Автор: Сайт әкімшілігі

CaspianLife, 16 қаңтар — Атырау облысында 567,7 шақырым жылу желісі бар. Қазір аталған желінің 58,7 пайызы тозған, деп хабарлайды CaspianLife. Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Серікқали Қанапиннің дерегіне сүйенсек, облыстағы желілердің жартысынан астамы тозған. «Атырау облысының аумағында 567,7 шақырым жылу жүйесі бар. Жылу желілерінің тозу деңгейі 58,7 пайызды құрап отыр. Ал, 14 352 шақырым электр желілерінің тозу деңгейі 40 пайызға жеткен. Сумен жабдықтайтын 4 263 шақырым құбырдың 29 пайызы тозған. Аталған мәселені шешу үшін Табиғи монополияларды реттеу комитетінің ұсынысы арқылы инвестициялық бағдарламалар шеңберінде жұмыстар жүргізіліп жатыр», — деді Серікқали Қанапин. Табиғи монополияларды реттеу комитеті Атырау облысы…

Read More

CaspianLife, 16 қаңтар — ҚР Парламенті сенатының депутаттығына Атырау облысынан Әлібек Нәутиев сайланды, деп хабарлайды CaspianLife. Ол сенатта қаржы және бюджет комитетінің мүшесі болған Ғұмар Дүйсембаевтың орнына барады. Сенбіде өткен сайлау кезінде Әлібек Нәутиев сайлаушылардың 81 даусына ие болды. Ал Ғилман Сәрсемалиев 6, Бағыт Шеркешбаева 30 дауыс алды. Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясындағылардың айтуынша, бір депутат бәріне қарсы дауыс берген. Сайлауға өңірдегі 132 депутаттың 119-ы қатысты. «Аудан бойынша 12 депутат. Жұмыс ауыстыруына, басқа да өзгерістерге байланысты күні бүгінге дейін 9 депутат келіп, сайлауға қатысып отыр. Әрине, бұл сайлау Қазақстан елінің алдағы болатын жақсылықтарының бастамасы деп білеміз. Аудан көлемінде көтеріліп жүрген…

Read More

CaspianLife, 16 қаңтар — Бұл туралы облыстық Құрылыс басқармасы басшысы Нұрберген Құсайынов мәлім етті, деп хабарлайды CaspianLife. Бүгінде Атырау қаласындағы Ақжар ауылындағы 600 орындық орта мектептің құрылысы қарқынды жүргізілуде. Үш қабатты мектептің құрылыс жұмысы 2020 жылы басталған болатын. 2,9 гектар жерге орналасқан үш қабатты білім ордасының мердігер мекемесі «Бекболатовтар Құрылыс компаниясы» ЖШС. Ғимараттың жалпы ауданы 8478,7 шаршы метр. Нысанның аумағы қоршалған және негізгі ғимараттың орналасуы, дене шынықтыру-спорт, демалыс, оқу-тәжірибе, экономикалық болып аймақтарға бөлінген. «Мектеп ғимараты жарылыс және өрт қауіпсіздігі жөніндегі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып жобаланған. Мектеп жобасы заманауи үлгіге сай жасақталынған. Мұнда оқу кабинеттері, интерактивті тақтайшалармен және технологиялық жабдықтармен…

Read More

CaspianLife, 16 қаңтар — Иранда қорғаныс министрінің бұрынғы орынбасары Әли-Реза Әкбар дарға асылды, деп хабарлайды CaspianLife. Әли-Реза Әкбарда Иран және Ұлыбритания азаматтығы болған. Ол 2019 жылдан бері қамауда отырған. Оған «Британ барлау қызметіне тыңшылық жасап, сол үшін екі млн доллар сыйақы алды» деген айып тағылған. BBC-дің Иран қызметінің хабарлауынша, Әкбар азапталғаннан кейін тағылған айыпты мойындаған. Ұлыбритания премьер-министрі, сыртқы істер министрі де істің саясиланғанын айтты. Франция билігі де Иранның бұл әрекетін айыптаған.

Read More

CaspianLife, 16 қаңтар — Непалдың Покхара қаласында ішкі рейс ұшағы апатқа ұшырап, 72 адам қаза тапты, деп хабарлайды CaspianLife. Ұшақ бортында 68 жолаушы және экипаждың төрт мүшесі болған. Бұл – елде кейінгі бес жылға жуық уақытта болған ең ірі апат. Непал азаматтық авиация басқармасының өкілі Джаганнатх Нирула күннің ашық болғанын атап өтті. «Кеме Сети шатқалынан әуежаймен таңғы сағат 10:50-де (Гринвич уақыты бойынша 05:05) байланысқа шықты», — делінген авиациялық мекеменің мәлімдемесінде. Содан кейін ұшақ апатқа ұшырады. «Ұшақ екіге бөлініп, жартысы тау баурайында, қалған жартысы өзен шатқалына құлап кетті», — деді жергілікті тұрғын Арун Таму. Hindustan Times газетінің хабарлауынша, апатқа ұшыраған бортта…

