өзбекстан Республикасының Елшілігіне аталған азаматшаға еліне қайтару үшін берілетін куәлікті алып беру үшін көмек көрсеткен. Қазіргі уақытта, келіншек өз еліне қайтарылды.
CaspianLife, 15 қараша — Атыраулық спортшы әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады. Қайырберді Айдынбай самбодан әлем чемпионатында 58 келі салмақта өнер көрсетті. Іріктеу кезеңдерінде Қырғызстан, Жапония және Өзбекстан спортшыларын басып озған жерлесіміз финалда ресейлікке есе жіберді. Қайырберді бұл жарысқа 8 ай дайындалғанын айтады. Самбошы бұған дейін тамыз айында Израиль елінде өткен жағажай самбодан әлем чемпионатының және маусым айында Ливанда өткен Азия чемпионатының жеңімпазы атанған еді. Айта кетейік, Бішкек қаласында 11-13 қараша аралғында самбодан ерлер мен әйелдер арасында әлем чемпионаты өтті. Жарысқа әлемнің 50 елінің спортшылары қатысты.
CaspianLife, 15 қараша — Атырауда қазан айында 10 адам табиғи газдан уланды. Бұл туралы қалалық Төтенше жағдайлар басқармасының басшысы Ғабит Бабаев мәлімдеді. Мұндай қайғылы оқиғадан 1 адам қаза тапты. «Жылыту маумысы басталғаннан бері өкінішке орай қаламызда табиғи газбен улану фактісі тіркеліп келеді. Өңірде осындай қайғылы оқиғаны болдырмау үшін басқарма және «ҚазТрансГазАйма» тараптарынан барлық қауіпсіздік шаралары қатаң түрде жасалып отыр», — дейді басқарма басшысы. Биыл осал топтағы отбасыларға улы газды анықтайтын 1500-ге жуық құрылғы орнатылады. Әзірге, 50-ден астамы орнатылған. «Аптаның демалыс күндері арнайы мамандармен тұрғын үйлерді аралап, тексеріс жұмыстарын жүргізіп, тұрғындарға өрт қауіпсіздігінің қағидаларын насихаттап келеміз», — деді Ғ. Бабаев. Осы…
