Автор: Сайт әкімшілігі

CaspianLife, 1 қараша — 1 қараша Атырау облысының жедел штабы терроризмге қарсы жоспарлы оқу-жаттығу өткізеді. Оқу-жаттығудың мақсаты мемлекеттік және құқық қорғау органдарының терроризм актілерінің жолын кесу, олардың зардаптарын барынша азайту және жою жөніндегі қызметке дайындығын тексеру. Көрсетілген уақыт кезеңінде Атырау қаласының жекелеген аудандарында шектеу шаралары енгізілмек. Қала тұрғындары мен қонақтарынан өткізілетін оқу-жаттығуларға түсіністікпен қарап, сабырлық сақтау сұралады.

Read More

CaspianLife, 1 қараша — Маңғыстауда соңғы уақытта құқық бұзған 165 жасөспірім анықталып, есепке қойылған. Бұл туралы Ақтауда Құқық қорғау органдары мен білім беру ұйымдарының басшыларымен кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және қадағалау бойынша өткен кеңесте Облыстық прокуратурадағы басқарма басшысы Мерген Меңдіғалиев мәлімдеді. Жиынға облыс әкімі Нұран Ноғаев та қатысты, деп хабарлайды CaspianLife Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. -Жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу, құқық бұзушылыққа жол бермеу және қоғамдық тәртіпті нығайту үшін облыста бірқатар жедел-профилактикалық іс-шаралар ұйымдастырылып, өткізілуде. Жыл басынан бері полиция бөлімдеріне түрлі құқық бұзушылықтар үшін жеті мыңнан астам кәмелетке толмаған жеткіншек жеткі…

Read More

CaspianLife, 1 қараша — Атырауда полицейлер 15 қабаттан секірмек болған әйел адамды құтқарды. Оқиға 31 қазан күні 14:21 шамасында болды, деп хабарлайды CaspianLife. 102 операторына Алмагүл ықшам ауданының тұрғындары 15 қабаттың балконында қолында әйнегі бар әйел адамның секіруге оқталып тұрғанын хабарлаған. Жедел барған патрульдік полиция батальоны қызметкерлері Аян Сансызбаев пен Ильяс Қобдабаев 28 жастағы әйелмен сөйлесіп, райынан қайтарды. Өмірін қимақ болған азаматша жеке өмірінде туындаған қиындықтардың әсерінен осындай шешімге келгенін жеткізді. Азаматша жедел-тергеу тобына тапсырылған.

Read More

CaspianLife, 1 қараша — Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев ішкі нарықты сұйытылған мұнай газымен қамтамасыз ету үшін лимит бектілуі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды CaspianLife. «Біз түсініп отырмыз, сұйытылған мұнай газының бағасы әзірше өзіндік құнынан төмен. Осыған байланысты өндірушілердің ол газды жеткізуге ынтасы жоқ. Оның сыртында сұйытылған газ біздің мұнай-газ-химия саласындағы ауқымды жобаларымызға пайдаланылады. Өздеріңіз білесіздер, біз полипропилен жобасын бастадық. Қазір жобалық қуатына шығып келеді. Полиэтилен және бутадиен өндірісіне байланысты жобалар бар. Сұйытылған газ мұнай-газ-химия саласындағы бірегей өнім деп есептеледі. Ал ол жобалар жаңа жұмыс орнын ашуға, қосылған құн жасауға көмектеседі. Осыған байланысты күрт өскен сұранысты экспортқа кететін өнімді қайта бағыттау…

Read More

CaspianLife, 1 қараша — Атырау облысында көші-қон заңдылығын екі мәрте бұзған шетелдіктің ісі сотта қаралды. Сот қаулысымен шетелдік елден шығарылды, деп хабарлайды CaspianLife. Атырау облысының Махамбет аудандық сотында Өзбекстан Республикасының азаматына қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды. Көрші елдің азаматы көші-қон саласындағы заңдылықты екі мәрте бұзған. – Өзбекстан азаматы Ю. бұрын еліміздің көші-қон саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 517-бабының 5-бөлігімен әкімшілік жауапқа тартылған. Алайда, Ю. 2023 жылдың 17 наурызында Қазақстан Республикасының аумағына жеке мақсатпен келіп, жергілікті атқарушы органның рұқсатынсыз ЖШС-ға жұмысқа орналасқан. Сөйтіп, заңсыз еңбек қызметін жүзеге асырған, — деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.…

