CaspianLife, 25 қыркүйек — ҚР Қаржылық мониториг агенттігінің мәліметінше, Маңғыстау облысында номиналы 50 доллар болатын америкалық валютаны қолдан жасаған ер адам ұсталды, деп хабарлайды CaspianLife. Жалған ақша жасаушыдан 3850 доллар тәркіленді. Күдікті жалғыз жұмыс жасамауы мүмкін. Сондықтан, Қаржылық мониторинг агентігі қылмысқа қатысы бар басқа да күдіктілерді іздестіруде.
Автор: Сайт әкімшілігі
CaspianLife, 24 қыркүйек — Атырауда қалалық әкімдіктің қолдауымен VI ANNUAL ATYRAU MARATHON өтті. Жыл сайынғы ұйымдастырылып отырған спорттық додаға бүгін 1000-нан астам марафоншы 5,10,21,және 42 шақырым бойынша жүгірді, деп хабарлайды CaspianLife. VI ANNUAL ATYRAU MARATHON нәтижесінде 5 шақырымға жүгіруден ерлер арасында Еркебұлан Аташов мен әйелдер арасында Әсем Абдуғазиева мәре сызығына бірінші боп келді. Ал 10 шақырымға жүгіргендерден ерлер арасында Есенбол Жаңабек, әйелдер арасында Толқын Нұрышева жеңіс тұғырынан көрінді. 21 шақырымға жүгіргендерден ерлер арасында Ислам Аманқос пен әйелдер арасында Ақбілек Құралай, 42 шақырымға жүгіруден ерлер арасында Данияр Орманғали пен әйелдер арасында Дарья Неделкина алтын медаль иемденді. Айта кетейік, спорттық сайыс осымен…
CaspianLife, 22 қыркүйек — Ақтау қаласының жедел басқару орталығының бейнебақылау камераларына кәмелетке толмаған үш баланың жағалаудағы қоршауларды бұзып жатқаны түсіп қалған, деп хабарлайды CaspianLife Маңғыстау облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап. 11, 7, 6 жастағы балалар ойнап жүріп, жағалаудағы қоршауларды бұзып кеткен. Ақтау қалалық полиция басқармасының қызметкерлері кәмелетке толмағандарды ұстап, ата-аналарымен бірге полиция бөлімшесіне алып кетті. Балалардың заңды өкілдеріне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы бойынша (10 АЕК – 34500 теңге) әкімшілік хаттама толтырылды. Сондай-ақ ата-аналармен және балалармен профилактикалық әңгіме жүргізілді. Ата-аналар жағалаудағы қираған балюстраларды өздері қалпына келтіруге дайын екендіктерін білдірді.
CaspianLife, 22 қыркүйек — Strategy&, a part of PwC network «Қазақстан Республикасындағы баға өзгерістерінің талдауы» атты жаңа тұрақты зерттеуінің бірінші санын шығарды, деп хабарлайды CaspianLife Kapital.kz іскерлік ақпарат порталына сілтеме жасап. Компанияның хабарлауынша, зерттеудің мақсаты жекелеген тауарлардың, соның ішінде негізгі азық-түлік тауарлары, дәрі-дәрмек, электроника және тұрмыстық техника, құрылыс материалдары бағасының өзгеруіне қатысты нақты жағдайды көрсету. «2022 жылдың наурыз айынан бастап Қазақстанда екі таңбалы жылдық инфляция (12%) болды, инфляция 2023 жылдың ақпанына дейін 21,3%-ға жетті, содан кейін жылдық инфляция деңгейі маусымда біртіндеп 14,6%-ға дейін төмендеді. Жылдық инфляцияның төмендеуіне қарамастан, азық-түлік бағасының талдауы 2023 жылғы маусымда былтырғымен салыстырғанда (+35%) айтарлықтай өскенін көрсетеді.…
CaspianLife, 22 қыркүйек — Биыл Атырау облысы бойынша 93 есірткі қылмысы тіркелген. Бұл 2022 жылмен салыстырғанда 23 пайызға аз, деп хабарлайды CaspianLife. Жыл басынан бері есірткі қылмысы бойынша 58 адам сотталып, оның 44-і бас бостандығынан айырылды. 36 кг есірткі және психотроптық заттар тәркіленген. «Құрамында 7 адам бар ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері 4 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынган айырылды. Олар облыс аймағында аса ірі мөлшерде есірткі заттарын өсірумен және сақтаумен айналысқан» -деді Атырау облысы прокурорының орынбасары Ғалыман Тілеутаев. Оның айтуынша, наақорлық пен есірткі құралдарының заңсыз айналымы халықтың ұлтына, әлеуметік жағдайына, жынысына, дініне қарамастан қоғамның дамуына, қылмыстың өсуіне, зорлық-зомбылықтың көбеюіне әсер…
