Автор: Сайт әкімшілігі

CaspianLife, 8 қараша — Кеше сағат 22:00 шамасында Махамбет Өтемісұлы мен Сырым Датов көшесінің қиылысында Лада Гранта маркалы көлік пен мопед соқтығысып қалды, деп хабарлайды CaspianLife. Атырау облысы ПД мәліметінше, 30 жастағы мопед жүргізушісі жедел-жәрдем көлігімен облыстық ауруханаға жеткізілген. Екі көлікке де материалдық шығын келген. Қазір тиісті іс-құжаттары жинақталып жатыр.

Read More

Астанада 7-9 қараша күндері «Маңғыстаудан мың сәлем, Алаш төрі» атты Маңғыстау облысының мәдени күндері өтеді. Елорда төрінде маңғаз мекеннің мәдени жауһарлары жұртшылық назарына ұсынылады. Үш күн бойы өлке өнерпаздары өнер көрсетеді. Мәдени-рухани іс-шаралар аясында астаналықтарға арнап театр қойылымдары сахналанып, Маңғыстаудың мақамды жыр-дастаны, өңір өнімдерінің көрме-жәрмеңкесі, сондай-ақ әдеби-сазды кештер мен салтанатты жиындар ұйымдастырылады. «Мәдениет – дүниенің қан тамыры. Руханиятсыз адам баласы өмір сүре алмайды, қоғам болмайды. Маңғыстаудың мәдени күндері біраздан бері Сарыарқа төрінде өтпеген еді. Бұл рухани тамырымызға жан бітіретін іс-шара болатын шығар деп ойлаймыз. Оның ішінде «Маһамы мүшһүр Маңғыстау» деген керемет жоба бар. Бірінші рет үлкен сахнада орындалады», — деді…

Read More

CaspianLife, 7 қараша — Жоспарлы алдын ала тексеру жұмыстары аяқталғаннан кейін Атырау мұнай өңдеу зауыты (АМӨЗ) жоспарлы қуатында жұмыс істеуде, деп хабарлайды CaspianLife. «ҚазМұнайГаз» (ҚМГ) ұлттық компаниясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгінде кәсіпорын Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің бекітілген жоспарына сәйкес сұйытылған мұнай газын, бензин мен дизель отынын өндіріп, жөнелтуде. Еске сала кетейік, 29 қазанда жоспарлы жөндеу кестесінен бұрын зауыттағы каталитикалық крекинг қондырғысы тұрақты жұмысқа көшкен болатын. Одан бір апта бұрын АМӨЗ-де технологиялық қондырғылардың бірінші кезеңі сәтті іске қосылды. Жоспарлы алдын-ала тексеру жұмыстары (ППР) – жабдықтың тұрақты жұмыс жағдайын сақтау және өндіріс тиімділігін арттыру мақсатында зауытта жыл сайын жүргізілетін процедура. Ағымдағы жұмыс…

Read More

CaspianLife, 7 қараша — Ақтаудағы мұз сарайының құрылысы 10 жылдан бері бітпей тұр, деп хабарлайды CaspianLife. Бұған 3 жыл бұрынғы пандемия, жер теліміне қатысты дау, жемқорлық дерегі, ақырында істің сотта қаралуы себеп. Соның кесірінен хоккейшілер, мәнерлеп сырғанаушылар мен керлингшілер сауда орталығындағы мұз айдынын жалға алып, жаттығып жүр. «Бөлінген ақшаның ұрланғаны анық, енді бізге ешкімнің аз уақытта ғимарат салып бермейтіні де белгілі. Бізді қазір қатты алаңдатып тұрған мәселе жергілікті тренердің жоқтығы. Сол себепті тренерді басқа жақтан шақыртып отырмыз.Федерация ата-анаға түсетін салмақты азайту үшін басқармадан көмек сұрады»,-дейді ата-аналар. Жаттықтырушылардың айтуынша, Ақтауда мұз айдыны тек сауда орталығында бар. Бірақ бұл кәсіби спортшылар үшін…

Read More

CaspianLife, 7 қараша — Қазақстан Үкіметі «Қолжетімді Интернет» ұлттық жобасын бекітті. Премьер-Министр Әлихан Смайылов тиісті қаулыға қол қойды, деп хабарлайды CaspianLife Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ұлттық жоба Мемлекет басшысының республиканың интернет саласын дамыту жөніндегі тапсырмаларын орындау мақсатында қабылданды. Оның негізгі мақсаты – халықты жылдамдығы кемінде 100 Мбит/с кең жолақты интернетпен қамту. «Қолжетімді Интернет» ұлттық жобасы 2024 жылдан бастап 2027 жылға дейінгі кезеңді қамтиды және оны іске асыруға 1,5 трлн теңгеден астам қаражат көзделген. Айта кету керек, бұл соманың көлемді бөлігі, яғни 1,3 трлн теңгеден астамы – бюджеттен тыс қаражат. Жоба аясында айтарлықтай қаражат сымды және сымсыз байланыс инфрақұрылымын дамытуға…

