CaspianLife, 12 желтоқсан — Индерде мамандар вейп, ерте жүктілік, суицидтің алдын алу тақырыбында кәмелетке толмағандармен кездесу өткізді. Акушер-гинеколог Оңай Арыстанова ерте жүктілік, оның зардабы, ал психиатр-нарколог Мұрат Орақов электронды темекі тартудың зияндылығы туралы сөз етті. «Мектеп жасындағы жүктілікті айтып жатырғанымыз бірінші рет емес. Осы тақырып5-6 жылдан бері айтылып жүрген өзекті мәселе болатын. Себебі жасөспірімдер арасындағы жүктілік азайып келе жатырған жоқ. Өткен 20 жылы мектеп жасындағы жүктіліктің 4 жағдайы болатын болса, 21 жылы 8 жағдай тіркелді. Биылғы жылдың 11 айы ішінде 3 жасөспірім қосылып отыр. Және 17-18 жастағылар емес көбіне 14-16 жастағы қыздар», — деді акушер-гинеколог Оңай Арыстанова. Индер ауданындағы 30…
Автор: Сайт әкімшілігі
CaspianLife, 12 желтоқсан — Атыраулықтарға IPhone алып беруге уәде беріп, 5 млн теңгені жымқырған 45 жастағы алаяқ ұсталды, деп хабарлайды Caspian Life. ПД-нің баспасөз қызметі хабарлағандай, тұрғындарға алаяқтық туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілгенмен, алданып қалатындар азаймай келеді. Мәселен, биыл 23 қараша мен 3 желтоқсан аралығында 45 жастағы әйел адам 34, 18 және 27 жастағы қала тұрғындарын «Iphone 13 Pro» смартфонын арзан бағаға алып беремін деп 3 868 000 теңге көлемінде қаражат жымқырған. Ол одан бөлек, 31 жастағы атыраулыққа тұрмыстық техника алып беремін деп 1 598 500 теңгесін заңсыз иемденген. Полицейлер күдіктіні анықтап, қолға түсірді. Қазіргі таңда, оған қатысты ҚР КҚ-нің 190…
CaspianLife, 9 желтоқсан — Кәсіпкерлер өңір инфрақұрылымының дамуына үлес қосуда. Солардың бірі – Елшібек ауылынан салынған футбол алаңы. «Еділ-Орал.кз» компаниясының қаржылай қолдауымен бой көтерген нысан құрылысы 1 ай бұрын басталған еді. Бүгін салтанатты түрде ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды CaspianLife. Компания басшысы «жергілікті балалар арасында футболға деген қызығушылықтың жоғары екендігін» байқаған соң алаң сыйға тартуды ұйғарыпты. Алаңның жоғары жағына тор жабындысы тартылып, жарық та орнатылған. «Бұл да бір – мереке! Елшібек тұрғындарын футбол алаңының ашылуымен құттықтаймын. Осы алаңнан еліміздің атын әлемге танытатын Роналду мен Месси секілді футболшылар шығады деп сенемін», — «Еділ-Орал.kz» компаниясының басшысы Серік Амангалеев. Бұған дейін жоқтан бар…
CaspianLife, 8 декабря — Прайс-лист на оказания услуги по изготовлению и размещению PR материалов на информационном портале «Caspian Life».
CaspianLife, 7 желтоқсан — Биыл Жылыойда 1600-ге жуық адам жұмыспен қамтылды. Бұл туралы Жылыой ауданының әкімі Жұмабек Қаражанов мәлім етті, деп хабарлайды CaspianLife. «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөнінде «Ұлттық жоба» бағдарламасы бойынша 10 ай қорытындысына сәйкес жұмыспен қамту орталығына жұмыс іздеуші ретінде 4177 жұмыссыз тіркеліп, 1574-і жұмыспен қамтылған. «Оның 942-і тұрақты, 632-і уақытша жұмыспен қамтылды. Бағдарлама шеңберінде әлеуметтік жұмыс орнына 51 адам, жастар тәжірибесіне 176 түлек, ақылы қоғамдық жұмысқа 364, алғашқы жұмыс орнына 35, ұрпақтар келісім шарты бойынша 6 адам жолданды. Сонымен қатар, Теңіз кенішіндегі Келешек кеңею жобасының үшінші буын зауытының құрылыс жұмыстары азаюына байланысты 793 адам жұмыстан босатылған.…
