Қазақстандағы ең жоғары орташа жалақы Ақтау мен Атырауда. Мұндай мәліметтерді ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы келтіріп отыр. 2023 жылдың екінші тоқсанындағы мәліметтер бойынша, Атырау облысында бір қызметкер айына орта есеппен 532,5 мың теңге алады. Одан кейін Маңғыстау облысы – 471,7 мың теңге, Ұлытау облысы – 451,6 мың теңге. Ал ең аз орташа айлық жалақы Солтүстік Қазақстан облысында. Бұл өңірде орта есеппен бір қызметкер 249,5 мың теңге алады. Одан кейін Жетісу облысы – 254 мың теңге, Қостанай облысы – 271,1 мың теңге. Республикалық маңызы бар қалалардың жалақысы қандай дегенге тоқталсақ?! Ең азы шымкенттік жұмысшылар айына орта есеппен…
Автор: Сайт әкімшілігі
Ақтау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Ғалымжан Серікбаев қала аумағында 87 миллион теңгеге модульдік дәретхана салғаны үшін айыппұл арқалады. Маңғыстау облысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті аталған оқиғаға қатысты пікір білдірді. «Жүргізілген ішкі мемлекеттік аудитке сәйкес «Ақтау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі» ММ қызметінде заңбұзушылықтар анықталды. Басшы Ғалымжан Серікбаевқа Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 207-бабы бойынша 200 АЕК (690 мың теңге) мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынып, әкімшілік іс қозғалды», — делінген хабарламада.
CaspianLife, 3 қазан — Қала күні қарсаңында Атырау қаласының әкімі Шәкір Кейкин көпбалалы аналарды марапаттады. ҚР Президентінің 2023 жылғы 25 тамыздағы №308 Жарлығы бойынша 54 ана «Алтын» және «Күміс» алқа иегерлері атанды. Мемлекеттік наградаларды қала әкімі табыстап, құттықтады. — Қазан айы басталғалы қаламызда көптеген шаралар өткізілуде. Міне, бүгінде сол шаралардың ізін суытпай қала күні қарсаңында көпбалалы аналарымыздың басын қосып, марапаттауды жөн көрдік. Қоғамда алтын құрсақты аналарымыздың орны ерекше екені сөзсіз. Бүгінгі мемлекеттік награда да соның бір белгісі. Шаңырақтарыңыз шаттыққа, сәбилердің күлкісіне толы болсын! – деді қала әкімі Ш.Кейкин.
CaspianLife, 3 қазан — Көлікке жалған техникалық байқау құжатын жасатқандар үшін айыппұл жарты миллион теңгеге дейін көтерілмек. Ал жалған құжатты жасап берген техникалық байқау операторларына салынатын айыппұл төрт есеге өседі, деп хабарлайды CaspianLife. Бұл туралы ҚР көлік министрлігі мәлімдеді. Министрлік өкілі Талғат Ластаевтың сөзінше, жалған құжат жасағаны үшін тексеру операторларына салынатын айыппұл 10-нан 150 АЕК-ке (34 500 теңгеден 517 500 теңгеге) дейін артады. Ал автокөлік иелеріне салынатын айыппұл 5 және 150 АЕК (17 250 және 517 000 теңге) болады. Айта кетейік, Қазақстанда 2023 жылдың басынан бері 350 тексеру операторының қызметі тоқтатылып, 131-іне айыппұл салынған.
CaspianLife, 3 қазан — Болашақта Атырау-Орал тас жолында жол апатының алдын алу мақсатында ортасы металлоконструкциямен бөлінген төрт жолақты жол салынбақ. Бұл туралы ҚР Үкіметінің жол қозғалысы қауіпсіздігі мәселесіне арналған отырысында ҚР көлік министрінің м.а. Талғат Ластаев мәлімдеді, деп хабарлайды CaspianLife. «Қалалар арасында төрт мың шақырымнан астам төрт жолақты жол салу жоспарлануда» -деді ол. ҚР Көлік министрлігі өкілінің айтуынша, төрт жолақты жолдар Жезқазған – Қарағанды, Атырау – Орал, Ақтөбе – Қызылорда тас жолдарында салынады. Елімізде бүгінге дейін республикалық маңызы бар 3 мың шақырым жол қайта жаңғыртылып, I техникалық санатқа ауыстырылып, бөлу жолақтары мен тосқауылдар салынған. Ішкі істер министрінің орынбасары Марат Қожаевтың…
