Автор: Сайт әкімшілігі

CaspianLife, 28 қараша — Атырауда антикор Аққыстаудағы көпбалалы отбасыға арналған 3 тұрғын үй құрылысын бақылауға алды, деп хабарлайды CaspianLife сайты. Облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басшысы Ерлан Досанов Аққыстауға сапары барысында осылай деп мәлімдеді. Антикор ауылдағы 60 пәтерлі 3 қабатты тұрғын үй құрылысында мемлект бюджетін ұрлау қаупі бар екенін анықтаған. Құрылыс барысында Исатай ауданы әкімдігінің лауазымды тұлғалары атқарылған жұмыстар туралы жалған актіге қол қойыпты. Яғни, Тапсырыс беруші төлем жасады, ал барлық 3 тұрғын үй бойынша жұмыс 330 млн теңгеден астам сомаға орындалмады. Департамент нысанды әлі пайдалануға бермегендіктен, жымқырудың алдын алу мақсатында мердігер барлық міндеттемелерді орындауы үшін облыс басшылығының атына хат…

Read More

CaspianLife, 28 қараша — Атырауда Құрманғазы атындағы мәдениет сарайында Жылыой ауданы көркемөнерпаздарының концерті өтті. Мәдени шара қала күні аясында ұйымдастырылды. Мерекелік кешке қала әкімінің орынбасары Нұржан Ермұханов, Жылыой ауданының әкімі Жұмабек Қаражанов және басқа да өңір зиялылары қатысты. Шара соңында әкім орынбасары тұрғындар атынан өнерпаздарға алғыс білдіріп, қала әкімінің атынан гүл шоқтары мен құттықтау хатын табыс етті.

Read More

CaspianLife, 24 қараша — Атыраудағы Береке ықшам ауданындағы отбасылық дәріргерлік амбулатория қолданысқа берілмек, деп хабарлайды CaspianLife. Қала әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сенсек, нысан құрылысының 98% аяқталыпты. Амбулатория қолданысқа берілсе, қалалық емхананың жүктемесі азайып, берекеліктер өз емханаларына жүгінетін болады. Одан бөлек, бұл ғимаратта облыстық жедел медициналық жәрдем орталығының бөлімшесі орналасады. Емханаға соңғы үлгідегі құрылғыларды әкелу арқылы тұрғындарға көрсетілетін қызмет сапасы артатынына сенеміз дейді әкімдік. Жалпы аумағы 775,46 шаршы метрді болатын нысан 1 қабатты. Қазіргі таңда, ішкі әрлеу мен сыртқы абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Айта кетейік, Атырау облысы құрылыс басқармасының тапсырысымен салынып жатқан бұл нысанның құрылысы 2022 жылдың наурыз айында басталды. 2023…

Read More

CaspianLife, 24 қараша — Әлеуметтік маңызы бар жаңа нысанның құрылысы 98-пайызға дайын. Ашылғаннан кейін қалалық емханаға түсетін жүктеме азайып, халық саулығын жақсартуға күш салынады. Сонымен қатар бұл ғимаратта облыстық жедел медициналық жәрдем орталығының бөлімшесі орналасады. Амбулатория соңғы үлгідегі құрылғылармен жарақтандырылады. Бұл тұрғындарға көрсететін қызмет сапасын арттыратыны сөзсіз. «Нысанның жалпы аумағы 775,46 шаршы метрді құрайды. 1 қабатты ғимаратта құрылыс қарқынды. Қазір ішкі әрлеу мен сыртқы абаттандыру жұмыстары жүріп жатыр», — дейді «Salem construction» ЖШС учаске басшысы. Атырау облысы құрылыс басқармасының тапсырысымен салынып жатырған бұл нысанның құрылысы 2022 жылдың наурыз айында басталды. 2023 жылдың қаңтар айында тапсыру жоспарланған.

Read More

CaspianLife, 24 қараша — Облыс орталығындағы №40, 41, 42 мектептерге Ә.Кекілбаевтың, З.Қабдоловтың және Н.Балғымбаевтың есімдерімен аталатын болады. Атырау қаласындағы №40 мектебіне Зейнолла Қабдоловтың, №41 мектепке Әбіш Кекілбайұлының және №42 мектепке Нұрлан Балғымбаевтың есімдері берілді. Бұл туралы күшіне енген үкімет қаулысында жазылған.

