CaspianLife, 27 қазан — Атырау облысының экс-әкімі Бергей Рысқалиевтің анасы қайтыс болды. Бұл туралы Азамат Майтанов әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. «Бүгін маған өмір сыйлаған анамнан айырылдым… Өзімізден де көп қуанып, алаңдаған анамыз өмірден озды… Өмірде тек жақсылып жасап, көптің қамын, отбасымызды ойлаған еді. Анамды Алла тағала панасына алсын», -деді бұрынғы әкім Фейсбуктегі парақшасында. Оның айтуынша, анасы ұзақ жылдар бойы сырқаттанған. Марқұмның сүйегі күйеуі Сәулебайдың жанына жерленеді. Бергей Рысқалиев 2006-2012 жылдары Атырау қаласының әкімі, кейін Атырау облысының әкімі қызметін атқарған. 2013 жылы оған аса ірі көлемдегі бюджет қаражатын ұрлады және қылмыстық топ құрды деген айып тағылды. Тергеу бірнеше жылға созылып, сот…
Автор: Сайт әкімшілігі
CaspianLife, 27 қазан — Ақтау-Жаңаөзен тасжолында төрт автокөлік соқтығысып, бір жолаушы қайтыс болды. Бұл туралы Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды CaspianLife. Оқиға 26 қазан күні сағат 14:00 шамасында Ақтау-Жаңаөзен тасжолының 43 шақырымында болған. «КамАЗ», Volkswagen Sharan, Lada және «ГАЗ 330253» маркалы төрт көлік соқтығысып, 1 адам қаза тапты. «Жол апаты салдарынан Lada маркалы автокөліктің 49 жастағы жолаушысы оқиға орнында мерт болды. Жараланған төрт адам облыстық ауруханаға жеткізілді», — деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі. Полиция өкілдерінің мәліметінше, оқиға сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестрінде ҚР Қылмыстық Кодексінің 345-бабы, 3-бөлігі бойынша тіркелген. Қазір тергеу жүріп жатыр. Басқа ақпарат тергеу…
CaspianLife, 27 қазан — Ақтауда тағы бір пәтерде себілген қандала дәрісінен үш бала мен екі ересек уланып, ауруханаға түсті. Олардың бірінің жағдайы ауыр, деп хабарлайды CaspianLife Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап. Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Әсима Жарылғасова 26 қазанда 3А шағынауданындағы 25-үйден бес адам ауруханаға жеткізілгенін мәлімдеген. «Сағат 21:20-да пәтерде қандала улау жұмысы жүргізілгені туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына дереу санитарлық-эпидемиологиялық бақылау мамандары шықты. Залалсыздандыру еу үшін қандай дәрі қолданылғанын анықтаған олар барлық тұрғынға ескерту жасап, қала әкімдігінің көмегімен адамдарды эвакуациялау жағдайын ұйымдастырды. Алайда көрші пәтерлерде тұратын азаматтар эвакуациядан бас тартты. Оларға улы дәрінің барлық зардабы туралы ескертілді. Оқиға орнында ТЖ…
Атырауда кардиология орталығының емделушісі ауруханада берілген таңғы астан құрт көріп қалып, дереу камераға түсіріп үлгерген. Ал бұл орталықтағы қызметкерлер бұрын мұндай жағдай болмағандығын айтып, ақталуда. Бұл жағдайдан кейін арнайы комиссия құрып, алайда ешқандай зиянкестің табылмағандығын айтады. Тіпті өзге емделушілермен сөйлесіп, олардың да байқамағанын айтып отыр.