Read More

CaspianLife, 7 қараша — Атырауда микроқаржы кеңсесіне қарақшылық жасаған күдікті ұсталды, деп хабарлайды CaspianLife. Оқиға кеше таңертең болған. 6 қараша күні сағат 11:00 шамасында «102» операторына әйел адам қоңырау шалып, медициналық бетперде киген белгісіз ер адам микроқаржы ұйымының кеңсесіне кіріп, үшкір затпен қорқытып, кассадан ақша алып кеткенін хабарлаған. Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, тексеру барысында Жедел басқару орталығының қызметкерлері Мұса Баймұханов көшесі тұсында медициналық маскамен кеңсеге кіріп, күдік тудырған ер адамды байқап, учаскелік полиция инспекторларына бағыттама берген. Кеңсе қызметкерін үшкір затпен қорқытқан күдікті 341000 теңге тонап, оқиға орнынан бой тасалаған. Полицейлер оқиға орнына жетіп, ер адамды ізін суытпай…

Read More

CaspianLife, 6 қараша — Ұлттық банк 23 қазандағы қаулысымен Төлем карточкаларын шығару қағидаларына, сондай-ақ Қазақстан аумағында оларды пайдалана отырып, операцияларға қызмет көрсетуге қойылатын талаптарға өзгерістер енгізді, деп хабарлайды CaspianLife. Жаңа ережелерге сәйкес банктер төлем картасын пайдалана отырып ақша аудару бойынша төлем қызметтерін көрсетпес бұрын мына тәуекелдер туралы ескертуі керек: үшінші тұлғалардың алаяқтық әрекеттеріне байланысты ықтимал тәуекелдер; үшінші тұлғалардың, оның ішінде өзін мемлекеттік органдардың, құқық қорғау органдарының немесе банктердің қызметкерлері ретінде таныстыратын тұлғалардың ықпалымен (өтініштері бойынша) ақша аударуға байланысты тәуекелдер; ақшаны алушының бастамасы бойынша (шешімі бойывнша) немесе сот шешімі бойынша операцияны тоқтату және ақшаны қайтару мүмкіндігі. Микроқаржы ұйымдары төлем карточкалары бойынша…

Read More

CaspianLife, 6 қараша — Атырау қаласының әкімі Шәкір Кейкін пара спортшыларды қабылдады. Нақтырақ айтқанда, Токио- 2020 паралимпиада ойындарының жүлдегерлерін және қазан айында Қытайда өткен пара Азия ойындарында үздік үштіктің қатарынан табылған спортшылар мен олардың жаттықтырушыларына алғыс хат табыс етті. Және алдағы жарыстар кезінде сәттілік тілеп, үлкен жетістіктің мықты рух пен үздіксіз шынығудың және үлкен еңбектің арқасында келетінін атап өтті. «Қала әкімінің алғысы деп бір адамның деп емес, қала халқының алғысы, қошеметі мен құрметі деп қабылдаңыздар дегім келеді. Себебі, сіздер үлкен додада жүргенде ел болып, барлығымыз тақымымызды қысып, қыздарымыз бен жігіттеріміз жүлделі орын алса екен, үлкен мінберден көрінсе екен, кеуделеріне алтын…

Read More

CaspianLife, 6 қараша — Исатай ауданындағы медицина мекемелеріне жол талғамайтын су жаңа ГАЗель автокөлігі берілді, деп хабарлайды CaspianLife. Жанбай және Нарын, Исатай және Зинеден ауылдық амбулаториялары ортақ бір көлікке ие болса, Тұщықұдық пен Қамысқала ауылдық дәрігерлік амбулаторияларына, Исатай аудандық ауруханасына бір-бір жедел жәрдем автокөлігі табысы етілді. Аталған ауылдардың халқы медициналық мекемелердің балансындағы көліктердің тозығы жеткенін жиі айтатын. Медициналық көмекке зәру әрі тексерістен өтуі тиіс тұрғындардың біраз бөлігі шалғай елдімекендерде тұрады. Сондықтан жол талғамайтын көлік ауадай қажет. – Осы жерден 45 шақырым жердегі Жасқайрат елдімекенін одан ары қарай Бекетай, Каштайдың жолдарындағы Бекайдары бар, 120 – 130 километрдей жерді Жасқайратты қосып алғанда…

Read More

CaspianLife, 6 қараша — Атырау қаласының бұрынғы әкімі Мейірім Қалауи жаңа қызметке тағайындалды, деп хабарлайды CaspianLife. Ол шахар басшысы лауазымынан кеткен соң 4 ай жұмыссыз болған еді. 37 жастағы шенеунік енді «Атырау облысы су арнасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының басшысы болып жұмыс істейді. Мейірім Қалауи — Қызылқоға ауданында дүниеге келген. 2006 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша, ал 2010 жылы РФ Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясын бітірген. Экономика ғылымдарының магистрі. Еңбек жолын 2006-2007 жылдары «Атырау-Ақпарат» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнында бастады. Кейін «Тұран» ЖШС директоры, «Қазақстан» РТРК Атырау облыстық филиалы директорының орынбасары, «Атырау-Ақпарат» КМК төрағасы болып еңбектенді. Одан…

Read More