CaspianLife, 13 қараша — Бүгін сағат 15:00-де Атырау қаласы Орталық көпірден белгісіз әйел адам секіріп кеткен, деп хабарлайды CaspianLife. Хабарлама түскен бойда шақырту орнына шұғыл жеткен Атырау облысы ТЖД Жедел құтқару жасағының құтқарушылары Айдаров Берікқали, Ануарбеков Ернар мен Бағыт Айдынның жедел әрекетінің нәтижесінде суға батып бара жатқан азаматша аман-есен құтқарылды. Құтқарушылар 24 жастағы әйелді жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды. Қазір жағдайы бір қалыпты, дәрігерлердің бақылауында. Құтқару жұмыстарына Атырау облысы ТЖД 3 құтқарушысы, 1 қайық жұмылдырылған.
Автор: Сайт әкімшілігі
CaspianLife, 13 қараша — Кеше, 12 қараша күні сағат 18:00 шамасында Жедел басқару орталығының қызметкерлері көпірден өз-өзіне қол жұмсамақ болып, суға секіргелі тұрған азаматты байқады, деп хабарлайды CaspianLife. Атырау облысы ПД мәліметінше, оқиға орнына патрульдік полиция батальоны қызметкерлері Данабек Сақуов және Болатбек Азимов 3 минут ішінде жеткен. Полиция келгенше оқиғаға бейжай қарамаған тұрғындар да көмекке келген. 31 жастағы Батыс Қазақстан облысының тумасымен профилактикалық сұхбат жүргізіліп, шұғыл құтқарылды.
Бүгін, 11 қараша күні Қазақстан аумағының басым бөлігінде қолайлы метеорологиялық жағдай сақталады. Оның ішінде Атырауда ауа сапасы біршама нашарлайды. «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі таратқан мәліметке сенсек, 11 қараша, сенбі күні еліміздегі қалалардың басым көпшілігінде метеорологиялық ахуал бірқалыпты болады.
Маңғыстау облысы ІІД Экстремизмге қарсы күрес басқармасының қызметкерлеріне «Ж» есімді азаматтың бекіре балық уылдырығын сату және сақтаумен айналысқаны туралы жедел ақпарат келіп түсті. Полиция арнайы жедел әрекет ету жасағы қызметкерлерімен бірлесіп, бекіре балық уылдырығын анықтап, тәркіледі. Мұнайлы ауданы, Атамекен ауылындағы «Тойота Ипсум» маркалы автокөліктен 6 пластик қорапқа салынған жалпы салмағы 3 келі 150 грамм уылдырық табылды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап. Полицейлер осы фактіге қатысты 33 жастағы ер адамды ұстады. Бұл факті ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабтың 1-бөлігі бойынша Мұнайлы ауданының СДТБТ тіркелді. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде. Басқа мәліметтер тергеу мүддесі үшін жарияланбайды.
Caspian Life, 11 қазан. Елімізде қызылша ауруының эпидемиологиялық жағдайы күрделенсе де, балабақшалар мен мектептер карантинге жабылмайды. Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Вакцинамен басқарылатын инфекцияларды бақылау басқармасының басшысы Нұршай Әзімбаеваның сөзінше, қызылша – вакцина арқылы бақыланатын ауру. «Қызылшадан туындаған эпидемиологиялық жағдайға байланысты балабақшалар мен мектептер карантинге жабылмайды. Өйткені бұл вакцина арқылы басқарылатын ауру», – деді Нұршай Әзімбаева. Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда 727 мектерте балалар қызылша жұқтырған. Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Зәуре Ахметова үкімет резервінен қызылшаға қарсы тағы 1 млн доза екпе сатып алынатынын мәлімдеген еді. Айта кетейік, денсаулық сақтау министрінің орынбасары, бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Айжан Есмағамбетова қызылша ауруы Қазақстанның барлық…