CaspianLife, 21 қыркүйек — Атырау облысы жылыту маусымына 87% әзір. Оның ішінде медициналық нысандардың 96, тұрғын үйлердің 93 пайызында дайындық жұмысы аяқталған, деп хабарлайды CaspianLife. Атырау облыстық энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Айдулат Кенжебеков қоғамдық кеңес отырысында қысқа дайындық туралы есеп берді. Оның айтуынша, биыл жылыту маусымына 5,7 млрд теңге бөлінген. Кенжебеков облыстағы электр желілерінің 40 пайызының тозғанын да мәлімдеді. Бұл мәселені шешу үшін 2024-2025 жылдары инвестициялық бағдарлама аясында 4 қосалқы станса мен 102 шақырымнан астам әуе желісі жаңартылмақ. Одан бөлек, аудандардағы 5200 бағана да әбден ескірген. Оларды ауыстыруға конкурс жұмыстарына 100 млн теңге бөлінді. 5 ауданда конкурс…
CaspianLife, 21 қыркүйек — Атырау қаласында су құбырларындағы 67 бұранда (вентиль) мен ысырмалар (затвор) ауыстырылды. Бұл туралы «Атырау облысы Су арнасы» КМК директордың өндіріс бойынша орынбасары Ғасыржан Лекеров мәлімдеді, деп хабарлайды CaspianLife Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап. Бұл жұмыстар сумен жабдықтау желілеріндегі апаттық жағдайлардың санын азайту үшін және техникалық су шығарындыларының алдын алу мақсатында жүргізілуде. Сондай-ақ, Ғ.Лекеров өңдеу жұмыстары жүріп жатқан мөлтек аудандарды атап өтті. — Су құбыры желілеріне диаметрі 100 мм-лік 19 бұранда Қызылбалық, Жұмыскер ауылдары, Ширина, Сарықамыс, Балықшы ықшам аудандары мен Құрманғазы көшесінде орнатылды. Сонымен қатар, Мирный, Балықшы, Жұмыскер елді мекендері мен Құрманғазы көшесінде диаметрі 150 мм болатын…
CaspianLife, 21 қыркүйек — Исатай ауданында 100 келі бекіре балығын тасымалдаған жүргізуші ұсталды, деп хабарлайды CaspianLife. Атырау облысы ПД мәліметінше, 11 қыркүйек күні «Бекіре-2023» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Атырау-Астрахань тас жолындағы көліктерді тексеру барысында «Шкода Рапид» автокөлігі тоқтамай қашып кеткен. Кейін 30 жастағы жүргізуші Исатай ауданы Сарыөзек ауылының қара жолына көлікті тастап кеткені анықталды. Көлікті текеру барысында 4 қап, жалпы салмағы 100 келіге жуық бекіре тұқымдас балық тәркіленді. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 339-бабына сәйкес тергеу амалдары жүргізілуде.
CaspianLife, 21 қыркүйек — Облыс аумағында 10 қыркүйек пен 31 қазан аралығында өтіп жатқан «Бекіре-2023» күзгі кезең жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында, заңсыз балық аулаған 46 азамат анықталған, деп хабарлайды CaspianLife. Атырау облысы Балық қорларына қылмыстық қол сұғушылыққа қарсы күрес жөніндегі полиция бөлімі қызметкерлері 46 азаматқа ҚР ӘҚБтК-нің 383-бабы 1-бөлігімен (балық аулау қағидаларын бұзу) әкімшілік хаттама толтырды. Сонымен қатар, ҚР ҚК-тің 339-бабы 1-бөлігімен (Өсімдіктердің немесе жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу) 2 қылмыстық құқық бұзушылық анықталды. Қазір құқық бұзғандар Атырау қаласы Полиция басқармасы №1 қалалық полиция бөлімінің жедел-тергеу тобында.…
CaspianLife, 21 қыркүйек — Маңғыстау облыстық ауруханасының урология бөлімшесінде өрт қаупі болып, 470 адам қауіпсіз жерге шығарылды деп хабарлайды, CaspianLife. ТЖД берген ақпарат бойынша, 20 қыркүйек күні кешкісін сағат 22:38-де облыстық аурухана ғимаратынан түтін шыққаны туралы хабарлама келген. 6 қабатты ғимараттың 3-қабатында орналасқан урология бөлімшесіндегі медбике шаруашылығы бөлмесінің желдету каналында жану ошағы табылған. 470 адам эвакуацияланды, оның 150-і ТЖД күшімен қауіпсіз жерге шықты. Зардап шеккендер мен жарақат алғандар жоқ. Қауіп 23:31-де жойылды. Қазір Маңғыстау облыстық ауруханасы штаттық режимде жұмыс істеуде.
