Автор: Сайт әкімшілігі

CaspianLife, 9 қазан — Қала күніне орай Алмалы ауылында Атырау қаласы әкімдігі және Атырау облыстық «Ұлттық спорт түрлері» Федерациясының ұйымдастыруымен бәйге өтті. Жарысты тамашалауға бәйге сүйер қауыммен қатар облыс әкімінің орынбасары Қайрат Нұртаев, қала әкімі Шәкір Кейкин және облыстық ат спорты федерациясының төрағасы Өнербек Жанбала қатысты. Атырау қаласы, құрманғазылық, қызылқоғалық және жылыойлық шабандоздардан бөлек, Батыс Қазақстан облысы, Ақтөбе, Маңғыстау, Қарағандыдан келген жүйріктер бәйге алаңында бақ сынады. Адуынды сәйгүліктер 6 шақырымдық «тай» жарысы, 18 шақырымдық «топ», «құнан» бәйге және 24 шақырымдық «аламан» бәйге бойынша сынға түсті. Жарыс нәтижесі бойынша: Тай жарысы. 6 шақырым. 1-орын. Нұрлыбек Балымбетов. Ақтөбе; 2-орын. Дүйсекен Расул. Құрманғазы…

Read More

Caspian Life, 9 қазан. «Атырау Ақпарат» холдингінің басшысы Жасын Біркенов жаңа лауазымға ауысты.  «Хабар» агенттігі басқармасының төрағасы Кемелбек Ойшыбаев ұжымға жаңа басшыны таныстырып, телеарнаның тізгінін табыстады.  Жасын Біркенов -1989 жылы 30 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Ол еңбек жолын 2006 жылы бастаған. Әр жылдары Петропавлдағы муниципалды телерадиоарнасында жаңалықтар бөлімінің тілшісі, «Қазақстан» телерадиокорпорациясы» АҚ Солтүстік Қазақстан филиалында телебағдарлама өндірісі мен ақпарат бағдарламасының редакторы, «Қазақстан» ұлттық арнасында ақпараттық-сараптамалық «Апта.kz» бағдарламасының тілшісі, «7 арнада» «Нысана» бағдарламасының тілшісі, «Хабар 24» телеарнасының Киев, Ташкент қалалары бойынша меншікті тілшісі, осындағы «Сұхбат», «Өзекті», «Тексердік», «Баспасөзге шолу», «Әкім» бағдарламаларының авторы және жүргізушісі, жаңалықтар бөлімінің бас редакторы және…

Read More

Ауғанстанның батысы мен көрші провинциялардағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 2 445-ке жетті. Герат провинциясының табиғи апаттарды жою басқармасының директоры Мавлави Ашаридің айтуынша, ең көп зардап шеккен аймақ – Герат округіндегі ауылдық аймақтар болып отыр. Онда 13 ауыл толығымен қирап қалған. Еске салайық, 7 қазанда жергілікті уақыт бойынша сағат 11:00 шамасында Ауғанстанның батысындағы Герат қаласынан батысқа қарай 40 шақырым жерде магнитудасы 6,3 балдық жер сілкінісі болды. Жерасты дүмпулері көршілес Бадғис және Фарах провинцияларында да сезілді. АҚШ геологиялық қызметінің мәліметінше, бірнеше рет болған жер сілкінісінде 5,9 және 5,5 баллдық дүмпулер болды. Табиғи апат салдарынан 3 мыңға жуық адам зардап шекті.

Read More

Қазақстанда хиджаб пен басқа да діни киімдерді қоғамдық орындарда киюге тыйым салынуы мүмкін. Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның айтуынша, Қазақстанда діни мәселе қазірдің өзінде күрделі болып кеткен. Елді агрессивті исламдандыруға биліктің назарын аудару туралы депутаттар тарапынан бірнеше рет шақырулар болды. Жақын арада Мәдениет министрлігі жаңа заң жобасын әзірлеу жұмыстарын бастайды. “Дін мәселелері өзекті бола бастады. Мәселе халықтың діндарлығында емес, діни сауатсыздығында. Дәстүрлі емес діни ағымдардың дәстүрлі ағымдармен қатар қаншалықты белсенді жұмыс істеп жатқанын көріп отырмыз. Сондықтан министрлік үш бағытта жұмыс істеп жатыр. Бұл деструктивті материалдарды анықтау мақсатында әлеуметтік желілерге тәулік бойы мониторинг жүргізілді. 1 қаңтардан қыркүйектің соңына дейін…

Read More

CaspianLife, 8 қазан — Атырауда 7 қазан қала күніне орай Исатай-Махамбет алаңында гала концерт өтті. «Туған күніңмен, сүйікті қалам — Атырау» атты мерекелік шараға қала әкімі Шәкір Кейкин қатысып, қала тұрғындары мен қонақтарын атаулы күнмен құттықтады. Мерекелік шарада Атырау қаласының жергілікті өнерпаздарынан бөлек, Қазақ эстрада жұлдыздары Бейбіт Қорған, Бейбіт Көшқалиев, «Заман» тобы, «Меховая 8/1» және Садраддин алаңға жиналған атыраулықтарға ерекше көңіл-күй сыйлап, әннен шашу шашты. Концерт соңы мерекелік отшашуға ұласты.