CaspianLife, 7 желтоқсан — Биыл Жылыойда 62 095 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл туралы Жылыой ауданының әкімі Жұмабек Қаражанов «Жылыой ауданының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы» туралы баспасөз брифингінде мәлім етті, деп хабарлайды CaspianLife. Осы жылдың 10 айында аудан бойынша негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар көлемі 1 триллион 719 миллиард теңгені құрап, нақты көлем индексі – 102,4% болды. «Құрылыс жұмыстарының көлемі 677 миллиард теңгені құрап, былтыр осы кезеңмен салыстырғанда 27,6% артық орындалып отыр. Ауданда 62 095 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Өткен жылы бұл көрсеткіш 58 792 шаршы метр болатын. Оның ішінде халық қаражаты есебінен салынған үй 57 838 мың…
CaspianLife, 7 желтоқсан — Атыраулық таевкондошылар әлем чемпионатынан жеңіспен оралды, деп хабарлайды, CaspianLife. Иран астанасы Тегеран қаласында 23-29 қараша аралығында таеквондодан әскерилер арасында CISM әлем чемпионаты өтті. Дүбірлі додаға әлемнің 20-дан астам елінен 300 спортшы, ҚР қарулы күштер командасының атынан 11 спортшы қатысты. Қазақстан ұлттық құрамасы сапында 3 спортшы қыздарымыз өнер көрсетті. Сәуле Сардарова бастаған Атырау облысының қыздар командасы, яғни 57 келіде Мария Севостьянова алтын, 49 келіде Нұрай Бауыржанова күміс және 73 келіде Жансель Дениз қола жүлдеге ие болды. «Атырау облысынан 3 спортшы қатысты. Осы чемпионатқа екі ай дайындалдық, бірнеше мәрте оқу-жаттығу жиындары өтті. Бұған дейін халықаралық жарыстарға да қатыстық.…
Caspianlife, 7 желтоқсан — Маңғыстауда мектеп жетіспейді. Әсіресе Ақтау мен Бейнеуде. Қазіргі уақытта аймақта 17 мектеп үш ауысымда жұмыс жасайды, деп хабарлайды Caspianlife. Одан бөлек екеуі апатты деп танылған. Білім басқармасы бұл мәселе 2025 жылға қарай шешілуі мүмкін екенін айтады. Өйткені алдағы үш жыл ішінде 24 білім ошағын салу жоспарланып отыр. «Келесі жылы 15 мектептің құрылысы басталады, олар 2024 жылы пайдалануға берілсе, одан кейін 24-ші жылы 9 мектеп салынады. Әрине, 2026 және 2027 жылдары ашылатын мектептер әлі де жоспарланатын болады», — дейді Маңғыстау облыстық білім беру басқармасы басшысының орынбасары Гүлмира Мамаева. Мұнда ұстаздар да жетіспейді. Бірақ жастардың осы мамандыққа деген…
CaspianLife, 7 желтоқсан — Мақат ауданында сыбайлас-жемқорлықтың алдын алуға бағытталған кешенді іс-шара соңғы үш жылда жүргізілмеген, деп хабарлайды CaspianLife. Басты себеп мемлекеттен қаржының бөлінбепті. Бұл туралы ауданға іс сапармен келген ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы Ерлан Досанов айтты. Ол аудан активі және қоғамдық кеңес мүшелерімен кездесіп, атқарылған жұмыстар және алдағы жоспарларымен бөлісті. Және 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының ережелерін түсіндірді. «Департаментпен мемлекеттік сатып алу порталындағы сатып алу рәсімдерінде бағаны жасанды көтеру фактілерін анықтау мақсатында жүйелі түрде мониторинг жүргізіліп отырады. Ағымдағы жылы Департаменттің ықпал етуімен Мақат ауданы бойынша мемлекеттік мекемелерімен жоғары баға…
CaspianLife, 7 желтоқсан — Атырауда «Сарап» клубының ұйымдастыруымен «Қазақстан дамуының жаңа дәуірі» атты тақырыпта жиын өтті, — деп хабарлайды CaspianLife. Оған саясаттанушылар, қоғам белсенділері, Қазақ Қоғамдық даму институтының студенттері мен сарапшылары қатысты. Жиында Қазақстандағы ауқымды өзгерістер жайлы сөз қозғалды. Яғни онда ел Президенті ұсынған жаңа саяси реформалар, оларды жүзеге асырудың тиімді жолдары, әлеуметтік-экономикалық даму, халықтың әл-ауқатын арттыру мәселелері талқыланды. Сарапшылардың айтуынша елде қолға алынған бұл өзгерістердің бірден бір себебі биылғы қаңтар оқиғасы. «Біз 30 жыл тәуелсіздігімізді алатын болсақ. Тәуелсіздігіміздің алғашқы жылдары негізінде демократияның нарық белгілері болды. Ол енді сіздердің естеріңізде барма, жоқпа білмеймін, бірақ сол кездің өзінде мысалы «Егемен Қазақстан»…
