Автор: Сайт әкімшілігі

Caspian Life, 28 қазан. Костенко шахтасында мерт болған кеншілердің жеке басын анықтау қиынға түсіп жатыр. Бұл туралы Кәсіби әскерилендірілген апаттық-құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабы Қарағанды филиалы директорының орынбасары Жұмат Өкенов айтты. «Шахтадан қаза болған 6 адамды шығардық. Енді бір сағаттың ішінде 11 адамды шығарамыз. Қазір шахтаның шығыс бөлігінен мерт болғандарды жоғары көтеруге дайындап жатырмыз. Апат кезінде кеншілердің денелеріне қатты зақым келген. Осының салдарынан олардың аты-жөнін анықтау қиынға түсіп жатыр», – деді Ж. Өкенов. Бұл тұрғыда көз жұмған кеншілердің тұлғасын анықтауға біршама уақыт керек екенін айтты. «Қазір табылмаған 13 адамды іздестіруге бар күш-жігерімізді салып жатырмыз. Апат болған жерде өрт ауыздықталды. Қазір…

Read More

Костенко шахтасында болған апаттан қаза тапқандар саны 33-ке жетті. Кеніштегі жағдай әлі де қауіпті. Себебі ол жерде жинақталған газ жарылып, көміртек тотығы таралған. Бұл туралы Кәсіби әскерилендірілген апаттық-құтқару қызметтерінің Республикалық орталық штабы Қарағанды филиалының директоры Геннадий Силинский мәлім етті. Шахтадағы апатты учаскеде өртті сөндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар, зардап шеккендер қауіпсіз жерге көшірілуде. Бұдан бөлек, шахтаның шығыс бөлігінде қалып қойған 13 кенші іздестіріліп жатыр. Айта кетейік, Костенко шахтасындағы апатты тексеруге құрылған арнайы Үкіметтік комиссияны премьер-министр Әлихан Смайылов басқарады. Комиссия оқыс оқиғаға жан-жақты талдау жүргізіп, себебін анықтайды. Сондай-ақ акционерлік қоғамға меншік құқығы Қазақстан Республикасының пайдасына шешілуі жүзеге асырылып жатыр. Қанат…

Read More

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов ауруханаға барып, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ның Костенко атындағы шахтасында болған өрт салдарынан зардап шеккен кеншілердің көңілін сұрады. 🏥Қазіргі уақытта Профессор Х.Ж. Мақажанов атындағы көпсалалы ауруханада зардап шеккен 20 кенші қажетті ем алуда.  ➤ Пациенттер әртүрлі аппараттарды, соның ішінде КТ және УДЗ қолдану, сондай-ақ түрлі сала мамандарын тарту арқылы толық тексерілді.  ➤ Олардың көбі газбен уланған, алайда барлығының жағдайы – тұрақты, өмірлеріне қауіп төніп тұрған жоқ. 📌Премьер-Министр зардап шеккендерге барлық қажетті медициналық көмек көрсетілуі тиіс екенін атап өтті. «Барлығыңызға тезірек сауығып, отбасыларыңызға аман-есен оралуларыңызды тілеймін», — деді Әлихан Смайылов.  Кеншілердің бірі қаза тапқан әріптестерінің отбасыларына қандай көмек көрсетілетіні…

Read More

Caspian Lfe, 28 қазан. Қарағанды облысындағы Костенко атындағы шахтадағы өрт салдарынан қаза тапқан кеншілер саны 22-ге жетті. Бұл туралы облыстық ТЖД баспасөз қызметі хабарлайды. Айта кетейік, бүгін таңертең Костенко атындағы шахтада өрт болып, 11 адам көз жұмғанын, әртүрлі дәрежедегі жарақаттармен ауруханаға 18 адам жеткізілгенін жазған едік. Одан кейін опат болғандары саны арта берді. Қазіргі сәтте қаза болған кеншілердің саны 22-ге жетіп отыр. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қаза тапқан кеншілердің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты. Сондай-ақ, Президент Үкіметке «АрселорМитталТеміртау» компаниясымен инвестициялық ынтымақтастықты тоқтатуды тапсырды. Одан бөлек, ҚР Бас прокуратурасы Костенко атындағы шахтадағы өрт фактісі бойынша тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргiзу кезiнде қауiпсiздiк қағидаларын бұзу…

