Ауру шыққан мектеп оқушыларының ата-аналары сабақты онлайн өткізуді талап етуде — CaspianLife ақпараттық порталы
Понедельник, 27 марта, 2023
Қазақша
Русский
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
CaspianLife ақпараттық порталы
  • Басты бет
  • Қоғам
    • Саясат
    • Білім
    • Құқық
    • Экология
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Әлем
  • Спорт
  • Мұнай-газ
ОНЛАЙН
No Result
View All Result
CaspianLife ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Ауру шыққан мектеп оқушыларының ата-аналары сабақты онлайн өткізуді талап етуде

25.01.2023
Жаңалықтар, Қоғам
0
Ауру шыққан мектеп оқушыларының ата-аналары сабақты онлайн өткізуді талап етуде

CaspianLife, 25 қаңтар — Қаладағы №21 Жамбыл атындағы орта мектеп оқушыларының ата-аналары балалардың онлайн оқу тәртібіне көшіріліп, мектеп ғимаратының зарарсыздандырылуын талап етуде, деп хабарлайды CaspianLife.

Оқи отырыңыз...

ОФ «БолашакК» начал реализацию проекта «Внедрение программы «Раннего вмешательства» в Атырауской области»

ОФ «БолашакК» начал реализацию проекта «Внедрение программы «Раннего вмешательства» в Атырауской области»

24.03.2023
Облыста өкпе дертімен 700 адам есепте тұр

Облыста өкпе дертімен 700 адам есепте тұр

24.03.2023

Оған туберкулезбен ауыратындығы белгілі болған оқу орны басшысының іс-әрекеті себеп. Өйткені директор өзінің сырқаты туралы біле тұра, жұмысқа келіп-кетіп жүрген.

«Мен мектептің дұрыстап тұрып зарарсыздандырылуын талап етемін. Ғимарат таза, ұстаздардың бәрі сау демей көңіліміз жайланбайды. Және мұны эпидемиологтардың растауы қажет. Ал оған дейін балаларды сабаққа жіберудің мәні жоқ деп есептеймін» — деді ата-ана Гүлнар Өтебалиева.

«Біз балаларымыз үшін алаңдап отырмыз. Мектеп директорының мыңнан астам оқушының тағдырын еш ойламастан, ауырғанын ешкімге айтпай үйде емделуі мүлде ақылға сыймайды. Ал балалар жұқтырып алса не болмақ? Менің балам 13 те. Оны рентгенге түсіруге болмайды екен. Ал енді оның Кох таяқшасын жұқтырған-жұқтырмағанын қалай білемін?» — деді ата-ана Леонид Ким.

Ал эпидемиологтар өздерінің тарапынан мектептің залалсыздандырылғанын айтады. Науқаспен қарым-қатынаста болған 125 қызметкер флюорографиялық тексеруден өткен.

«Басқармамыздың тарапынан ошақ анықталды екі жерде . Біреуі мектеп болып саналады. Біреуі үй болып саналады. Сол ошақтарға қортыныды дезинфекция жасауға №129 шы санитарлық бұйрықпен санитарлық қаулы шығарып ол каулыны лабораторияға жібердік. Сол лабораторияға тапсырма ретінде берілді каулы. Соның негізінде мектеп директорының орынбасарымен барып мектеп дезинфекця жасалды. Негізінде флюграфиялық тексеріс мұғалімдер бір жыл сайын өтуге тиісті. Бірақ енді өзінің денсаулығына қарай ұстанатын болса, қорқам десе алты ай сайын тексерілуге болады. Басқа да тест бар. Диаскент тест дейміз оны да тапсыруға болады» — деді Атырау қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы басшысының орынбасары Мұрат Хамзин.

Бұл мәселеге келгенде қалалық және облыстық білім беру басқармасының басшылығы – басын құмға тыққан түйеқұстың әрекетін жасап, тып-тыныш отыр. Тіпті балаларының денсаулығына алаңдап, ала өкпе болып жүрген ата-аналармен кездесуді көп көргені өз алдына, телеарна тілшілерінің сауалдарын да жауапсыз қалдырды. Ал «мектеп басшылығынан рұқсат жоқ» деген күзетшінің іс-әрекеті мынау.

Айтпақшы облыстың бас ұстазы «ақсақ қой түстен кейін маңырайды» дегеннің керімен арада бақандай 4 күн өткенде ғана мектепте ата-аналармен жиылыс өткізбек. Бейресми ақпаратқа сүйенсек, өзінің іс-әрекетімен ел-жұртты шулатқан директор мырза қазір Алматыда емделіп жатыр. Тыныш жатпай, өзіне қатысты ақпараттың жалған екендігін айтып, оны таратқандарды сотқа бермек ниеті бар көрінеді.

Тегтер: атыраужаңалықтарқоғам
БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Facebook Instagram Youtube Telegram

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

E-mail: caspianlife2050@gmail.com
Телефон: +7 7122 514 084
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Атырау қаласы, Сары-Арқа ш/а, 39-22

© 2020-2022 / Caspianlife.kz /- Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қоғам
    • Құқық
    • Білім
    • Саясат
    • Экология
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Әлем
  • Спорт
  • Мұнай-газ
  • Қазақша
  • Русский
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2020-2022 / Caspianlife.kz /- Барлық құқықтар қорғалған.