Автор: Сайт әкімшілігі

CaspianLife, 3 қараша — Қазақстан Палестина халқына 1 миллион доллар көлемінде гуманитарлық көмек береді. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада өтіп жатқан Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) оныншы саммитінде осылай мәлімдеді. «Солтүстікте Ресей мен Украина, Таяу Шығыста Израиль мен Палестина арасында қанды қақтығыс болып жатыр. Ауғанстанның жағдайы да тұрақсыз. Батыста заңсыз көші-қон мәселесі ушығып тұр. Бүгінде Газа секторындағы бейбіт тұрғындар, әсіресе, балалар және қарттар жанжал азабын шегіп жатыр. Олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – басты міндет. Осы орайда, Қазақстаннан Палестина халқына 1 миллион доллар көлемінде гуманитарлық көмек беру туралы шешім қабылдадым» -деді Тоқаев.

Read More

CaspianLife, 3 қараша — Қазір ғимараттың жобалық-сметалық құжатты әзірленіп, инвесторлар тарту жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды CaspianLife. Биыл 1 ақпанда Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің №2 студенттік жатақханасының тұрғындары шұғыл эвакуацияланып, басқа оқу орындарының жатақханаларына көшірілген еді. 1972 жылы салынған ескі жатақхана ғимаратының қабырғасына сызат түскендіктен студенттер шұғыл көшуге мәжбүр болды. Кейін ғимаратты Атырау облысы бойынша мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау департаментінің мамандары тексеріп, тұруға қауіпті деген шешім шығарды. Жаңа оқу жылында университет баспана мәселесін шешу мақсатында студенттерге «Дана» қонақ үйі мен С.Өтебаев атындағы Мұнай және газ университетінің жатақханасынан 200-ге жуық орынды жалға алған. Оқу орнында барлығы 7500 жас білім алса, оның 1100-і жатақханаға…

Read More

Қазақстанда жоспарлы профилактикалық жұмыстарды жүргізу мақсатында телерадио хабарларын тарату уақытша тоқтатылады . Бұл туралы «Қазтелерадио» АҚ хабарлайды. «Қазтелерадио» АҚ телерадио хабарларын таратудың үздіксіз әрі сапалы болуын қамтамасыз ету мақсатында тоқсан сайын жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің техникалық құралдарында сервистердің жаба отырып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізеді. Осыған байланысты, осы жылдың 8 қарашасында сағат 03:00 мен 17:00 аралығында (Астана уақытымен) телерадио хабарларын таратуды өшіре отырып, профилактикалық жұмыстар жүргізілетінін хабарлаймыз. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз», — делінген хабарламада.

Read More

Атырау-Доссор трассасы 2025 жылы кеңейтіледі. Бұл жолды жаңғырту туралы былтыр мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тапсырма берген еді. Көлік көп жүретін бұл трасса — екі жолақты. Оның 85 шақырымын 4 жолақтыға ауыстыру үшін қажетті жобалық-сметалық құжат келер жылы жасақталады. Ал, құрылыс жұмысы қаражат уақытылы бөлінсе, 2025 жылы басталады. Әзірге жергілікті атқарушы орган министрлікке тиісті құжаттарды жіберіп қойған.

Read More

Батыс Қазақстан облысының полициясы 900 мың теңге тұратын массаж орындығы неге керек екенін түсіндірді. Бұған дейін қоғам белсендісі Самал Оразғалиева Facebook-парақшасында осы лотқа назар аударған болатын. Сатып алулар сайтындағы скриншотқа сәйкес, орындық 891 694 теңге тұрады. Батыс Қазақстан ПД баспасөз қызметі орындық әлі сатып алынбағанын хабарлады. Бірақ, ІІМ бұйрығына сәйкес, ол «қызметкерлердің психологиялық релаксациясы және психикалық жағдайы үшін» сатып алынады. Массаж креслосы психологтың кабинетіне орналастырылады және «қызметкерлердің жедел тапсырмаларды орындағаннан кейін жұмысын қалпына келтіреді». Басылым редакторлары бағасы осыған келетін массаж креслоларының сипаттамасын қарастырған. Олар жасанды былғарыдан жасалған және сегіз массаж бағдарламасы бар. Мұндай орындықтар басқа облыстардағы бірнеше басқармада бұрыннан бар…

