Caspian Life, 18 қазан. Отбасындағы зорлық-зомбылық пен балалар мен жасөспірімдер арасындағы буллинг мәселелеріне арналған «111» бірыңғай байланыс орталығы шұғыл нөмірлер қатарына енгізілді. Цифрлық даму министрі Бағдат Мусин, ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкілі Динара Зәкиева және «Amanat» партиясының атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібек үшжақты меморандумге қол қойды. Келісімге сәйкес, «111» нөмірі «101», «102» және «103» шұғыл нөмірлерімен қатар бірыңғай мемлекеттік байланыс орталығына айналып, әрбір азамат үшін тәулік бойы және тегін көмек береді. Бұған дейін 16 қазаннан бастап тұрмыстық зорлық-зомбылық пен буллинг құрбандарына арналған «111 — «Amanat» бірыңғай мемлекеттік байланыс орталығы іске қосылғанын жазған болатынбыз. «Жалпы, «111 – «Amanat» шұғыл қызметі партия бастамасымен осыдан…
Автор: Сайт әкімшілігі
Оқиға 17 қазан күні, сағат 11.00 шамасында Индер ауданында орын алған. 58 жастағы тұрғын өз сарайында асылып қалған. Әзірге полиция қызметкерлері оқиғаның себеп-салдарын анықтауда.
Caspian Life, 17 қазан. 2024 жылы «Мұнайшы» стадионын қайта жаңғырту жұмыстары басталады. Бұл туралы облыс әкімі Серік Шәпкеновтің төрағалығымен өткен әкімдік отырысында белгілі болды. Жиынның күн тәртібінде аймақтағы елді мекендерді спорт нысандарымен қамту мәселесі қаралды. Алдымен облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Дастанбек Қоспанов баяндама жасады. Оның айтуынша, «Атырау облысының 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспарына» сәйкес, 1000 адамға шаққанда тұрғындарды спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету деңгейі өткен жылдың статистикалық есебі бойынша 40,5 пайызға жетіп, артығымен орындалды. — Облыста спорттық нысандар саны жыл сайын артып келеді. Өткен жылы 36 нысан пайдалануға берілсе, биыл жыл басынан бір спорт кешені, 2 спортзал, 7…
Caspian Life, 17 қазан. Атырау қаласының әкімі Шәкір Кейкин Қайыршақты ауылдық округіне барып, атқарылып жатырған бірқатар жұмыстардың сапасын бақылады. Бұл туралы Атырау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. Томарлы, Ақсай, Ақжар ауылдарында құрылысы жүріп, тапсыруға дайын тұрған жаяу жүргіншілер жолынан олқылықтар табылды. Атап өтсек, жаяу жүргіншілер жолындағы жиектастардың талапқа сай орнатылмауы, тегіс орналасуына мән бермеуі, жиектастарды зертханалық тексерістен өткізбеуі, құрылыс материалдарының толық төселмей, жұмыстардың аяқталмауы анықталды. Осы мақсатта қала әкімі мердігер мекеме «Атырау көлік» және «Казкомсервис» ЖШС-нің атқарып отырған жұмыстарына нақты талапқа сай тексеріс жұмыстарын ұйымдастырып, қажетті анықтамаларды ұсынуды, осы атқарылып жатырған жұмыстың техникалық қадағалаушысына ескерту берілді. Сонымен қатар, өз қызметін…
Caspian Life, 17 қазан. Тоғыз айдың қорытындысы бойынша облыста қылмыс деңгейі 22,2 пайызға төмендеген. Қоғамдық орындарда, көшелерде және мас күйінде жасалған қылмыстар да азайып келеді. Бұл туралы Маңғыстау облыстық полиция департаменті хабарлайды. Ішкі істер министрлігінде өткен алқа мәжілісінде кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыспен күрес және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету басты мәселе болды. Жол-көлік оқиғаларының негізгі себептерінің бірі – жүргізушілердің көлік жүргізу кезінде ұйықтап кетуінен жолдан аударылып кетуі, жүргізушілердің жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзуы. Облыста жол-көлік оқиғаларын азайту бойынша бірқатар шаралар қабылданып, нәтижесінде облыста жол-көлік оқиғаларының саны 2,5 пайызға азайған. Тоғыз айда облыста 188 377 құқық бұзушылық анықталды. Құқық бұзушыларға барлығы 2…
