Автор: Сайт әкімшілігі

CaspianLife, 5 қазан — Атырау қаласының әкімі Шәкір Кейкин орынбасарлары мен бөлім басшыларын жинап, қала әкімдігі мен жауапты мекемелерге жүктелген аумақтардың санитарлық тазалығы бойынша көшелер мен ықшам аудандардың аулаларын аралап өтті. Қалалық әкімдіктен басталған маршрут Балықшы ықшам ауданына дейінгі аралық және Вокзал маңы, Алмагүл ықшам аудандары, Дина базарының аумағын қамтыды. Аралау барысында жеке тұрғын үй секторы алдында жиналған құрылыс материалдары мен қалдықтар, лас қоқыстар, қураған талдар, жол апатына себепші болатын құдықтардың сапасыз жабындылары және де бірқатар олқылықтарды атап өтті. — Қаланың сәулетті келбетін дұрыс қадағалап, бақылау қалалық жер қатынастары, сәулет және құрылыс бөлімі жауапты. Ұжымдарыңызда 60-қа жуық қызметкер бар, барлығына…

Read More

Мұны «Facebook» желісінде Маңғыстаулық тұрғын жариялады. Бейнежазба авторы бұл түсірілімді түсірген күнді де, белгілі бір шағын ауданды да нақтыламады. Жергілікті биолог, Батыс Қазақстанның «Табиғи орта» ҮЕҰ Өңірлік қауымдастығы кеңесінің төрағасы Әділбек Қозыбақов бұл «Қызыл кітапқа» енген Үстірт арқары емес, ешкі екенін түсіндірді. Ол мамандармен кеңескеннен кейін бейнедегі жануардың ешкі малы екенін нақтылады. «Басында мен де оны Үстірт қойының ұрғашысы деп ойладым. Бірақ мамандар бұл ешкі екеніне сенімді. Қалай болғанда да, қоқыс контейнеріне бүтіндей ешкіні лақтыру дұрыс емес», — деді Әділбек Қозыбақов. 

Read More

5 қазан, Caspian Life, Ақтау. Маңғыстауда жер қойнауын пайдаланушы жауапкершілікке тартылды. Мемлекетке 1,2 миллиард теңге сомасында залал өтелді, — деп хабарлайды Маңғыстау облысының прокуратурасы.Мемлекеттің экономикалық мүдделерін қорғау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар шеңберінде, сондай-ақ кәсіпорын қызметкерлерінің жаппай шағымдарын ескере отырып, Маңғыстау облысының прокуратурасы «Phystech II» АҚ қызметінде тексеру жүргізді. Компания қызметінде қызметкерлердің бірқатар еңбек құқықтарын өрескел бұзу, сондай-ақ экологиялық заңнама талаптарының орындалмауы, мемлекет алдындағы келісімшарттық міндеттемелердің орындалмауы және басқа да кемшіліктер анықталған. «Нәтижесінде, прокуратура қабылдаған шаралар бойынша кәсіпорын мемлекетке 1,2 миллиард теңге сомасына залалды өтеді, сондай-ақ 70 миллион теңгеден аса сомаға әкімшілік айыппұлдарды төледі», — делінген хабарламада.

Read More

Caspian Life, 5 қазан.  Әлем елдерін жаяу аралаудағы сапарын Атыраудан бастаған 73 жастағы ақсақал Сәрсенбай Қотырашов Түркияға жеткенін мәлімдеді. Ақсақал жаяу сапарын тамыз айында бастап, Грузия арқылы Түркияға жетуді жоспарлаған болатын.   «Шынымды айтсам, қуанышымда шек жоқ. Түркияға барамын деп бұрын еш ойламаған едім» дейді Cәрсенбай Қотырашов.   Ақсақалдың бұл бірінші сапары емес. 2020 жылы жарты жыл ішінде Қазақстан бойынша 8 мың шақырым жол жүріп өткен болатын. Қарияның ендігі сапары- Франция, Ақш, Қытай, Моңғолия, Ресейге дейін жалғасатын болады. Нұргүл Қалимолда

Read More

CaspianLife, 4 қазан — Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, 2023 жылдың 1 қыркүйегіне Атырау облысында халық саны жыл басынан бері 7426 адамға көбейіп, 700 505 адам болды, деп хабарлайды CaspianLife. Бұл ретте табиғи өсім (туу мен өлім арасындағы айырмашылық) 8641 адам, ал көші-қон сальдосы (облыстан кеткендер мен келгендер арасындағы айырмашылық) теріс болғаны – 1215 тұрғын. Облыс бойынша Атырау және Құлсары қаласында халық саны 388 895 адам (55%), ал ауылдық жерде 311 610 тұрғын бар. Жалпы, биылғы 1 қыркүйектегі ахуал бойынша республикада 19 944 726 қазақстандық есепке алынса, жыл басынан бері халық санының жалпы өсімі 177 919 адам болған. Бұл көрсеткіш бойынша Астана, Алматы және Шымкент қалалары…