CaspianLife, 2 қазан — Бүгін ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша облыс әкімі аппаратының басшысы лауазымына Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі Нұрлыбек Жеңісбекұлы тағайындалды. Жаңа басшыны ұжымға облыс әкімі Серік Шәпкенов таныстырып, алдағы қызметіне сәттілік тіледі, деп хабарлайды CaspianLife. Нұрлыбек Жеңісбекұлы 1988 жылы туған. Абай атындағы ұлттық педагогикалық университетінің «филология» факультетін тәмәмдаған. Ресей Федерациясының Президенті жанындағы Ресей мемлекеттік қызмет академиясы халықаралық қатынастар магистрі. Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі. Еңбек жолын 2006 жылы «Қазақстан» телеарнасында тілші болып бастаған. Әр жылдары облыстық және республикалық телеарналарда редактор, сарапшы қызметтерін атқарған. 2013-2017 жылдар аралығында Шымкент қаласы және Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдерінің баспасөз хатшысы, кеңесшісі лауазымдарын…
Құрметті Атырау қаласының тұрғындары және қала қонақтары! Атырау облысы әкімдігінің қолдауымен, Мәдениет, тілдерді дамыту басқармасы мен Атырау облыстық ғылыми-әдістемелік халық шығармашылығы мен мәдени демалыс қызметтерін ұйымдастыру орталығының ұйымдастыруымен Исі түркінің мақтанышы Сұлтан Бейбарыстың 800 жылдығына арналған “Ерлігі ерен ер бабам!” халықаралық ақындар айтысы өткізіледі. Сіздерді айтыс арқылы жат жерде жүрсе де тегін жоғалтпай түркі дүниесіне ортақ болған, бүкіл мұсылман жұртының айбары атанған ардақты бабамызға рухани құрмет көрсету. Қайтпас қайсар баһадүрдің қайраткерлігін, Алтын Ордамен байланысын, өзге елдің сұлтаны бола тұра қазақ даласының топырағын қастерлеп өткен Сұлтан Бейбарыстың ерлігін жас ұрпаққа таныту мақсатында өткізілетін ақындар айтысының құрметті қонағы болуға шақырамыз. Өтетін орны:…
CaspianLife, 2 қазан — Атырау қаласы күні қарсаңында қалалық мәслихат сессиясының шешіміне сәйкес өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық және рухани-мәдени дамуына елеулі үлес қосқан азаматтарға қала әкімі Шәкір Кейкин «Атырау қаласының құрметті азаматы» атағын табыстады, деп хабарлайды CaspianLife Атырау қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. — Бүгін Атырау қаласы үшін артына жақсы із бен іс қалдырған азаматтарға «Қаланың құрметті азаматы» атағын табыстаудың сәті түсіп тұр. Қаламыздың қабырғасы қатайып, әсем қалаға айналуына осы төрде отырған аға-апаларымыздың маңдай тері бар екені сөзсіз. Мұнайлы астанамыздың күннен күнге көркейіп, өркендеуіне қосқан үлестеріңіз зор. Осы орасан еңбектеріңізді жоғары бағаланып, қаламыздың құрметті азаматы атанып жатырсыздар. Лайықты марапатты паш ететін…
CaspianLife, 2 қазан — Жылыой ауданында алғаш рет 5 қазан күні 112 орындық кинотеатр ашылады, деп хабарлайды CaspianLife. «Qaisar Park cinema» атты кинотеатрда 56 адамдық екі зал және күту залы бар. Одан бөлек фастфуд орталығы және сусын мен попкорн сататын орындар қарастырылған. -Аудан тұрғындары баратын мәдени орындардың қатарын көбейту мақсатында және аудан жастарының көңілді уақыт өткізуі үшін кинотеатрды ашқалы отырмыз. Ол осы аптаның бейсенбі күнінен бастап қызмет көрсете бастайды. Жалпы билет бағалары 1500-3000 теңге аралығында болады және киноға билетті ticketon.kz сайтынан алуға мүмкіндік бар. Алғаш ашылатын күні «Пила 10», «Белгісіз батырлар», «Митат», «Арам ақша», «Қарғыс атқан мұра», «Жел иесі», «Щенячии…
CaspianLife, 2 қазан — «Ұлттық ақпараттар технологиясы» АҚ енді eGov mobile мобильді қосымшасы көлік жүргізушілеріне техникалық байқау құжатының мерзімі өтетіні туралы push-хабарламалар жіберетінін мәлімдеді, деп хабарлайды CaspianLife. Қазақстандықтар бүгіннен бастап push-хабарламалардың жаңа түрін алады. Хабарламалар диагностикалық тексеру картасының жарамдылық мерзімі аяқталатыны туралы алдын ала хабарлайды. «Бұл азаматтарға құжаттың жарамдылық мерзімі туралы 30 күн бұрын ескертуге мүмкіндік береді. Жіберілген push-хабарламалар eGov mobile мобильді қосымшасының «Хабарламалар» бөлімінде қолжетімді. Егер мобильді қосымша орнатылмаған болса, пайдаланушыға қосымшаны жүктеуге сілтемесі бар 1414 нөмірінен жаңа хабарлама келгені туралы SMS жіберіледі», — делінген хабарламада. «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқарма төрағасы Ростислав Коняшкиннің айтуынша, push-хабарлама жүргізушілер үшін ыңғайлы,…
