Автор: Сайт әкімшілігі

Бүгін облыстық Ш.Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінде 25 қазан – Республика күніне арналған «Мәңгілік жаса, Қазақстаным!» атты музей қоры туындыларынан көрме өтті. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды. Іс-шара ұлттық құндылықтарымызды дәріптей отырып, жас ұрпақты патриотизмге, ұлтжандылыққа тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылған. Облыстық Ш.Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінің басшысы Төлеген Орынбасарұлы мерекемен құттықтай отырып, шара мақсатына тоқталып өтті. -Бұл көрме Республика күні мерекесіне орай, жастарымызға музей қоры туындыларын көрсетіп, дәріптеу мақсатында ұйымдастырылып отыр. Өскелең ұрпақ ретінде ата-бабаларымыз ерен еңбегімен алған егемендігін қастерлеу, қадірлеу біздің парызымыз. Қазақстанның тұрақты дамуы мен кемелденуі жолында аянбай еңбек етуіміз қажет. Бүгінгі Республика күнімен…

Read More

Caspian Life, 24 қазан. Ақтау қаласы әкімдігінің бөлім басшысы мемлекеттік сатып алу рәсімдерін бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылып, 700 мың теңгеге жуық  айыппұл салынды. Шенеуніктің жауапқа тартылуына қоғам белсенділерінің Маңғыстау облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментіне жазған арызы себеп болды. Олар облыс орталығындағы бірнеше жерге қоғамдық әжетхана орнатылғанымен, іске қосылмай тұрғандығын айтқан. Антикор қызметкерлері енді Ақтау әкімдігінің қызметкеріне қатысты өздеріндегі материалды ішкі мемлекеттік аудит департаментіне жолдады. Естеріңізге салайық, тамыз айында Ақтауда қала әкімдігінің теңіз жағалауында 5 қоғамдық әжетхана орнатып жатқандығы белгілі болды. Ол үшін 87 миллион теңге бөлінген. Бірақ тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімінің қызметкерлері жұмыс әлі бітпесе де, шартқа…

Read More

Caspian Life, 24 қазан. ҚР Премьер-министрінің орынбасарлары президент әкімшілігіне қарасты «Бүркіт» әуе компаниясының ұшақтарынан түсіп, жеке әуе компанияларының рейстеріне отырғалы бюджет шығыны айтарлықтай азайды, деп хабарлайды ProTenge телеграм чаты. Нәтижесінде Үкімет мүшелерінің ел ішіндегі іссапары үшін жұмсалатын қаржы 4 жылда 213 миллионнан 13,6 миллион теңгеге түсті. Өткен жылы үкіметте вице-премьерлер ендігі жерде ҚР Президенті әкімшілігіне қарасты «Бүркіт» әуе компаниясының емес, кәдімгі жолаушылар рейсін пайдаланады деп уәде берген еді. Сол бірте-бірте жүзеге асып келе жатқан сықылды. Мысалы 2020 жылы «Бүркіттің» ұшағы әуеге 21 рет көтеріліп, ол үшін бюджеттен 213 млн теңге төленген. Ал 2021 жылы 19 рейс үшін 177,5 млн, 2022…

Read More

Газа секторында Қазақстан азаматы қаза тапты. Бұл  ақпаратты Сыртқы істер министрлігі растады. «2023 жылғы 22 қазанда Газа секторын атқылау салдарынан Қазақстан азаматы қаза тапты. Өкінішке қарай, онымен бірге Палестина азаматтығы болған 23 жастағы қызы да қайтыс болды», — деп хабарлады ведомство. Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, отандасымыз Газа секторында күйеуімен (Палестина азаматы) бірге ұзақ уақыт бойы тұрған. Еске салайық, бұған дейін Сыртқы істер министрлігі Газа секторында палестиналықтарға тұрмысқа шыққан қазақстандықтар бар екенін хабарлаған еді. «Газа секторында Қазақстанның 25-ге жуық азаматы бар деген ақпарат бар. Олар — көбіне палестиналықтарға тұмысқа шыққан қазақстандықтар. Қазір кейбір отбасылар қауіпсіз орын іздеп жүр. Байланысқа шығуға байланысты…