Read More

CaspianLife, 24 қараша — Атырауда ауыл шаруашылығы қызметкерлері марапатталды. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. Құрманғазы атындағы мәдениет сарайында ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай арнайы марапаттау рәсімі өтті. Салтанатты шарада ауыл шаруашылығын дамытуда елеулі еңбек етіп, жетістіктерге жеткен сала қызметкерлеріне Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттар табысталды.

Read More

CaspianLife, 24 қараша — Атыраудағы «Салтанат сарайы» ғимаратының тұрағында төтеншеліктердің қыс мезгіліне дайындығы тексерілді.  Оқу-жаттығу жұмыстарымен танысуға облыс әкімінің орынбасары Қайрат Нұртаев және сала мамандары қатысты. Оның мақсаты – қысқы кезеңдегі төтенше жағдайлардың алдын алу. Сондай-ақ азаматтық қорғау жүйесінің басқару органдары мен күштерінің дайындығын тексеру. Іс-шара барысында өрт сөндіру және жедел жәрдем көліктерімен қоса құрал-жабдықтар толықтай тексерілді. Облыс әкімі орынбасары әр қызметтің жұмысымен жеке танысып, дайындығын көріп шықты. «Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері, еліміз бойынша «Қыс-2022» Республикалық командалы-штабтық оқу-жаттығуының дайындығы тексерілуде. Негізгі оқу жаттығу практикасы Жылыой ауданында екі күн бойы өтеді. Қысқы мезгілде барлық жағынан дайын болуымыз керек. Баршаларыңызға сәттілік…

Read More

CaspianLife, 23 қараша — Қызылқоғалық Гүлшат Аралбай ауданында қайтарымсыз грантқа ие болып, кәсібін игеріп отыр. Г.Аралбай Сағыз ауылының тұрғыны. Ол кәсіп ашуды ойластырғанда, жолдасы Нұрбек Сағыз ауылында жоқ өрнектас өндіру туралы ұсыныс айтып, жоба жасақтайды. Сөйтіп, өткен жылы 2 миллион 160 мың теңге грантқа қол жеткізеді. Отағасы Нұрбек Өрісбаев алған қаржыға цехқа қажетті құрал-жабдықтарды алуға жұмыстанады. Ғаламтордан іздеп, жасақталған жобаға сәйкес пластикалық қалыптар, дайындалған ерітінділерді араластыратын екі бетон араластырғыш, қалыпқа құйылған ерітіндінің ауасын шығаруға арналған екі виброүстел, жерді нығыздап тегістейтін бір виброплита және қалыптар сатып алады. Сөйтіп, кәсібін жандандыра түскен олар тұтынушыларға өрнектастан басқа тұрғын үйлер мен ғимараттарға заманауи полифасад…

Read More

CaspianLife, 23 қараша — Атырау облысында 552 адам 400 айлық есептік көрсеткіш көлемінде мемлекеттік грант иемденді. «Грант алушылардың басым бөлігі жастар. Ал, 343-і ауыл тұрғыны, 226-сы көпбалалы аналар. Сондай-ақ, грант алғандардың арасында 38 адам мүгедектігі бар адамдарды асыраушылар және 8-і асыраушысынан айырылғандар», — деді облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Азамат Мәмбетов. Бизнес-жоспарын ұсынып, өз кәсібін бастағандардың бірі Айбек Орынғалиев. Ол құрылысқа қажетті монолитті көбікбетон өндіруді қолға алған. «Қазіргі таңда құрылыс саласы дамып келеді. Өзімнің осы салаға қызығушылығым болғандықтан, монолитті көбікбетонның дайындалуын зерделедім. Осы көбік бетонның енді дамып келе жатқанын ескеріп, осы бағытты кәсібіме айналдырғым келді. Мемлекет…

Read More

CaspianLife, 23 қараша — Бүгін, аймақ басшысы Серік Шәпкеновтің төрағалығымен Атырау облысы әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөнінде ведомоствоаралық комиссияның кезектен тыс отырысы өтті. Жиынға құқық қорғау органдарының басшылары, басқарма басшылары мен қала, аудан әкімдері селекторлық режимде қатысты. Күн тәртібіне қойылған алғашқы мәселе — сыбайлас жемқорлық тәуекелдері картасы туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті басшысы Ерлан Досанов баяндама жасады. Жүргізілген мониторинг нәтижесінде «Тухлая балка» буландыру алаңы мен «Ерік Мостовой» дренаж жүйесінің проблемасы анықталған. «Экология департаментінің мәліметіне сәйкес, соңғы бес жылда Атырау облысында экологиялық ахуалмен байланысты 47 оқыс оқиға орын…

Read More