Ұлыбританиядағы қонақүйлерден 200 босқын бала жоғалды — CaspianLife ақпараттық порталы
Понедельник, 27 марта, 2023
Қазақша
Русский
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
CaspianLife ақпараттық порталы
  • Басты бет
  • Қоғам
    • Саясат
    • Білім
    • Құқық
    • Экология
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Әлем
  • Спорт
  • Мұнай-газ
ОНЛАЙН
No Result
View All Result
CaspianLife ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Әлем

Ұлыбританиядағы қонақүйлерден 200 босқын бала жоғалды

25.01.2023
Әлем, Жаңалықтар, Оқиға
0
Ұлыбританиядағы қонақүйлерден 200 босқын бала жоғалды

CaspianLife, 25 қаңтар — Ұлыбританияның ішкі істер министрлігіне қарасты қонақүйлерге орналастырылған 200 босқын бала із-түзсіз жоғалып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқи отырыңыз...

ОФ «БолашакК» начал реализацию проекта «Внедрение программы «Раннего вмешательства» в Атырауской области»

ОФ «БолашакК» начал реализацию проекта «Внедрение программы «Раннего вмешательства» в Атырауской области»

24.03.2023
Облыста өкпе дертімен 700 адам есепте тұр

Облыста өкпе дертімен 700 адам есепте тұр

24.03.2023

Бұған дейін Observer басылымы өз дереккөздеріне сілтеме жасап, босқын балалар Ұлыбританияның Ішкі істер министрлігіне қарасты қонақүйлер маңында ұрланғанын жазған.

«Ішкі істер министрлігінің бұл қонақүйлерден пана іздеген балаларды ертіп жүруінсіз ұстауға құқығы жоқ. Біз олардың кейбірі із-түзсіз жоғалып кеткенін білеміз», — деді Ұлыбритания ішкі істер министрінің орынбасары Саймон Мюррей.

Ол із-түзсіз жоғалғандар тізімінде қазіргі уақытта 200 бала бар екенін айтты. Вице-министр олардың 88 пайызы Албания азаматтары екенін атап өтті.

Британдық ІІМ 2021 жылдың шілдесінде қонақүйлермен келісім-шарт жасай бастады. Содан бері Ла-Манш арқылы ата-анасыз келген балалар елдегі муниципалды мекемелерге ауыстырылғанға дейін қонақүйлерде орташа есеппен 18 күн болды.

Үкіметтік емес ұйымдар балалардың қонақүйлерден жоғалып кетуіне қатысты талай рет алаңдаушылық білдіріп, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ІІМ-не көмек көрсетуді ұсынса да, үкімет бұл ұсыныстарды қабылдамады.

Тегтер: әлем жаңалықтарыжаңалықтарұлыбритания
БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Facebook Instagram Youtube Telegram

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

E-mail: caspianlife2050@gmail.com
Телефон: +7 7122 514 084
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Атырау қаласы, Сары-Арқа ш/а, 39-22

© 2020-2022 / Caspianlife.kz /- Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қоғам
    • Құқық
    • Білім
    • Саясат
    • Экология
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Әлем
  • Спорт
  • Мұнай-газ
  • Қазақша
  • Русский
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2020-2022 / Caspianlife.kz /- Барлық құқықтар қорғалған.