Read More

CaspianLife, 31 қазан — Эхинококкоз тек ауруханада емделеді және ешқандай халық емі көмектеспейді. Ал ем шаралары неғұрлым ерте басталса, аурудан тез жазылу мүмкіндігі де соғұрлым жоғары болады. Бұл туралы Атырау облысы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті (СЭҚБ) инфекциялық және паразитариялық ауруларды эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің бас маманы Жайнагүл Өтепқалиева айтты. Оның сөзінше, облыс аумағында соңғы екі жылда эхинококкоз ауруы көбейген. Осы жылдың тоғыз айында тоғыз жағдай тіркелді, оның ішінде 14 жасқа дейінгі 3 бала ауруға шалдыққан. Ал өткен жылдың осы кезеңінде облыста 6 жағдай тіркелсе, 14 жасқа дейінгі 1 бала дерт жұқтырған. — Аурудың негізгі көзі – иттер, мысықтар, сирек жағдайда төбет…

Read More

CaspianLife, 31 қазан — Қалада автобус бағыттарының сызбасы өзгертілді, деп хабарлайды CaspianLife қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қала тұрғындарының сұранысы бойынша № 21 және № 22 автобустарының қозғалыс кестесі өзгертілді. «Бүгін, 31 қазаннан бастап № 21 автобус «Самал» шағынауданында 11 көшемен жүретін болады. № 22 автобус 7 көшемен жүреді», — делінген хабарламада.

Read More

CaspianLife, 31 қазан — Үкімет отырысында Қарағандыдағы Костенко шахтасындағы өртке қатысты жағдай қаралды, деп хабарлайды CaspianLife. Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпхановтың хабарлауынша 28 қазанға қараған түні Костенко шахтасында 700 метр тереңдікте өрт шығып, одан кейін метан-ауа қоспасы жарылған. Оқиға орнына дереу Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабы Қарағанды филиалының күштері жұмылдырылды. Апат кезінде ауысымда 252 кенші болған, оның бесеуін құтқару қызметі тауып, жер бетіне шығарды, 200-ден астам адам өз бетінше көтерілді. Іздестіру-құтқару жұмыстары кезінде 45 кеншінің денесі және алдын ала болжам бойынша 46-қаза тапқан адамның дене бөлшектері табылған. Электр қуатының болмауы, тау-кен қазбаларының ұзындығы және көптеген бұзылған механизмдердің болуы…

Read More

Исатай ауданы, Тұщықұдық ауылдық округіне қарасты, Айбас елді-мекенінен 1976 жылы туылған азамат мал іздеуге шығып, қайта оралмаған. 4 күннен бері тиісті ТЖД мен еріктілер іздестіру шараларын жүргізді. Нәтижесінде, аталған азамат 30 қазан, күндізгі 11.00 шамасында Индер ауданы маңынан аман-есен табылды. Алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, жағдайы бірқалыпты.

Read More

CaspianLife, 30 қазан — Атырау мұнай өңдеу зауытының каталитикалық крекинг қондырғысында (ККҚ) жоспарлы — алдын ала тексеру жұмыстары кестеден 2 күн бұрын аяқталып (ППР) іске қосылды, деп хабарлайды CaspianLife. 29 қазанда мамандандырылған ұйымдардың қарқынды жұмылдырылуы және зауыттың профильді қызметтерінің жіті бақылауы нәтижесінде каталитикалық крекинг қондырғысы тұрақты түрдегі жұмыс режимін бастады. Енді сұйытылған мұнай газын(СМГ) өндіру қайта басталады және дизель отыны өндірісі ұлғаймақ. Айта кетсек, қалған технологиялық қондырғыларда да жоспарлы-алдын ала тексеру жұмыстарының негізгі бөлігі аяқталған. Жабдықтарды кезең-кезеңімен технологиялық режимге шығару жоспарлануда. Кәсіпорын тұрақты жұмыс режиміне қараша айының алғашқы онкүндігінде шығады.

Read More