CaspianLife, 26 қыркүйек — Кеше сағат 20:14-те 6а шағын ауданында жеңіл көлік пен жедел жәрдем көлігі соқтығысқан жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды CaspianLife. Жол сақшыларының мәліметінше, Toyota Camry автокөлігінің жүргізушісі жедел жәрдем көлігіне жол бермеген. Зардап шеккендер жоқ. Жеңіл көлік жүргізушісіне ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама жасалды.
Автор: Сайт әкімшілігі
CaspianLife, 26 қыркүйек — Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов табиғи жер сілкінісі Қазақстанның батыс өңірінде, әсіресе мұнай мен газ кен орындарын қарқынды игеру жүріп жатқан жерлерде де болуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды CaspianLife. Оның айтуынша, Атырау облысында мұнай өндіру салдарынан жер сілкінуі мүмкін. Сонымен қатар, Маңғыстау облысы да 8-9 баллдық дүмпу болуы мүмкін аймаққа кіреді. 2023 жылғы жағдай бойынша сейсмикалық қауіпті аймақтарда (елдің шығысы, оңтүстік-шығысы, оңтүстігі) жеті миллионнан астам адам өмір сүреді, өнеркәсіптің 50%-дан астамы шоғырланған, 400-ден астам қалалар мен елді мекендер орналасқан. Биыл Түркияда 50 мыңнан астам адамның өмірін қиған жойқын зілзаладан кейін қазақстандықтар Алматыдағы табиғи дүмпулерге дайын…
CaspianLife, 26 қыркүйек — Атырау облысының 15 мектебіне елдімекендерде тұратын 600 оқушыны тасымалдау үшін мектеп автобустары берілді. Көліктердің кілтін облыс әкімі Серік Шәпкенов салтанатты түрде табыс етті, деп хабарлайды CaspianLife облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. — Тұрғындармен өткен кездесулерде мектептерге автобус беру мәселесі жиі көтеріледі. Бүгін сол мәселенің шешімін тауып, Қазақстанда жасалған автобустарды тарту етіп отырмыз. Ең басты қоғам — балаларымыз. Олардың тиісті деңгейде білім мен тәрбие алуы үшін жағдай жасап, қауіпсіздігін қамтамасыз ету керек. «Ел болам десең, бесігіңді түзе» деген бар. Сондықтан баланың балабақшаға баруынан бастап, мектептегі кезеңдерінде сапалы білім мен тәрбие беріп, қолайлы орта қалыптастыруымыз қажет. Бәсекеге…
CaspianLife, 26 қыркүйек — Атырауда жер қатынастары, сәулет және Атырау қаласы әкімі аппараты бөлімдерінің бұрынғы басшылары қамауға алынды, деп хабарлайды CaspianLife. Облыстық прокуратураның мәліметінше, лауазымды тұлғалар жер учаскелерін бөлу және олардың нысаналы мақсатын анықтау кезіндегі алаяқтық әрекеттері үшін күдікке ілінген. “Прокуратура бұл фактіні ҚК 190-бабының 4-бөлігінің 2-тармағы (аса ірі мөлшерде жасалған алаяқтық) және ҚК 361-бабы (лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану) бойынша тіркеді. Облыс прокуратурасы сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізуде. Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексiнің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесінде өзге ақпарат жария етілуге жатпайды”, – делінген хабарламада.
СаspianLife, 25 қыркүйек — Танымал кинорежиссер Тимур Бекмамбетов атыраулықтармен кездесті. Кездесуге қатысқандар спикерлерге урбанистика және кино саласы бойынша сұрақтарын қойды, деп хабарлайды СаspianLife.