Caspian Life, 17 қазан. Ішкі істер министрлігі жеке куәлікті жедел тәртіппен беру құнын төмендетуді жоспарлап отыр. Ашық НҚА порталында жарияланған бұйрық-жобасында жазылғандай, енді Астана, Алматы, Шымкент қалаларында және облыс орталықтарында баға мынадай болмақ: – құжат 1 жұмыс күнінде дайындалатын болса – 3372,45 теңге (қазір 4 983 теңге); – куәлік 3 жұмыс күнінде дайындалатын болса – 1770,88 теңге (қазір 2 752 теңге); Ал облыстардың аудандары мен қалаларында құжат тек 7 жұмыс күні ішінде дайын болады. Оның құны 677 теңге 95 тиын мөлшерінде (қазір 1 116 теңге) бекітілді. «Түзетулер мемлекеттік монополияға жататын Ішкі істер министрлігінің «Ақпараттық-өндірістік орталығы» қызметтерінің бағасын төмендету жағына қарай, Бәсекелестікті қорғау және…
Caspian Life, 17 қазан. Келесі аптада Қазақстанда Ұлттық мереке — Республика күні атап өтіледі. Биыл Республика күні сәрсенбі, 25 қазанға сәйкес келеді. Бұл күн демалыс болады. Бұл ретте жұмыс күні демалыс күндеріне ауыстырылмайды. Осылайша, бес күндік жұмыс аптасында қазақстандықтар бір күн (25 қазан) демалады, кейін екі жұмыс күні (26, 27 қазан), содан кейін демалыс (28, 29 қазан) күтеді. Алты күндік жұмыс аптасында демалыс күндері 25 және 29 қазан болады.
Қытай елінің басшысы Қазақстан Президентін Бейжіңдегі Халық жиналысы үйінде қарсы алды, деп хабарлайды Caspian Life Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Мәртебелі мейманның келуіне орай Құрмет қарауылы сап түзеп тұрды. Содан кейін мемлекеттер басшылары өз делегацияларымен бірге Үлкен шығыс залында келіссөз жүргізді. Қасым-Жомарт Тоқаев Си Цзиньпиннің «Бір белдеу, бір жол» халықаралық ынтымақтастығының III форумына қатысуға шақыруын зор ықыласпен қабыл алып, Қытайға тағы да сапармен келгенін атап өтті. ─ Қазақстан Сіздің осы жаһандық бастамаңызға алғашқы күннен бастап қолдау білдірді және оны ілгерілетуге белсенді атсалысып келеді. Осыдан тура 10 жыл бұрын Астанада сөйлеген сөзіңізде Сіздің осы бастама туралы айтқаныңыз есімізде. Орайлы сәтті пайдалана отырып,…
CaspianLife, 17 қазан. Атырауда 32 жастағы жүргізуші 3 адамды қағып кетті. Зардап шеккен екі адам ауруханаға түсті. Жол-көлік оқиғасы 16 қазанда жергілікті уақытпен сағат 14:20 шамасында болған. – Атырау қаласында Азаттық даңғылының бойында 1991 жылғы жүргізуші Opel Astra автокөлігімен 3 жаяу жүргіншіні қағып кетті. Зардап шеккен 1967 және 1980 жылғы екі ер адам мен 1998 жылғы әйел жедел жәрдем көлігімен облыстық ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлердің тексеруінен кейін екі ер адам ауруханаға жатқызылды, -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі. Полиция қызметкерлері жаяу жүргіншілерді қаққан жүргізушінің көлігін арнаулы айып тұрағына қойды. Жол-көлік оқиғасына байланысты тиісті іс-құжаттары жинақталып жатыр.
Caspian Life, 17 қазан. Еліміздегі өңірлер 16 миллиард теңгені, ал министрліктер 54 миллиард теңге бюджет қаражатын игерген жоқ. Маңғыстау облысы да қаражатты уақытылы жұмсамаған. Бұл туралы Үкімет отырысында айтылды. Биыл Маңғыстауға республикалық қазынадан бөлінген қаражаттың 94,5 пайызы ғана пайдаланылды. Жыл соңына дейін үш айдан астам уақыт қалды, бірақ жергілікті билік 2,4 млрд теңге көлемінде қаражатты әлі игерген жоқ. — Игерілмеудің негізгі себептері – орындалған жұмыстар үшін жұмыс актісін уақтылы ұсынбау. Мемлекеттік сатып алу нәтижелеріне және жекелеген жобалар бойынша жобалар құнының өсуіне шағымдар бар. Негізінен, бұл «Ауыл — ел бесігі» бағдарламасы аясында іске асырылып жатқан әлеуметтік нысандар – инженерлік желілер мен…
