CaspianLife, 19 желтоқсан — Атырауда тәуелсіздік күніне орай 2010-2011, 2012-2013 жылғы балалар арасында жүзуден ашық чемпионат өтті. Жарысқа қалалық 200 жас спортшы қатысты, деп хабарлайды Caspian Life. Турнир басталмай тұрып осы жылы республикалық жарыстар мен чемпионаттарда жақсы нәтижемен көзге түскен 11 жүзуші марапатталды. Ұйымдастырушылардың сөзінше, мұндай байқаулар спортшылардың кәсіби машығын арттыру үшін ұйымдастырылады. «Мұндай турнирлер бізде жылсайын өтеді. Осы арқылы спортшыларымыз республикалық жарыстарға, чемпионаттарға және Азия жарыстарына дайындығын арттырады. Бұл қалалық жарыста жеке клубтар қатысуда. Мысалы олардың қатарында Infinity, world class сияқты орталықтар бар. Және жаңаөзендіктерде бізге қонаққа келді», — дейді ұйымдастырушылардың бірі Ернұр Кулиев. Жарыста бақ сынағандардың бірі -…
Автор: Сайт әкімшілігі
CaspianLife, 19 желтоқсан — Атырауда борышкерлерге арналған бос жұмыс орны жәрмеңкесі өтті, деп хабарлайды Caspian Life. Азаматтарды жұмыспен қамту орталығы мен әділет департаменті бірлесіп ұйымдастырған іс-шараға 19 жұмыс беруші қатысып, 481 вакансия ұсынды. Мекемелерге әсіресе сылақшы, монтаждаушы, көлік жүргізушілері қажет. Ұйымдастырушылар үш айдан бері алимент төлемеген атыраулықтарды жұмыспен қамту орталығына тіркелуді міндеттеп, жәрмеңкеге шақырды. Іс шараға алимент берешегі бар тұрғындардың 15 пайызы қатысты.
CaspianLife, 19 желтоқсан — Атырауда республикалық «Шабыт» қолөнершілер фестивалі өтті, деп хабарлайды Caspian Life. Тәуелсіздік күніне орайластырылған іс-шараға жергілікті 35 шебер қатысып, көпшілік назарына өздері жасаған түрлі бұйымды ұсынды. Ұлттық нақыштағы киім-кешек, аксессуарлар мен басқа да заттар атырулықтардың көңілінен шықты деуге толық негіз бар. Оған фестивальді тамашалауға келгендердің көп болғаны да дәлел. Фестивальде қолөнершілер жәрмеңкесінен бөлек, концерттік-мерекелік бағдарлама мен отандық дизайнерлердің сән көрсетілімі болды. «Мұндай шаралар ары қарай да жалғасын табады. Кейін басқа қалаға барамыз. Сондай-ақ, шетелдерге де шықсақ деймін», — дейді ұйымдастырушы Гүлшара Жұбаева. Қолөнер — туризмнің ажырамас бөлігі. Себебі, елімізге келген туристер табиғатты тамашалап, көрікті жерлерді көріп қана…
CaspianLife, 14 желтоқсан — Атырауда биология пәнінен Халел Досмұхамедов атындағы облыстық олимпиада өтті. Оған облыстағы орта мектептердің 30 оқушысы қатысты, деп хабарлайды CaspianLife. Балалар жылына орайластырылған олимпиаданың басты мақсаты – Халел Досмұхемедовтың биология саласына қосқан үлесін, өмірі мен шығармашылығын насихаттау. 11 сынып оқушылары 90 минуттың ішіне өздеріне берілген тапсырманы орындап, білім деңгейлерін көрсетті. «Олимпиданың нәтижелері darynatyrau.kz сайтында жарияланады. Сондай-ақ, ата-аналар мен ұстаздар аталған сайттан барлық баланың жұмысын көре алады. Қазіргі уақытта, жаратылыстану-математикалық бағытта Атырау облысының көрсеткіші орташа деңгейде. Осы бағытта түрлі жобалар іске асуда», — дейді «Таланттарды анықтау және қолдау орталығының» директоры Руслан Сарбалин. Олимпиада қорытындысына сәйкес, үздіктердің үздігі атанған…
CaspianLife, 17 желтоқсан — Тәуелсіздік күні қарсаңында қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, күні-түні қызмет етіп жүрген тәртіп сақшылары ұлығыланды. Облыстық департамент, қалалық басқарма және аудандық бөлімдердегі үздік тергеуші, анықтаушы және криминалистер арнайы марапатқа ие болды, деп хабарлайды Caspian Life. Үздік атанған полицейлердің ата-аналарына департамент бастығының алғыс хаты және естелік сыйлық табыс етілді. Қошемет пен құрметке қарапайым атыраулықтар да бөленді. Олар — Қайсарлығымен қалың жұрттың аузында жүрген сегіз жасар Жаңбырбай Дінмұхаммед пен суға түсіп кеткен досын құтқарған Аралбай Таңат және 18 қараша күні Баймұханов көшесінде үш көліктің қатысуымен болған жол-көлік оқиғасы кезінде машина астында қалған азаматты шығарып, алғашқы медициналық көмек көрсеткен Алмас…
