Caspian Life, 11 қазан. Елімізде қызылша ауруының эпидемиологиялық жағдайы күрделенсе де, балабақшалар мен мектептер карантинге жабылмайды.
Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Вакцинамен басқарылатын инфекцияларды бақылау басқармасының басшысы Нұршай Әзімбаеваның сөзінше, қызылша – вакцина арқылы бақыланатын ауру. «Қызылшадан туындаған эпидемиологиялық жағдайға байланысты балабақшалар мен мектептер карантинге жабылмайды. Өйткені бұл вакцина арқылы басқарылатын ауру», – деді Нұршай Әзімбаева.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда 727 мектерте балалар қызылша жұқтырған. Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Зәуре Ахметова үкімет резервінен қызылшаға қарсы тағы 1 млн доза екпе сатып алынатынын мәлімдеген еді.
Айта кетейік, денсаулық сақтау министрінің орынбасары, бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Айжан Есмағамбетова қызылша ауруы Қазақстанның барлық аймағында тарағанын мәлімдеген еді.