CaspianLife, 25 қыркүйек — Атырауда 1 қазаннан 3 қарашаға дейін Атырау мұнай өңдеу зауыты жөндеу жұмыстарына жабылады, бірақ Энергетика министрлігі бензин мен дизель отынының жеткілікті қоры бар дейді. «Бүгінгі қор туралы айтатын болсақ, бізде жанар-жағармай жеткілікті: АИ-92 – бір айдан астам уақытқа, АИ-95 – 24 күнге, дизель отыны – 36 күнге, авиациялық отын – екі айға жуық уақытқа жетеді», – дейді. Энергетика вице-министрі Ерлан Ақкенженов. Жетпеген жағдайда экспортқа тыйым салынғанына қарамастан Ресейден бензин жеткізу жоспарланып отыр. «Ресей Федерациясы үкіметінің қаулысында ЕурАзЭҚ елдеріне экспортқа қол қойылған индикативтік балансқа сәйкес рұқсат етілгенін атап өткен жөн. Бізде ол құжаттарға қол қойылған. Сондықтан Қазақстанға…
CaspianLife, 25 қыркүйек — Каспий теңізінің Атырау облысы шегінде «Жаркөсе» учаскесі аймағында 22 қыркүйек күні 95 келіден астам заңсыз балық аулаған екі азамат ұсталды, деп хабарлайды CaspianLife. Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының мәліметінше, заңсыз балық аулаумен айналысқан екі азаматқа ҚР Қылмыстық Кодекстің 335 бап 3 тармағы 4 және 5 тармақшалары бойынша қылмыстық іс қозғалды.
CaspianLife, 25 қыркүйек — Атырау облысы Құрманғазы ауданы Сүйіндік ауылынан үш шақырым жерде шопан зымыран снарядының конус тәрізді денесін тауып алды, деп хабарлайды CaspianLife. Оқиға 24 қыркүйек күні сағат 14:35 шамасында Сүйіндік ауылынан 3 шақырым жерде болған. Мал бағып жүрген шопан зымыран снарядының конус тәрізді денесін тауып алады. Зымыранның атаулары мен техникалық сипаттамалары әлі анықталуда. Қазіргі уақытта Құрманғазы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізіп жатыр. Оқиға орнына Атыраудан облыстық ПД-не қарасты «Арлан» арнайы жасағының саперлері аттанды. Сүйіндік ауылдық округінің әкімі Данияр Сабировтың айтуынша, қазіргі уақытта барлық құзырлы органдарға хабарланған, снаряд қалдығы табылған орын қоршауға алынды, зардап шеккендер жоқ.
CaspianLife, 25 қыркүйек — Үкімет 2023 жылғы 21 қыркүйекте «Ақтау теңіз сауда портына халықаралық маңызы бар теңіз порты мәртебесін беру туралы» қаулы қабылдады, деп хабарлайды CaspianLife. «Ақтау теңіз сауда портына халықаралық маңызы бар теңіз порты мәртебесі берілсін» -делінген мәтінде. Қаулы 2023 жылғы 21 қыркүйекте күшіне енді. Құжат Мемлекет басшысының 2022 жылғы 5 шілдедегі жаңа геосаяси жағдайларда республиканың көлік-транзиттік әлеуетін дамыту мәселелері жөніндегі кеңес қорытындысы бойынша берген тапсырмасына сәйкес қабылданған. Атап айтқанда, Қасым-Жомарт Тоқаев теңіз порттарын Каспий теңізінің жетекші тораптарының біріне айналдыруды тапсырды. Айта кетейік, бұған дейін де Ақтау теңіз сауда портында халықаралық мәртебе болған, алайда 2018 жылдың қыркүйегінде Үкімет қаулысымен…
CaspianLife, 25 қыркүйек — Мемлекет арнайы бағдарламаларды жүзеге асыру арқылы отандық өндірістің дамуын ынталандырады. Оған мемлекеттік бағдарламалардың операторы – «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ субсидиялар мен кепілдік беру, сондай-ақ серіктес қаржы ұйымдары арқылы жеңілдетілген несие беру арқылы қолдау көрсетеді, деп хабарлайды CaspianLife. Қор кәсіпкерлерге республикалық бюджеттен бөлінетін қаражат есебінен қолдау көрсетеді. Қор қызметін бастаған күннен бері бағдарлама таңдаудан бастап, жоба жүзеге асқанға дейінгі көрсетілетін көмек ТЕГІН. Қор менеджерлері қолдау сұрап келген әр кәсіпкерге әрекет ету жоспарын қадам-қадаммен түсіндіреді. Мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру басталғалы бері «Даму» Қоры бүкіл Қазақстан бойынша жалпы несие сомасы 11,4 трлн теңге болатын 197 мыңға жуық бизнес-жобаға…
