CaspianLife, 6 желтоқсан — Атыраудағы 109 бірыңғай байланыс орталығына биыл 860 мыңнан астам арыз, шағым түсіпті. Және олардың 99,7 пайызы шешімін тапқан, деп хабарлайды Caspian Life.
Мұндағы қызметкерлер халықтың өтінішін тек телефон арқылы емес, әлеуметтік желі арқылы да қабылдайды.
«Инстаграм, фейсбук әлеуметтік желілерінде бармыз. Сонымен қатар, 109 қысқа нөмеріне 24/7 тәулік бойы хабарласа алады. Хабарласқан әр тұрғынның қоңырауы жазылады. Орындалуға жолданады. Орындалуы бақыланады. Және кейін өтінім орындалып болғаннан кейін тұрғынмен кері байланыс орнатылады», — дейді 109 бірыңғай байланыс орталығының баспасөз хатшысы Гүлдәурен Тілегенов.
Атыраудағы 109 бірыңғай байланыс орталығына биыл 860 мыңнан астам арыз, шағым түсіпті. Және олардың 99,7 пайызы шешімін тауыпты.
«Бірыңғай байланыс орталығына хабарласып, мәселемді шештім. Сұрақтардың бәріне жауап береді», — дейді тұрғындардың бірі.
109 бірыңғай байланыс орталығы осыдан екі жыл бұрын ашылды. Содан бері тұрғындардан бір миллионға жуық арыз қабылданыпты. Қазір орталыққа күніне 250-300 адам хабарласады. Ал күні -түні телефон шалатын халыққа орталықтағы 33 маман қызмет көрсетеді.
АБ, АК, ҚК, КН