Read More

Caspian Life, 2 қазан. Қазақстан Парламенті Мәжілісінің депутаты Ерлан Стамбеков сарбаздарға кредит беруге тыйым салуды ұсынды. «Әскери қызметшілерге келсек, кредит алуға мораторий енгізуді ұсынамыз. Бұл жерде мәселе сарбаздарға қатысты болып отыр. Яғни, біз мерзімді қызмет сарбаздарына несие беруге толық тыйым салғымыз келеді. Неге? Сарбазға әскери міндетін өтеп жүргенде мәжбүрлеп кредит алғызу фактілері бар. Біз әскер сарбаздарды тиісті деңгейде қамтып отыр деп сенеміз. Сондықтан олардың кредит алуына негіз жоқ», — деді Ерлан Стамбеков БАҚ өкілдерінің сауалына жауап бере тұрып. Айта кетейік, заң шығару қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске кредит беру кезінде тәуекелдерді азайту және қарыз…

Read More

Сауда және интеграциялар министрі Арман Шаққалиев журналистердің киік етін шетелге экспорттау жұмысы туралы сұрағына жауап берді. «Қазіргі уақытта біздің министрлікте киік етін шет елдерге сату жоспары жоқ. Тіпті ішкі нарықта, базарларымызда киік етін ешқайсымыз көрген жоқпыз. Астана маңайында бір көлік ет тиеген адамның ұсталғаны туралы ақпарат болды. Ол заңсыз жұмыс істеген. Қазір біздің құзырет бойынша Ауыл шаруашылығы министрлігі киік етінен консерві, субөнім жасауға стандарт жасауды сұрап отыр. Сол стандарттау жағынан жұмыс жүргізіп жатырмыз», — деді министр елордада өткен баспасөз мәслихатында. Министрдің айтуынша, киік етіне қатысты нақты стандарт болса, сертификат, декларация, тексеру жұмыстары жолға қойылады. «Бұл сұранысқа да байланысты. Қай елден…

Read More

Caspian Life, 2 қараша. Маңғыстау облысының аумағында 20 қазан мен 19 қараша аралығында «Браконьер-2023» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде. Мақсат – браконьерлікті, биологиялық ресурстардың заңсыз айналымын анықтау және жолын кесу, табиғатты қорғау заңнамасын бұзушыларды анықтау. Бұл туралы  облыстық полиция департаменті Шара басталғалы 12 күн ішінде 82 табиғатты қорғау заңнамасын бұзу фактісі анықталды. ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабы бойынша екі іс қозғалып, 80 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Табиғат қорғау заңнамасын бұзған тұлғалардан барлығы 104 келі 950 грамм бекіре тұқымдас балық тәркіленді. Маңғыстаулық полицейлер өңір тұрғындарын табиғатты қорғауға, табиғатты қорғау заңнамасын сақтауға шақырып, браконьерлік пен заңды бұзғаны үшін қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.

Read More

Caspian Life, 2 қазан. Екінші оқылымда ҚР Парламенті Мәжілісі «Ақпараттық қауіпсіздік туралы» заң жобасын қабылдады. Ол азаматтардың банктік және шағын несиелерді алудан өз еркімен бас тарту құқығын заңнамаға енгізеді. Тыйым салуды «Электрондық үкіметтің» жеке кабинетінде жасауға болады. Несиелерді мақұлдау кезінде өз еркімен бас тарту туралы ақпарат ескерілмек. Бұл үшінші тұлғалардың банктік несиелер мен микронесиелерді алуына жол бермейді. «Дербес деректері бар деректер базасының иелері мен операторларына дербес деректердің қауіпсіздігі бұзылғаны туралы бір жұмыс күні ішінде уәкілетті органды хабардар ету міндеті енгізілуде», — деді депутат Екатерина Смышляева. Азаматтар өздерінің жеке деректерімен жасалған барлық операциялар туралы жеке кабинетіндегі хабарламалар немесе SMS арқылы біліп…

Read More

Caspian Life, 2 қазан. Атырауда зейнет жасындағы еріктілер саны көбейіп келеді. Ресми құжатта күміс волонтер деп те аталатын бұл жандар қарттар үйінің тұрғындарымен, жетімдер үйіндегі кішкентайлармен бірігіп спорттық жарыс ұйымдастырған. Оған қоса, әлеуметтік жағдайы төмен қариялардың шаңырақтарында қонақ болып, оларға сый-сияпат көрсетіпті. Атырауда 3 ай бұрын басталған «Күміс волонтер» жобасы аясында атқарылған іс-шараларды қорытындылаған жауаптылар осындай мәлімет айтты. Атырау қаласының тұрғыны Айгүл Арыстанова жоба туралы әлеуметтік желіден көріп тіркелген. Жас алпысты адқымдаса да белсенді. Ұйымдастырылған іс-шараның бірінен де қалмауға тырысады. 4 бағыт бойынша жұмыс жасайтын жоба аясында 70-ке жуық іс-шара ұйымдастырылған. Ал Атыраудағы күміс волонтерлардың қатары 85-ке жетіпті. Жоба облыстық…

Read More