Caspian Life, 13 қазан. «Әкенің тәрбиесін жүз мектеп бере алмайды». Расында ер баланың қоғамда өз орнын тауып, лайықты азамат болып ер жетуіне әке тәрбиесінің ықпал етері анық. Ал жалғызбасты ана тәрбиелеп отырған бала ше? Ол әке жылуын сезінбек үшін не істеген жөн? Атыраулық белсенділер осы олқылықтың орнын толтыруды қолға алды. Атырауда балаға рухани тәрбие беруді мақсат еткен «Менің тәлімгерім» жобасы бастау алды. Жобаға 10 әке мен 10 бала қатыспақ. Тәлімгер әкелердің қатарында өңірге белгілі мемқызметшілер мен ұстаздар, кәсіпкерлер және т.б. бар. Олар 2 ай бойы өзгенің баласын бауырына басып, азаматқа тән қасиетке баулиды. Жоба басталмас бұрын балалар да, тәлімгер әкелер де…
Автор: Сайт әкімшілігі
Caspian Life, 13 қазан. Атырауда келер жылы қоғамдық көлік саны артады. Атап айтсақ, Нұрсая ықшам ауданы мен Водниково ауылы бағытында жүретін су жаңа 5 автобус шығару жоспарлануда. Бұл туралы Атырау қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы Жадыра Сәндібекова мәлімдеді. Сонымен бірге, жауаптылар алдағы 10 күндікте Еркінқала ауылына қатынайтын автобустарды жаңартпақ. Атырау қаласында 31 бағыт бойынша 250-дей қоғамдық көлік жолаушы тасымалдайды. Оның 13-і ауылдық округтерге қатынаса, қалғаны қала ішінде жүреді.
Caspian Life, 13 қазан.Ақтауда реновация бағдарламасы аясында түрлі жұмыстар атқарылуда. Қала әкімі Ұлықбек Тналиев 3 шағын ауданда реновация бағдарламасы аясында жасалып жатқан жұмыстармен танысып, тұрғын-үйлердің жай-күйін тексерді. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Ақтау қаласының 3 шағын ауданындағы реновация бағдарламасы өткен жылы қолданысқа енгізілген. Бұрын бұл бағдарлама «Апатты үйлер»(Ветхое жилье) деп аталған. 3ш/а-дағы реновация жұмыстарына жауапты мекеме — «Құрылыс строй сервис» ЖШС. Серіктестік 2014-2020 жылдары «Ветхое жилье» бағдарламасы бойынша 3 ш/а-дағы тозығы жеткен 15 екі қабатты үйді сүріп, оның орнына 7 тұрғын үй салған. Биыл бұл мекеме 3ш/а реновация бағдарламасы аясында 56 пәтерлік 2 тұрғын үй салды. Бұл тұрғын…
Caspian Life, 12 қазан. Мизам шуақ аяқталып, күн күрт суып, күз күшіне ене бастады. Осы аптада жауған жаңбырдың арты айтарлықтай суыққа ұласқаны сол, жайбарақат жүрген атыраулықтар қымтанып, әбігерге түсті де қалды. Дегенмен, демалыс күндері күн жылиды дейді синоптиктер. Ертең облыстың солтүстігінде, ал сенбі күні батысында тұман түсіп, екпіні секундына 9-14 метрге дейін жететін жел соғады. Сондай-ақ, өңірдің батысы мен солтүстігінде жаңбыр жаууы ықтимал. Сенбі-жексенбіде ауа температурасы күндіз +13- +18 градус аралағында болады.
Caspian Life, Атырау. Енді Қазақстандағы пойыздарда жолаушылар интернетке тегін қосыла алады, деп хабарлайды көлік министрлігінің баспасөз қызметі. Ол Қазақстандағы барлық поезда қолжетімді. Жаңа қызмет түрі жолаушыларға қолайлы жағдай жасау үшін енгізілді. Ол Қазақстандағы барлық поезда қолжетімді. Осылайша, вагондардағы Wi-Fi арқылы кең жолақты интернетпен қамтылмайтын аймақта жолаушы жеке электронды құрылғысын, ұялы телефоны немесе планшетін қолдана отырып, көркем, деректі фильмдер және мультипликациялық туындыларды көре алады әрі музыкалық шығармаларды тыңдай алады. Аталған қызмет түрі жолаушылар үшін тегін. Ол үшін жолаушы өз құрылғысынан Wi-Fi қосып, содан кейін тізімнен KTZ желісін таңдауы керек. Әрі қарай браузерді ашып, http://vputi.kz сайтына өту қажет.