Read More

Caspian Life, 24 қазан. Ақтау тұрғыны екі баланың өлімі үшін 10 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.  Төсек құрттарын улаймын деп екі баланың өліміне күдікті деп танылған әйелге қатысты санитарлық ережелерді немесе гигиеналық нормаларды бұзу бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ол 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. «Қылмыстық іс бойынша препаратты анықтау үшін барлық қажетті тергеу әрекеттері тағайындалды. Сараптама қорытындысынан кейін процессуалдық шешім қабылданады», — дейді Маңғыстау облыстық пд тергеу басқармасы бастығының орынбасары Нұралин Баржықов. Күдіктінің кәмелетке толмаған екі баласы бар. Құқық қорғау органдары жақын арада жәндіктерге қарсы дәрілерді анықтау үшін Ақтау базарларын тексермек. Еске сала кетейік, Ақтауда екі бүлдіршін…

Read More

Бұл туралы министрліктен ресми ақпарат жоқ. Дегенмен, бүгіннен бастап кейбір абоненттерде интернет желісі мүлдем ұстамай, тұрғындар «Каспий, ватсап, телеграм» желілеріне кіре алмауда.  Ватсап желісінде де аталған бағдарламалардың 3 күн қатарынан жасамайтынын айтып, банктік шоттардағы қаражатты қолма-қол ақшаға айырбастауды жазып, дабыл қағуда.

Read More

Caspian Life, 23 қазан. Атырауға жұмыс сапарымен келген көлік министрі Марат Қарабаев бұл жолы да «Атырау-Астрахан» жолын жаңғырту жұмысымен танысты. Бірақ көңіл толарлықтай нәрсе айтпады. Тек өңірге бұған дейін келіп кеткен әріптестері секілді трассаның келер жылы түгел қолданысқа берілетіндігін тағы қайталады. Сапар аясындағы бұл жұмысқа жауаптыларды жиып алып, тапсырыс беруші мен мердігерлердің есебін тыңдады. Қазіргі кезде аталған трассаның 167 шақырымының төменгі қабаты төселіп, жүргізушілер қызығын көріп жүр. Министр теңіз тамағын тереңдету жұмыстарын да көзбен көріп қайтты. «Жайық-Каспий» теңіз каналының жалпы ұзындығы – 56 шақырым. Биыл судың түбіндегі 70 мың текше метр жер тереңдетіледі. Министр мырза облыс орталығындағы теміржол вокзалына да…

Read More

Маңғыстау облысындағы Сайөтес ауылында 10-нан астам отбасы апатты үйлерде тұрып жатыр. Бұл туралы  «Хабар 24» телеарнасы хабарлайды. Екіқабатты 3 үй кезінде теміржол қызметкерлеріне арналып салынған еді. Кейін жекеменшікке өткен. Содан бері күрделі жөндеу көрмепті. Жуырда сараптама жасалып, апатты деп танылды. Апатты жағдайдағы үйлерде 11 отбасы тұрады. Кейбірі мүгедек бала тәрбиелеп отыр. Көшіп кетуге тұрғындардың шамасы жоқ. «Қиын мына жерде тұру. Кіріп-шыққан сайын қорқып отырасың. Балаларымыздың өмірі үшін қорқамыз, әңгіменің шыны керек», — дейді ауыл тұрғыны Текебай Әбішев. «Екі күннің бірінде жаңбыр. Су ағып отыр төбесінен. Ауданда жасайтын мамандар келіп кетті. Онымен нәтиже жоқ», — дейді тағы бір тұрғын Тазагүл Мұқанова.…

Read More

Caspian Life, 23 қазан. 25 қазанда елімізде полиция күшейтілген режимде жұмыс істейді. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге 20 мың полицей мен Ұлттық ұланның күші тартылады. Бұл туралы ІІМ Әкімшілік полиция комитеті Ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Айдын Оразбаев мәлімдеді. «24-26 қазан аралығында барлық жеке құрам күшейтілген режимде жұмыс істейді. Әкімдіктермен бірлесіп, мәдени бұқаралық іс-шаралар өтетін орындар белгіленді. Құқықтық тәртіпті қамтамасыз етілетін күштер мен құралдардың есебі дайындалды. Осы күндері қоғамдық тәртіпті сақтауға тартылатын полиция қызметкерлері мен Ұлттық ұлан әскери қызметшілерінің санын 20 мыңға дейін көбейту көзделген. Полиция жасақтары жұрт көп жиылатын және демалатын орындарға жақындатылады», — деді ІІМ өкілі. Айдын Оразбаевтың айутынша,…

Read More

23 қазанда еліміздің басым бөлігінде қолайлы метеорологиялық жағдай қалыптасады. Бұл туралы Казгидромет  хабарлайды. Синоптиктердің болжамы бойынша, дүйсенбіде тек Атырау қаласында ауа сапасы нашарлайды. Өзге шаһарларда метеоахуал норма шегінде болады. Қолайсыз метеорологиялық жағдай – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Read More