Read More

CaspianLife, 16 қаңтар — Ресей армиясы Днепрде көпқабатты тұрғын үйлердің бірін атқылады, деп хабарлайды CaspianLife. Атыс салдарынан 20 адам қаза болып, 68 адам жараланған, 12-сі – бала. Ең кішісі үш жаста. Үйінді астынан 38 адам шығарылған, құтқару жұмыстары жүріп жатыр. Ресей билігі оқиғаға түсініктеме бермеді. Украина әскерінің хабарлауынша, Днепрдегі көпқабатты тұрғын үйге теңіздегі ірі кемелерді жоюға арналған Х-22 ракетасы түскен. Олардың айтуынша, мұндай ракетаны әуе шабуылынан қорғайтын жүйе атып түсіре алмайды. «Тұтас аудан өмір сүруге қажет жүйелердің барлығынан ажыратылды» — деді Днепр мэрі Борис Филатов. Бір күн ішінде Ресей армиясы осымен Украина аумағын екінші рет атқылап отыр. Сенбі күні таңертең…

Read More

CaspianLife, 12 қаңтар — Атыраулық Алтынай Төлеген WAF AWARDS жүлдесін жеңіп алды, деп хабарлайды CaspianLife. Македония астанасы Скопье қаласында вокал әлемінде тамаша оқиға өтті. 9 қаңтарда өткен Дүниежүзілік фестивальдер қауымдастығы вокалдық байқауына «WAF CONTEST-2023» 16 елден 32 үміткер қатысты. Бұл жарыста Қазақстанның атынан Алтынай Төлеген қатысып, 2 орынды иеленді. Алтынай сонымен қатар 2022 жылы WAF 12 үздік вокалистінің арасында WAF AWARDS сыйлығын жеңіп алды. Бұл номинацияда Алтынай MDFI ALMALY.KZ-2022 бас жүлдесінің иегері ретінде Қазақстанның атынан шықты. ️ «WAF AWARDS» сыйлығына әлемнің түкпір-түкпірінен музыка саласында үлкен жетістіктерге жеткен вокалисттердің 12 баласы, соның ішінде Алтынай Төлеген таңдалды. Бұл сыйлық жас таланттарға екінші…

Read More

CaspianLife, 11 қаңтар — Бүгін Атырауда ҰБТ басталады, деп хабарлайды CaspianLife. 10 ақпанға дейін өтетін тестілеу — ақылы. Ал, мемлекеттік және жергілікті грантқа ие болғысы келетін түлектердің мамыр-маусым айында өтетін ҰБТ-ға міндетті түрде қатысулары қажет. «Бітіруші түлектер жылына 4 ҰБТ тапсырады. Қаңтар, наурыз және тамыз айларындағы ҰБТ мен мектеп бітіруші түлектер ақылы негізде оқуға түсуге мүмкіндік алады. Және бұл тестілеу ақылы болып табылады. Мемлекеттік грант және басқа да жергілікті грантты алу үшін түлектер мамыр және маусым айларындағы тестілеуге міндетті түрде қатысуы керек және ол тегін болып табылады» — деді Атырау облыстық білім беру басқармасы басшысының орынбасары Айнгүл Дүйсекенова. Ұлттық бірыңғай…

Read More

CaspianLife, 11 қаңтар — Қоғамдық орында біреуді балағаттағаны үшін салынатын айыппұл мөлшері бірден 4 есеге өсті, деп хабарлайды CaspianLife. Енді көшеде бейәдеп сөздерді айтқан тұлғаға 69 мың теңге көлемінде айыппұл салынып, 30 тәулікке дейін қамауға алынуы мүмкін. Заң наурыз айынан бастап күшіне енбек. «Осыған дейін 17 мың тг яғни 5 АЕК көлемінде айыппұл салынып және 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынса, наурыздан бастап ұзақ бұзақылық үшін, оның ішінде жекенін қадір-қасиетіне нұқсан келітертін балағат сөздер айтқаны үшін 69 мың тг яғни, 20 АЕК көлемінде айыппұл салынады. Ұсақ бұзақылық дерегі бойынша кез келген уақытта 102 операторына хабарласуға болады, өзінің учаскелік инспекторын шақыруға болады…

Read More

CaspianLife, 10 қаңтар — Ауа-райының қолайсыздығына орай 10-11 қаңтар күндері бастауыш сынып оқушылары ғана емес, 5-11 сыныптардың оқушылары on-line форматында қашықтан оқиды, деп хабарлайды CaspianLife. Сондай-ақ, колледж студенттері де осы қатарда. Мұны облыстық білім беру басқармасының баспасөз қызметі хабарлады. Өйткені алдағы күндері ауа температурасы 30 градусқа дейін төмендейді деген болжам бар.

Read More