Маңғыстау облыстық көпбейінді балалар ауруханасында аяқ-қолының ақауы бар 19 балаға ресейлік дәрігерлер ота жасады. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «Жұлдызай» қайырымдылық қорының «Мүмкіндік» жобасы аясында Альбрехт атындағы мүгедек балаларға арналған хирургия және протездеу ғылыми орталығының балалар хирургі, ортопед-травматолог Санкт-Петербордан келген Андрей Кольцов және оның ұстазы профессор Игорь Шведовченконың қатысуымен шеберлік сабағы өтті. Аяқ-қолдардың әртүрлі даму ақаулары бар, оның ішінде артрогрипоз, туа бітті пайда болған аурулар, саусақтарының туа біткен кемістігі, саусақтары бір-біріне жабысып туған немесе саусақтары алшақ болып туған балалар, қолдарының қисық бітуі, тізе-буын, аяқ басының қисаюы сырқаты бар 1 -16 жас аралығындағы балаларға ортопед-хирургтартар операция…
Caspian Life, 26 қазан. Солтүстік Каспий жобасы операторының эмиссияға рұқсат ала алмай қалуы себепті 1 қарашадан бастап Қашағандағы жұмыс толығымен тоқтауы мүмкін. Мұны «Нефть и газ Казахстана» Telegram-арнасы хабарлады. Осы саланың тыныс-тіршілігін жақсы білетін дереккөздің сөзінше НКОК компаниясының басшылығы қоршаған ортаға зиянды қалдықтарды шығаруға, орналастыруға рұқсат алар кезде үлкен проблемаға тап болуы әдбен мүмкін. «Аталған рұқсатты Экологиялық реттеу және бақылау комитеті береді. Бұл жағдай NCOC-ты 2,3 трлн теңге экологиялық айыппұл төлеуге мәжбүрлемек болып жүрген Экология министрлігінің Қашаған консорциумы акционерлеріне қарсы шабуылының бір бөлігі болуы мүмкін. Еске салайық, компания сот шешімі бойынша айыппұлдың айтарлықтай бөлігін төлемейтін болған еді. Алайда мемлекеттік орган…
ҚР Қаржы вице-министрі Дәурен Темірбековтің айтуынша, «Ұлттық қор — балаларға» бағдарламасы бойынша алғашқы төлемдер 2024 жылдың 1 ақпанынан бастап аударыла бастайды. «Өздеріңіз білетіндей, бағдарлама 2024 жылдың 1 қаңтарында іске қосылады. Одан кейін есептеулер жүргізу үшін бір балаға соманы анықтау қажет болады. Бұл қарапайым арифметика, 18 жылдағы инвестициялық кірістің 50 пайызы 18 жасқа дейінгі балалардың санына бөлінеді. Сол арқылы бір балаға берілетін сома анықталады. Және де аударым алдағы жылдың 1 ақпанынан жүзеге асырылады. 1 ақпаннан кейін 18-ге толған балалар электронды платформа арқылы ақшаны шешіп алуға өтінш беруге құқылы», — деді ол.
Қазгидромет синоптиктерінің болжамы бойынша, бейсенбі күні Атырауда ауа сапасы біршама нашарлайды. Қолайсыз метеорологиялық жағдай – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Ақтауда уланып, жансақтау бөлімінде жатқан балалар үйге шығарылды. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеді. Бұл туралы mangystaumedia.kz сайты хабарлайды. Бұған дейін бір бала ауыр жағдайда жансақтау бөлімінде жатты. Тағы бір баланың жағдайы қалыпты ауыр болатын. Еске салайық, оқиға 21 қазан күні 7 шағынаудандағы үйдің біріне болған. Қандала уынан көрші үйдің екі баласы қайтыс болды. Екі баласы жансақтау бөліміне түскен еді.
Маңғыстау облысының мемлекеттік еңбек инспекциясы лифт құлаған супермаркет қызметкерінің қазасына қатысты тексеріс жүргізбейтін болды. Мемлекеттік еңбек инспекторлары қаза тапқан адам қызмет көрсету шарты бойынша жұмыс істегенін анықтаған. Осы себепті инспекция заңнама бойынша тергеу жүргізе алмайды. — Еңбек заңнамасына сәйкес жергілікті орган — инспекция тек қызметкер мен жұмыс берушіге қатысты еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғаудың бұзылуына тергеу жүргізе алады. Өкінішке қарай ол жалдамалы қызметкер болғандықтан, облыстың еңбек инспекциясы тергеу жүргізе алмайды, — деді Маңғыстау облысының мемлекеттік инспекторы Мұхтар Сансызбаев. Еске сала кетейік 2023 жылдың 24 қазанында сағат 01.10-да 3 шағын ауданда 34 жастағы ер адамның үстіне лифт құлаған болатын. Қызметкер нан…