CaspianLife, 17 қараша — Геолог шағын ауданы мен Қайыршақты ауылдық округіне қарасты Связист, Құрылыс, Беймахис, Геофизик бау-бақша қауымдастығының тұрғындары электр желілерін жаңартуды сұрайды. Өйткені жүргізілгеніне ондаған жыл болған желілер сын көтермейді, адам өміріне қауіп төндіріп тұр, деп хабарлайды Caspian Life. Amanat партиясының Атырау облыстық жанындағы партиялық бақылау комиссиясының кезектен тыс отырысында «Беймахис» бау-бақша қауымдастығының төрағасы Әліп Ғұмаров былтыр қауымдастықтың аумағындағы 500 метр электр желісінің ауыстырылғанын айтты. Алайда тағы 2 шақырымы қалып тұр. Қайыршақты ауылдық округінің әкімі Шапхат Қалиев мәселе тез арада шешілмейді деп отыр. Өйткені, қолданыстағы заңда бюджеттен бау-бақша қауымдастықтарына жол салып, жарық жүргізуге қаржы бөлу қарастырылмаған. Мәселені шешуге мемлекет…
CaspianLife, 17 желтоқсан — Атырауда №9 Ш.Уәлиханов атындағы орта мектептің ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік тұғыры-биікте» атты оқушылар арасында спорттық слет өтті, деп хабарлайды Caspian Life. Мақсаты – жасөспірімдердің спортқа деген құлшынысын арттыру. Іс-шараға 80-ге жуық оқушы қатысты. Талай жетістікті бағындырып жүрген жеңімпаздар мақтау қағаздарымен марапаттады. Спортық слеттің өткізілуіне мектептің жас оқытушылары атсалысқан. Мектеп әкімшлігі оларға да алғыс хат табыстады. «Оқушылар түрлі қалалық, аймақтық жарыстарда талай жетістіктерге жетіп жүр. Сол балаларды марапттап, түрлі шараларды да өткізіп жүрміз», — дейді ұстаздардың брі Талғат Иманбаев.
CaspianLife, 17 желтоқсан — Ғабдол Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасында «Артық ғылым кітапта» атты оқырман бенефисі өтті, деп хабарлайды Caspin Life. Іс шара жыл бойы атқарылған жұмысты қорытындылау мақсатында ұйымдастырылған. Оқырмандар «Бір қазан сүт» ертегісінің желісі бойынша қойылған спектакльді және кітап көрмесін тамашалады. Кітапхана басшысының айтуынша қазіргі уақытта қор жастардың сұранысына ие кітаптармен толықтырылуда. «Балалар түрлі кітаптарды ұнатады. Сондықтан, олардың тарапынан сұраныстар да әр түрлі. Біз оларды барынша қанағаттандыруға тырысып жүрміз», — дейді кітапхана басшысы Сара Ізмұханбетова. Мәдени іс шара оқушыларға арналған интеллектуалды ойынмен жалғасты. Балалар логика, спорт және грамматикадан білімдерін сынады. «Менің анам да кітапханашы болып жұмыс істейді.…
CaspianLife, 15 желтоқсан — Қазіргі кезде облыс орталығында жылусыз отырған үй жоқ. Мұны қала басшысы Мейірім Қалауи айтты. Оның сөзінше, тоңып жүрміз деп шағымданған Тұлпар, Нұрсая мен Болашақ ықшам аудандарындағы 13 көпқабатты тұрғын үйдегі жылу және ыстық су желілерінің қуаттылығын арттыру үшін қосалқы 3 жылу қазандығы сатып алынған. Қазір іске қосу жұмыстары жасалып жатыр. «Осы уақытқа дейін 3 қазандық резервсіз болды. Нұрсаяда болған жағдайға байланысты да резервтік қазандық болмағаннан кейін жылу беру мүмкіндігі болмай қалғанын мойындаймыз. Алдымызда қыстың бірнеше айы бар. Оған біз дайынбыз. КОЖД мекемесі резервтік қазандықтарды 1-2 күнде орнатып, іске қосып қояды», — дейді қала басшысы Мейірім Қалауи.…
CaspianLife, 15 желтоқсан — Атырауда белгілі меценат, қоғам қайраткері Маруся Асаубаева атындағы креатив орталығы ашылды, деп хабарлайды Caspian Life. Салтанатты іс шараға Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай-газ университетінің оқытушылары мен студенттері және сала ардагерлері куә болды. Орталықта кітапхана, open space пен компьютерлік бөлмелер, 650 орындық конференц зал орналасқан. Бұл жер студенттер мен оқушылардың бос уақытын тиімді өткізетін орынға айналмақ. Олар орталыққа тегін кіре алады. Айтпақшы шетелдік кітапханалардың сандық қорына да осы жерден табуға болады. «Мұндай орталықтар студенттерге көп пайдасын тигізеді. Бір жағынан демалыс орны, екінші жағынан белсенді білім алушылардың жиналатын орнына айналады», — дейді студенттердің бірі Шыңғыс Алшынов. Үш қабаттан…
