Атырау мұнай өңдеу зауытында жоспарлы тексеруден кейін технологиялық қондырғылардың бірінші кезегі қайта іске қосылды. Қазір тәулігіне 9 500 тонна мұнай өңделіп жатыр. Бұл туралы Kazinform хабарлайды. Кәсіпорынның қоғаммен байланыс бөлімінен мәлім еткендей, 21 қазанда тексеру жұмыстарының аралық қорытындысы шығарылған. Соған сәйкес технологиялық қондырғылардың бірінші кезегі іске қосылған. «Қазір зауыттың тәуліктік мұнай өңдеу көлемі – 9 500 тонна. Мұнай өнімдері мынадай көлемде шығырыла бастады. Автобензин – тәулігіне 1 200 тонна, дизель отыны – тәулігіне 1 500 тонна. Зауыттың технологиялық қондырғыларда жоспарлы-алдын ала тексеру жұмыстарының негізгі бөлігі аяқталды. Энергетика министрлігі бекіткен кестеге сәйкес жабдықтарды кезең-кезеңімен технологиялық режимге шығару жоспарланып отыр», — деп…
Автор: Сайт әкімшілігі
«Қазгидромет» РМК 23 қазанда күн райының бұзылуына байланысты бірқатар өңірде ескерту жариялады. Түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында тұман болжанады. Түнде және таңертең Атырау облысының батысы мен оңтүстігінде тұман болжанады. Манғыстау облысының солтүстігі мен шығысын тұман басады.
Caspian Life, 23 қазан. Ақтауда қандалаға қарсы улаудан көрші пәтердегі2021, 2022 жылы туған балалар көз жұмды. Сондай-ақ бес адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі. 21 қазан сағат 8:50-де 102 кезекші пультіне 7 шағын аудандағы үйлердің біріне шақырту келіп түскен. «Шақыртуға жедел-тергеу тобы шықты. Мән-жайды анықтау барысында пәтерден 2021 және 2022 жылғы кәмелетке толмаған балалардың мәйіті табылды. Сондай-ақ бес адам ауруханаға жеткізілді», — деп мәлім етті Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен. Полицейлердің мәліметінше төменде орналасқан көрші пәтер иесі үйін улаған. Аталған дерек ҚР қылмыстық кодексінің 304-бабы 3-бөлігі бойынша тіркелді. Сараптама тағайындалып, оқиға орнына санитарлық-эпидемиологиялық қызмет…
CaspianLife, 20 қазан — Жиынға қалалық коммуналдық мекеме басшылары мен мәслихат депутаттары қатысты. Басқосуда қозғалған басты мәселе — мамыр айынан бастап дайындық жұмыстары жүргізілген жауапты мекемелердің қолы қойылған қысқа дайындық құжаттарының толық болуына қарамастан, көпқабатты пәтерлерде жылудың тиесілі уақыттан кешігіп қосылуы болды. Қала әкімі Шәкір Кейкин кейбір пәтер иелері кооперативі жылу есептегіш құралдарын тексерістен өткізетін уақытын алдын ала қадағаламай, жылу маусымы кезінде пәтерлердің уақытылы жылуға қосылуына кедергі келтіріп, жауапсыздық танытқан басшыларына сын айтты. Осындай олқылықты жіберіп, жылу маусымы уақытында тұрғындардың наразылығын тудырған жауапты тұлғаларға заң талаптарына сай шара қолдануды қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысына тапсырды. — Қазіргі таңда барлық…
Ақтауда жылу маусымы басталғалы бері көпқабатты кейбір үйлердің тұрғындары дірдек қағып, бүрсеңдеп отыр. Мысалы 27-ші шағын аудан №41 үйдің тұрғындары пәтерде күртешемен жүруге мәжбүр. Ал түнде тіпті қиын дейді олар. Ыстық судың да жоқтығы жағдайды одан әрі қиындатып тұрған көрінеді. Ал қаланы жылумен және ыстық сумен қамтитын «МАЭК» комбинаты мен «Каспий жылу су арнасы» мекемесі бәрін уақытылы жібердік, кінә пәтер иелері кооперативінен деп отыр. Бірақ олар да өздеріне шаң жуытар емес. Ақтау қаласында көпқабатты 1217 үй бар. Қазіргі кезде олардың он шақтысы жылусыз отыр.
