Биыл «Теңізшевройл» ЖШС қолдауымен 600 балаға бағыт-бағдар берілді — CaspianLife ақпараттық порталы
Четверг, 8 июня, 2023
Қазақша
Русский
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
CaspianLife ақпараттық порталы
  • Басты бет
  • Қоғам
    • Саясат
    • Білім
    • Құқық
    • Экология
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Әлем
  • Спорт
  • Мұнай-газ
ОНЛАЙН
No Result
View All Result
CaspianLife ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Қоғам Білім

Биыл «Теңізшевройл» ЖШС қолдауымен 600 балаға бағыт-бағдар берілді

14.12.2022
Білім, Жаңалықтар
0
Биыл «Теңізшевройл» ЖШС қолдауымен 600 балаға бағыт-бағдар берілді

Caspianlife, 14 желтоқсан — Биыл Атырау облысындағы 14-17 жас аралығындағы 600 оқушы «Кәсіптік бағдарлау – болашағыңды таңда да, басқар» жобасына қатысып, мамандық таңдауға бағыт алды, деп хабарлайды Caspianlife.

Оқи отырыңыз...

Атырауда интернет арқылы жасалған алаяқтық өршіп тұр

Атырауда интернет арқылы жасалған алаяқтық өршіп тұр

07.06.2023
Облыстағы кәсіпорындар жылына 160 млн. текше метр су тұтынады

Облыстағы кәсіпорындар жылына 160 млн. текше метр су тұтынады

07.06.2023

Жуықта жобаның 5 легі қорытындыланып, оған қатысқан 200 оқушыға сертификат берілді. Жылдың соңғы легіне қатысқандардың арасында «Шаңырақ» отбасы үлгісіндегі балалар ауылындағы 15 бала мен 4 ерекше оқушы да бар.

Онлайн өткен марапаттау рәсіміне «Теңізшевройл» компаниясының өкілдері, жоба тәлімгерлері, оқушылар мен олардың ата-аналары қатысты. Барлығы келешек ұрпақтың маңызды таңдау жасауына ықпал ететін жобаға қатысқандарына дән риза.

«5-потокты аяқтаған оқушылардың бірімін. Жобаға көптеген ақпараттар берді. Көптеген тренингтар өтті. Тренингтердің маған берген пайдасы өте көп. Соның бірі – эмиоциналды интелект туралы.  Осындай мүмкіндік беріп жатқан ТШО компаниясына көп рақмет!  Бірінші білгенім – өзіңе сену, өзінді тани білу. Ата-анаңның айтқан мамандықтарын емес, ата-анаңа айтып, түсіндіріп, болашағыңды көздеуді түсіндім», — дейді оқушы Дильназ Нәжіметденова.

Оқушылар алдымен кәсіптік бағдар беру тестін тапсырып, нәтижесіне сәйкес жеке жеке консультация алды. Сонымен қатар, олар «Болашағыңды таңда да, басқар», «Эмоционалды интеллект» және «Тиімді оқыту» тақырыбындағы тренингтерге қатысып, өздері үшін жеке даму жоспарын әзірледі. Шетелде білім алу және грантқа түсу бойынша оффлайн кездесулер өткізілді.

«Неге 14-17 жас аралығы деп айтатын болсақ, осы аралықта балалардың қызығушылығы көп оянады. Болашақта кім боламын деген сұрақ мазалай бастайды. Көп жағдайда мамандық таңдауға ата-ананың ықпалы тиіп жатады ғой. Бұл жобаны іске асыруда тек бала емес, ата-анасы бірге жұмыс жасайды. Олармен психологиялық тұрғыдан психологиялық жұмыс жасалады», — дейді Integrity кәсіптік бағдар беру жобасының менторы Бақытгүл Аймағанбетова.

Жобаға қатысу тегін. Сабақтар қазақ және орыс тілдерінде өтеді. Менторлар, тренерлер балалармен ресми түрде қоштасса да, байланысты үзбейді. Оқушыларды вебинарларға, оффлайн-онлайн кездесулер мен экскурсияларға шақырады. Жасөспірімдерге болашақ мамандығын таңдау мәселесінің өзектілігін жергілікті атқарушы орган да түсініп, жобаға қолдау көрсетуде.

«Жоба былтырғы жылы басталған болатын. Жобаның септігі, көмегі балаларға тиіп жатқанын түлектердің өздерінен де естіп отырмыз. Және алдағы уақытта мұндай жобалар өте қажет деп есептейміз», — дейді Атырау облыстық білім беру басқармасы басшысының орынбасары Айнагүл Дүйсекенова.

«Кәсіптік бағдарлау – болашағыңды таңда да, басқар» жобасына қатысуға ниеттілер уақыт өткен сайын көбейіп келеді. 2 жылдан бері қолға алынған жоба Жылыой, Құрманғазы аудандары мен Атырау қаласында тұратын 800 оқушының болашағының іргетасын қалауға көмектескен. «Теңізшевройлдың» қаржылай қолдауымен жүзеге асырылып жатқан жобаның басты мақсаты — мектеп оқушыларының мықты жақтары мен потенциалдарын анықтап, мамандық таңдауға көмектесу.

Тегтер: атыраужаңалықтарТШО
БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Facebook Instagram Youtube Telegram

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

E-mail: caspianlife2050@gmail.com
Телефон: +7 7122 514 084
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Атырау қаласы, Сары-Арқа ш/а, 39-22

© 2020-2022 / Caspianlife.kz /- Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қоғам
    • Құқық
    • Білім
    • Саясат
    • Экология
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Әлем
  • Спорт
  • Мұнай-газ
  • Қазақша
  • Русский
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2020-2022 / Caspianlife.kz /- Барлық құқықтар қорғалған.