CaspianLife, 24 қаңтар — Маңғыстаулық жүргізушілер шетелдік нөмірлі көліктерін тіркеуге асығып жатыр, деп хабарлайды CaspianLife.
1 күннің ішінде орталық қызметкерлерінің көмегіне 100-ден астам жүгінген. Мамандар болса сағаттап кезек күтпей, өтінішті онлайн форматта да беруге болады дейді.
«Барлық қызмет көрсету орталыққа онлайн өтінім беруге болады. Еговмобайл мобильді қосымша арқылы» — деді «Азаматтарға арналған үкімет» МК» КЕ АҚ МОФ директорының орынбасары Манарбек Сейілов.
Жүргізушілердің басым бөлігі көліктерін тіркеу кезінде қиындықтарға тап болғанын айтады. Әсіресе, Армениядан машина сатып алғандар. Енді олар көліктерін өзімізге есепке қою үшін Арменияға қайта барып, мемлекеттік тіркеуден щығарулары тиіс. Полицейлер мұндай киындықтың туындауына Арменияның өтініштерді интернет арқылы қабылдамайтындығы себеп дейді.
«Қазіргі уақытта Армения республикасы көлік жүргізушілерінің өтінішін онлайн қарамайды. Яғни, ол елге барып қана көлікті тіркеуден шығару керек.Басқа амал жоқ» — деді Маңғыстау облыстық ӘПБ аға автоинспекторы Нұрпейіс Қадыров.
ІІМ шетелдік нөмірлі көліктерді елімізде тіркеу үшін 4 талап қойып отыр. Ең алдымен автокөлік Қазақстан Республикасының аумағына өткен жылдың 1 қыркүйегіне дейін әкелініп, өз елінен тіркеуден шығарылуы керек. Және іздеуде болмауы қажет. Сондай-ақ кедендік одаққа кірмейтін елдерден әкелінген темір тұлпарлар кедендік тазарту рәсімінен өткізілуі тиіс.