Caspian Life, 20 қазан. Қазақстан Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты Сейсмикалық стансалар желісі бүгін, 20 қазан күні сағат 13:34-те жер сілкінісін тіркеді. Жерасты дүмпуінің ошағы Алматыдан батысқа қарай 176 шақырым жерде, Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 10.2. Магнитудасы MPV 4.9. Жер сілкінісінің координаттары — 43,07° c.e. 74,77° ш.б. Тереңдігі – 20 км. Cезілуі туралы ақпарат (MSK-64 шкаласы бойынша) жоқ.
Caspian Life, 20 қазан. Шетелдік алаяқтарға SIM-карта тіркеуге көмектескен қазақстандықтарға құқықтық жауапкершілік енгізіледі. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха Парламентте айтты. «Көптеген адамдар «Ауыстырылатын нөмірлерді бұғаттау жүйесі болса, алаяқтар шетелден қалай қоңырау шала алады?» деген сұрақ туындауы мүмкін. Бұған екі себеп бар. Біріншісі – олар қазақстандық ұялы байланыс компанияларының нөмірлерін пайдалана бастады. Сол баяғы «дроперлер» ақылы түрде электронды SIM-карталарды өз аттарына тіркеп, оны алаяқтарға береді. Осылайша қылмыскерлер WhatsApp қосымшасында тіркеледі. Оны іске қосқан соң, алаяқтар жәбірленушілерге мессенджер арқылы қоңырау шалады, мұндай жағдайда олардың орналасқан жерін анықтау қиындайды», – деп түсіндірді ІІМ өкілі. Осы уақытқа дейін абоненттік нөмірді…
Caspian Life, 20 қазан.Биыл 3 наурыздан бері 8 млрд теңгеден астам борышы бар 5,7 мыңға жуық адам банкрот деп танылды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтып берді. «Биыл 3 наурыздан бастап банкроттыққа 69 мыңнан астам өтініш келіп түсті, оның 80 пайыздан астамы банкроттық рәсімге сәйкес келмейтіні анықталды. Негізгі себептері: мүліктің болуы, борышкердің қарыз сомасы мен төлем мерзімі бойынша сәйкессіздік және кредитормен борышты дұрыс реттемеуі. Нәтижесінде, бүгінгі таңда 8 млрд теңгеден астам борыш сомасына 5,7 мыңға жуық азамат банкрот деп танылды», — деді Қаржы министрі Парламент тыңдауында. Министрдің айтуынша, сот арқылы банкроттық және төлем қабілетін қалпына…
Caspian Life, 20 қазан. Қазір халықтың 84 пайызында, яғни 8,4 миллионнан астам адамның қарызы бар. Бұл туралы Мәж ілістегі «Халықтың шамадан тыс кредит алуын азайту және қаржылық сауаттылықты арттыру» тақырыбындағы Парламент тыңдауында палата төрағасы Ерлан Қошанов айтты. «Жасыратыны жоқ, қазір банктерден шектеусіз кредит алып, қарызға белшесінен батып отырған азаматтарымыз көп. «Халық несие қамытын киіп отыр» десе де болады. Адамдардың несиеге тәуелділігі мен қаржылық сауатының төмендігі үлкен әлеуметтік проблемаға айналды. Бүгінгі жиында біз осы түйткілді жан-жақты талқылаймыз. Осы мақсатта жауапты органдарды – Үкімет мүшелерін, агенттіктер мен құзырлы мекемелер басшыларын арнайы шақырдық. Өздеріңіз білесіздер, Мемлекет басшысы Жолдауында несие мәселесіне кеңінен тоқталып, оны…
Caspian Life, 20 қазан. Қазір халықтың 84 пайызында, яғни 8,4 миллионнан астам адамның қарызы бар. Бұл туралы Мәж ілістегі «Халықтың шамадан тыс кредит алуын азайту және қаржылық сауаттылықты арттыру» тақырыбындағы Парламент тыңдауында палата төрағасы Ерлан Қошанов айтты. «Жасыратыны жоқ, қазір банктерден шектеусіз кредит алып, қарызға белшесінен батып отырған азаматтарымыз көп. «Халық несие қамытын киіп отыр» десе де болады. Адамдардың несиеге тәуелділігі мен қаржылық сауатының төмендігі үлкен әлеуметтік проблемаға айналды. Бүгінгі жиында біз осы түйткілді жан-жақты талқылаймыз. Осы мақсатта жауапты органдарды – Үкімет мүшелерін, агенттіктер мен құзырлы мекемелер басшыларын арнайы шақырдық. Өздеріңіз білесіздер, Мемлекет басшысы Жолдауында несие мәселесіне кеңінен тоқталып, оны…