Read More

CaspianLife, 4 қазан — Дінмұхамед Қонаев мінген автокөлік Кеңес Рақышевтің жеке коллекциясына өтіп кеткен. Қонаев атындағы халықаралық қор өкілдері көліктен 20 жыл бұрын айырылып қалғанын мәлімдеді, деп хабарлайды CaspianLife. Қор мәліметінше, Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы «ЗИЛ 114» маркалы көлікті қызмет барысында пайдаланған. Қонаевтың қызметтік көлігінің өзгенің иелігінде кетуіне генерал Шабдарбаев себепкер болған. «Көлік 1976 жылы зауыттан шыққан. Шанақ нөмірі №99. Ұзақ жылдар бойы Д.А. Қонаевтың қызметтік көлігі болды. Ол қайтыс болғаннан кейін 1996 жылы желтоқсанда Д.А. Қонаев атындағы Халықаралық қордың атына қабылданды және есепке алынды. 2004 жылдың сәуір айында генерал А. Шабдарбаевтың өтініші бойынша ретро-карлар көрмесіне қатысу үшін…

Read More

CaspianLife, 4 қазан — 2023 жылдың алғашқы 6 айында қазақстандық мұнай экспортының 96,4 пайызы ресейлік бағыттар арқылы өткен, деп хабарлайды CaspianLife. Жарты жылда Ресейден тыс жерлерге, яғни, Баку-Тбилиси-Джейхан және Баку мұнай құбыры арқылы – 660 мың тонна, Қазақстан-Қытай мұнай құбыры арқылы – 621 мың тонна мұнай тасымалданды. Осы уақыт аралығында «Дружба» мұнай құбыры арқылы Германияға 290 мың тонна мұнай экспортталған.

Read More

CaspianLife, 4 қазан — Атырауға жұмыс сапарымен келген Парламент мәжілісінің депутаттары экобелсенділермен кездесіп, өңірдің экологиялық мәселелерін БҰҰ шеңберінде қарау керектігін айты, деп хабарлайды CaspianLife. «Шындығында, Атыраудың хал-ахуалы жөнінде шаралар алынуы керек деп есептейміз. Жалпы, мына төленіп жатқан эмиссиялар мен айыппұлдардың Атыраудың экологиялысына жұмсалуы керек деген мәселелер көтерілді. Экологиялық болып жатқан әр түрлі жағдайлардың адамдардың денсаулығына әсерін білу үшін, нақты қандай ауруын тудырғанын анықтау үшін кешенді медициналық экологиялық зерттеулер жүргізуіміз керек. Қандай ингредиенттерден, қандай лас заттардан туындап жатыр, неліктен туындап жатыр, оның себебін анықтауымыз керек. Сондықтан ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізу керек деп есептейміз»-деді ҚР Парламенті мәжілісінің экологиялық мәселелер және табиғат пайдалану…

Read More

Ақтауда спортшы Валерия Шальнованы зорлап, өлтіру дерегі бойынша полицейлер де жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Прокуратура 21 жастағы Валерия Шальнованы өлтірді және зорлады деген күдікпен Ақтау тұрғынына қатысты іс бойынша айыптау қорытындысын бекітті. Жақын арада материал сотқа жіберіледі. Сондай-ақ қылмыстық істі ашуға кедергі келтірген полиция қызметкерлері де жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Бұл туралы жәбірленуші тараптың адвокаты Ажар Әбділ мәлімдеді. “Осы істі тергеу барысында кейбір полиция қызметкерлері аса ауыр қылмысты уақытында ашуға кедергілер жасаған, қылмысты жасыру фактілері анықталды. Оларға қатысты жеке өндіріске материал бөлініп, Маңғыстау облысы полиция департаментінің жеке қауіпсіздік басқармасына жіберілді, онда кінәлі адамдардың іс-әрекеттеріне тиісті баға беріледі”, — деді Ажар Әбділ.

Read More

Ұлттық статистика бюросы Қазақстан халқы туралы жаңарған мәліметті ұсынды. Ведомство мәліметінше, 1 қыркүйекте ел халқының саны 19 миллион 944 мың 726 адам болған. Елімізде 12 368 662 адам — қалада, 7 576 064 адам — ауылда тұрады. Жыл басынан бері халық 177 мың адамға өсті, оның 172 мыңы — табиғи өсім есебінен (туылғандар саны қайтыс болғандар санынан асып түсті), 5,8 мың адам – көші-қонның оң сальдосы. Өңірлер арасында халқы ең көп Алматы қаласы – 2 205 929 адам. Одан кейінгі орында Түркістан облысы – 2 135 537 адам, Алматы облысы – 1 522 182 адам, халық саны бойынша алғашқы үштікті…

Read More