Read More

Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысындағы Костенко шахтасында қайғылы оқиға салдарынан қаза тапқан кеншілердің отбасыларымен және туған-туыстарымен кездесіп, көңіл айтты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Президент апаттың мән-жайын анықтау, кеншілерді құтқару және зардап шеккендер мен қаза тапқандардың отбасыларына шұғыл көмек көрсету жөнінде қажетті шаралар қабылданатынын жеткізді. Мемлекет басшысы ертең, яғни 29 қазанды елімізде Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялайтынын айтты. Қарағанды облысындағы Костенко атындағы шахтада болған өрттен қаза тапқан кеншілер саны 21-ге жетті, 23 кенші әлі де жер астында. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қаза тапқан кеншілердің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тіледі. Үкіметке кеншілердің отбасыларына барлық қажетті көмек көрсетуді…

Read More

Caspian Life, 28 қазан. Қазгидромет синоптиктерінің болжамы бойынша, тек Ақтауда ауа сапасы біршама нашарлайды. Қолайсыз метеорологиялық жағдай – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Read More

Caspian Life, 28 қазан. Атырау облысында жыл басынан бері 753 адамға көлік жүргізу куәлігінен айыру жазасы тағайындалды. Атырау облыстық соты Қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы Тәтті Уәлиеваның айтуынша, жүргізушілерге мұндай жазаны тағайындаудың бірнеше себебі бар. – Біріншіден, жүргізушілер көлік құралын алкогольдік, есірткілік және уытқұмарлық масаң күйде жүргізгені анықталып отыр. Екіншіден көлікті осындай күйдегі адамдардың жүргізуіне жол берілген. Биыл 527 адамның тарапынан ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабында көзделген талапты бұзу дерегі тіркеліп отыр. Үшіншіден, 596-бабына сәйкес көлiк құралын жолдың жүру бөлiгiнде орналастыру, қарсы жүрiп өту немесе басып озу қағидаларын бұзған 108 адам да жүргізуші куәлігінен айырылды, -…

Read More

Caspian Life, 28 қазан. 27 қазан күні  Атырауда  «Magauiya open cup» атауымен дзюдодан Республикалық турнир өткен болатын. Сол турнирде кішкентай «бапкер» баланың спортшыны жаттықтырып, қолдау білдіріп жатқан видеосы таралды. Аталған видеода Атырау қаласындағы «Жауынгер» дзюдо клубының тәрбиеленушілері Төрехан Абдурахман және Нұғман Санжар есімді жас дзюдошылар. Қос спортшының жаттықтырушысы, дзюдо спортының шебері — Абылайхан Сайханов. Ол — шәкірттерін тек жаттықтырып қана қоймай, спортта бір-біріне қолдау көрсетіп, патриоттық тәрбиені бойларына қатар сіңіргенді дұрыс санайды.

Read More

Бұрынғы денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішев Қазақстанда барлық телефон тыңдалатынын айтты.  Бұрынғы шенеунік Олжас Әбішевтің айтуынша, барлық қоңырау жазбаларын тыңдау ұлттық қауіпсіздік комитетіне қолжетімді. “Қазақстанда телефондарды бақылау қиын емес, барлық қоңырау жазбалары тыңдалады. Өйткені қазір бәрі сандық жүйеге ауысқан. Бұған дейін аналогтық болғандықтан, қиынырақ еді», – деді ол. Әбішев бәрі «Қазақтелеком» АҚ құрылымы арқылы өтетінін түсіндірді. «Қазақтелеком» АҚ құрылымына ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) толық қол жеткізе алады. Егер WhatsApp немесе Telegram арқылы сақтанамын деп ойласаңыз, бірден айтайын, бұдан пайда жоқ. Тіпті басқа тілде сөйлессеңіз де, цифрлық аудармашылар бар”, — деді бұрынғы денсаулық сақтау министрі.

Read More

CaspianLife, 27 қазан — Атырау облысының экс-әкімі Бергей Рысқалиевтің анасы қайтыс болды. Бұл туралы Азамат Майтанов әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. «Бүгін маған өмір сыйлаған анамнан айырылдым… Өзімізден де көп қуанып, алаңдаған анамыз өмірден озды… Өмірде тек жақсылып жасап, көптің қамын, отбасымызды ойлаған еді. Анамды Алла тағала панасына алсын», -деді бұрынғы әкім Фейсбуктегі парақшасында. Оның айтуынша, анасы ұзақ жылдар бойы сырқаттанған. Марқұмның сүйегі күйеуі Сәулебайдың жанына жерленеді. Бергей Рысқалиев 2006-2012 жылдары Атырау қаласының әкімі, кейін Атырау облысының әкімі қызметін атқарған. 2013 жылы оған аса ірі көлемдегі бюджет қаражатын ұрлады және қылмыстық топ құрды деген айып тағылды. Тергеу бірнеше жылға созылып, сот…

Read More