CaspianLife, 18 қаңтар — KPI компаниясы Қытайдың мемлекеттік даму банкінен алған қарызын өтей бастады. Қазіргі кезде компания банкке 75 миллион АҚШ долларын төлеген, деп хабарлайды CaspianLife.
Жалпы мекеме 2016 жылы «Атырау облысында интеграцияланған газ-химия кешенін салу» жобасын қаржыландыру үшін көрші елдің даму банкінен 2 млрд. АҚШ долларына жуық қаржыны несиеге алған еді. Өткен жылдың қарашасында іске қосылған кәсіпорын күні бүгінге дейін 42 мың тоннаға жуық полипропилен өндірген. Оның 39 мың тоннасын экспорттапты.