2020-2022 жылдары Атырау қаласының әкімі болған Қайрат Оразбаевты Атырау облыстық прокуратурасының қызметкерлері ұстады. Экс-әкім қазір тергеу абақтысында отыр. Қайрат Оразбаевқа қылмыстық кодекстің «алаяқтық» бабы бойынша айып тағылған. Бұл туралы Атырау облысының прокуратурасы ресми түрде хабарлады. Естеріңізге сала кетейік, биыл қыркүйектің соңында қалалық әкімдікке қарасты бірнеше бөлімнің экс-басшылары ұсталған еді. Оларға элиталық ықшам аудандардағы 30-ға жуық жер телімін заңсыз берген деген айып тағылған. Тергеу мәліметіне қарағанда экс-шенеуніктер жекеге берілмейтін учаскелерді оңды-солды таратып, талан-таражға салыпты. Нәтижесінде, мемлекетке 1,1 миллиард шығын келген. Мұны сол кезде Бас прокуратураның тапсырмасы бойынша тексеріс жүргізген прокурорлар мәлімдеген еді. Енді бұл үшеудің ісінің экс-әкім ісімен байланысы бар ма,…
Каспий теңізінде заңсыз балық аулауға қарсы күрес жұмыстары жалғасып жатыр. «Биыл біздің министрлік пен Ішкі істер министрлігі Жайық-Каспий бассейнінің акваториясында браконьерлікпен күрес жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған бірлескен жоспар бекітілді. Жоспар аясында бірлескен рейдтер жүргізіліп, теңізде бақылау күшейтілді. Нәтижесінде заңсыз балық аулаған 691 құқық бұзушы әкімшілік жауапқа тартылды, 13 млн теңгеге жуық айыппұл салынды, 46 қылмыстық іс қозғалды. Қорғауды күшейту үшін Жайық-Каспий инспекциясының материалдық-техникалық базасы жетілдіріліп жатыр», — деді Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев ОКҚ-де өткен брифингіде. Оның айтуынша, балық браконьерлігімен күрес жұмыстары жалғасв береді.
Мақат ауданында иппотерапия орталығы ашылды. Бәйгетөбе ауылдық округінде жұмысын бастаған жобаны мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында «ҮМІТ – HOPE – НАДЕЖДА» және «Ұлттық спорт» қоғамдық қоры жүзеге асыруда. Орталықтағы 1 дәрігер және 3 нұсқаушы маман 25 ерекше балаға 2 ай бойы тегін қызмет көрсетпек. Жоба авторларының айтуына қарағанда жылқы терапиясынан өту үшін дәрігерлердің нұсқаулығы қажет. Ем-дом арнайы үйретілген аттың көмегімен жасалады. Орталықта негізінен сал ауруына шалдыққан балалар емделеді. Ал мұндай сындай диагнозбен 52 бала өмір сүріп жатыр.
Жылыой ауданында қызылша жұқтырғандар саны 60-тан асты. Мамандардың айтуынша, науқастардың көбі – кәмелет жасына толмаған. Ересектер де жоқ емес. Дәрігерлер аурудың алдын алу үшін екпе алу міндетті деп отыр. Қазір аудан бойынша вакцина салдырғандар саны 2600-ден асты. Ақбота БИСЕНҒАЛИЕВА, Құлсары қаласының тұрғыны Қазіргі ахуалға байланысты, қызылшаға қарсы екпе алып отырмын. Жалпы халыққа айтарым, қызылша өршуіне байланысты, барлық азамат, азаматшалар алуы керек деп ойлаймын. Бұл әр адамның денсаулығына байланысты. Әр адам отбасын, балаларын қорғау үшін алуы керек деп ойлаймын. Ауру өршіп кетпес үшін әрі жағдайды тұрақтандыру мақсатында аудан дәрігерлері халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр
Жақында өткен аудан және облыстық маңызы бар қала әкімдерінің сайлауында Қызылқоға халқының басым дауысына ие болған Қанат Әзмұқанов ресми түрде қызметіне кірісті. Ескі әрі жаңа басшыны активке облыс әкімінің міндетін атқарушы Қайрат Нұртаев таныстырды. Сайлауға қатысқан 10 653 сайлаушының 8556-сы Қанат Әзмұхановқа, 1137-сі Сәндібек Салықовқа дауыс берсе, үшінші кандидат Мағжан Жексеновты 892 тұрғын қолдаған. Қанат Әзмұқанов еңбек жолын жеке компанияда заңгердің көмекшісі болып бастаған. Одан кейін бірнеше «Нұр Отан» партиясының Атырау қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, қалалық мәслихат хатшысы, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаментінің директоры, облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы қызметтерінде болған. 2022…