Caspian Life, 12 қазан. Қазақстанның Бас мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлы «домбыра, ән мен би харам ба?» деген сұраққа жауап берді. Ол сонымен қатар мектепке орамал тағып барғысы келетін оқушы қыздардың мәселесі жөнінде бір шешім ұсынды. «Бұл сұраққа бұрын жауап берілген. Бейбітшілік және келісім сарайында Пайғамбарымызға (с.ғ.с) арналған мәуліт іс-шараларын өткіздік. Ол жерде түгелдей домбыра, ұлттық аспаптарымыз насихатталып, Пайғамбарға (с.ғ.с) салауат, Аллаға мадақ айтылып келе жатыр. Сондықтан Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 30 жылдан бері жұмыстарын жасап келе жатыр. Нақты айтар болсақ, ҚМДБ-да арнайы дін мен дәстүр бөлімі бар. Осы бөлімдер ұлттық құндылықтарымызды кеңінен халқымызға насихаттап келеді», — деді ол. Наурызбай қажы…
Caspian Life, 12 қазан. Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдегендей, қала әкімінің қаулысына сәйкес әлеуметтік нысандар 13 қазаннан бастап жылу жүйесіне қосылады. Ал өзгелерге, мәселен, қала тұрғындарына күтуге тура келеді. Шағын аудандардың тұрғын үй қоры мен басқа да нысандарды жылу жүйесіне қосу кезең-кезеңімен жүзеге аспақ. Бұл жұмыстар 15 қазанда басталады. Қалада осы мақсаттағы жөндеу жұмыстары кей шағын аудандарда әлі де жалғасуда. Мәселен, «Каспий жылу, су арнасы» МКК 26ш/а мен 27 ш/а арасындағы жылу желілеріне жөндеу жұмыстарын жүргізуде. Осыған байланысты аталған аудандарға кей тұрғын үйлерге ыстық су уақытша шектелді. Жөндеу жұмыстарына байланысты 27 ш/а №21, №21а, №23, №25, №26, №27, №28,…
Caspian Life, 12 қазан. Атырау облысы әкімі аппаратының басшысы Нұрлыбек Жеңісбекұлы «Атырау-Ақпарат» медиахолдингіне жаңа басшыны тағайындады. Нұрболат Елеусінов Мақсотұлы 1992 жылы Атырау қаласында дүниеге келген. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін бітірген. Еңбек жолын 2013 жылы бастады. Әр жылдары Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының Ақпараттық саясат және БАҚ мониторингі бөлімі бас маманының міндетін атқарушы, Ақпараттық саясат және БАҚ мониторингі бөлімінің бас маманы, Ақпараттық саясат және БАҚ мониторингі бөлімінің басшысы болып қызмет етті. Қазірге дейін Атырау облысы Ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарып келді.
Caspian Life, 12 қазан. Шекара қызметі және ҰҚК Маңғыстау облысы бойынша департаменті прокуратура органдарының көмегімен аймақтық есірткі арнасының жолын кесті. Бұл туралы ҰҚК хабарлайды. «Өткізілген операцияның нәтижесінде Ақтау қаласында есірткі тасымалдады, сатты деген күдікпен Қазақстанның төрт азаматы ұсталды. Тінту барысында 100 келіден аса «марихуана» есірткі заты тәркіленді», — делінген хабарламада. Бұл факт Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша соталды тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.
Caspian Life, 12 қазан. Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева хиджабқа қатысты мәлімдеме жасады. «Мен министр ретінде діни тақырыпты әдейі пайдаланауға қатысты алаңдаймын. Бұл адамдардың сезімі мен сеніміне қатысты болғандықтан, болмайды. Біз және журналистер бұл тақырыпты өте мұқият қамтып, егжей-тегжейін, мән-жайын нақтылауымыз керек, өйткені қазір хиджабқа тыйым салу туралы айтылып жатыр. Бірақ бұл туралы әңгіме болған жоқ. Әңгіме никаб, паранжа және бетті жауып тұратын, сол арқылы адамды анықтауды және сәйкестендіруді қиындататын діни киімдерге тыйым салу туралы болып отыр», — деді Балаева Tengrinews.kz тілшісіне. Министр бетті жауып тұратын киімге тыйым салу қауіпсіздік тұрғысынан маңызды екенін атап өтті. «Қазір әлемнің барлық өркениетті…