Read More

CaspianLife, 6 қазан —  «Қазақстан» телерадиокорпорациясының басқарма төрайымы Ләззат Танысбайдың шешімімен бұл қызметке осы уақытқа дейін «Caspian news» телеарнасында продюсерлік қызмет атқарған Талғат Өтеғұлов тағайындалды, деп хабарлайды CaspianLife. 44 жастағы жаңа басшыны ұжымға басқарма төрайымының орынбасары Азамат Кеңесұлы таныстырды. Талғат Өтеғұлов Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетін «Журналистика» мамандығы бойынша аяқтаған. 2020 жылдан күні бүгінге дейін Caspian News телеарнасының продюсері болды, әрі жаңалықтар қызметі, тақырыптық бөлімнің шеф редакторы міндетін қоса атқарды. Өңірдегі ірі-ірі деген мұнай-сервис компанияларында қоғаммен байланыс бөліміне жетекшілік етіп, продакшн-студияларды құрды. 6 жыл бойы «Хабар» агенттігінің Атырау облысындағы меншікті тілшісі болды. Ал еңбек жолын 2005 жылы «Қазақстан» РТРК Ақтөбе…

Read More

CaspianLife, 6 қазан — Атырауда төрт түлік малмен соқтығысқан жол көлік оқиғаларының алдын-алу мақсатында ірі-қара мойынына жарық қайтарғыш ленталар тағылып, жарық шағылыстыру қасиеті бар бояу шашу жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды CaspianLife. Әкімшілік полиция басқармасының жол және техникалық инспекция тобының инспекторы полиция капитаны Ермек Зұлқаровтың ұйымдастыруымен республикалық маңызы бар Доссор-Құлсары автомобиль жолының Мақат ауданындағы мал шаруашылық қожалықтарындағы ірі-қара малдарының мойындарына жарық қайтарғыш ленталар тағылды. Аталған жұмысқа «NCOC» компаниясы мен ҚазАвтоЖол демеушілік еткен. Айта кетейік, 300 жарық шағыстырылғыш ленталар тасжолға жақын 10 шаруа қожалық иелеріне таратылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Read More

CaspianLife, 6 қазан — Шаймардан Сариев атындағы өнер мұражайында «Дала барысы — Мысырдың Бейбарысы» атты республикалық суретшілер симпозиумы көрмесінің салтанатты ашылуы өтті, деп хабарлайды CaspianLife. Іс-шара Атырау облысы әкімдігі, облыстық Мәдениет, тілдерді дамыту басқармасының қолдауымен, Ш.Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер мұражайының ұйымдастыруымен өткізіліп отыр. Салтанатты шарада облыстық Мәдениет, тілдерді дамыту басқармасының басшысы Әбіл Жоламанов келушілерге алғыс білдіріп, суретшілерге сәттілік тіледі. — Арнайы осы жоба үшін өңірімізге ат басын тіреген баршаңызға облыс әкімі Серік Шәпкеновтің атынан алғыс білдіремін. Баршаңыз білесіздер — симпозиум Бейбарыс бабамыздың 800 жылдығына арналған апталық аясында өтіп жатыр. Қолдарыңыздан шыққан туындының Ш.Сариев атындағы қолданбалы сәндік өнер музейінің…

Read More

CaspianLife, 6 қазан — Ақтөбе облысының іргесіндегі Садовое ауылында малдан адамға жұғатын жұқпалы дерттің ошағы анықталды, деп хабарлайды CaspianLife. Ауылда 20 күндік карантин енгізілген. Елді мекенде адам өміріне қауіп төндіретін қой-ешкінің күлшешек ауруы пайда болды. «Диапазон» басылымының хабарлауынша, өткен аптада малшы екі ауру қойдан күлшешектің белгілерін көрген.Облыстық ветеринарлық зертхана диагнозды растады. «Ауру өте жұқпалы, оны адамдар да жұқтыруы мүмкін, сондықтан Садовое тұрғындар алқабында карантин белгіленеді. Мамандар дезинфекция мен екпе жұмыстарын жүргізеді. Екі қойдан басқа ауру мал әзірге жоқ. Карантин кезінде мал мен жем-шөпті елді мекендерден шығаруға немесе әкелуге болмайды. Карантин 20 күнге созылады. Вакцинацияланған малдың етін екпеден кейін 14 күн…

Read More

CaspianLife, 5 қазан — Атырау полициясының мәліметінше, бүгінде халық көп шоғырланған жерлерде жасөспірімдердің самокат жүргізу ережесін бұзу оқиғалары жиілеп барады. Сондай-ақ, мопедтер мен электромопедтерді пайдалану тәртібі бұзылып, жол-көлік оқиғалары жиіледі, деп хабарлайды CaspianLife. Қалада 27 қыркүйек пен 1 ​​қазан аралығында автокөліктер мен электромобильдердің қатысуымен құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу мақсатында «Мотоцикл» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті. Шара нәтижесінде жол қозғалысы ережесін бұзған 28 тұлғаға әкімшілік хаттамалар толтырылып, 17 мотокөлік айып тұрағына қойылды.

Read More