CaspianLife, 18 қыркүйек — Қазақстанда саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссиясымен 1929-1956 жылдар аралығындағы саяси қуғын-сүргін құрбандарына қатысты 2,4 миллионнан астам мұрағат карточкалары құпиясыздандырылды, деп хабарлайды CaspianLife. ҚР Бас прокуратурасының мәліметінше, 251 мың арнайы қоныс аударылғандардың ісі Президент Мұрағатына өткізілді, кейіннен олар мүдделі тұлғаларға қолжетімді болады. 265 мың іс жыл соңына дейін мұрағатқа өткізіледі. 311 мың адам мәжбүрлі, арнайы қоныс аударылғандар және қылмыстық жауапкершілікке тартылғандар қатарынан ақталған.
Автор: Сайт әкімшілігі
CaspianLife, 18 қыркүйек — Б.Құлманов көшесі 19 қыркүйек күні сағат 9:00-ден бастап уақытша жабылады, деп хабарайды CaspianLife. Атырау қаласы әкімдігінің мәліметінше, Қ.Ерниязов көшесінен Худина көшесіне дейінгі 250 м аралықта орташа жөндеу жұмыстары жүргізілмек. Жұмыстар жоспар бойынша кезең кезеңімен жүреді.
CaspianLife, 18 қыркүйек — Қыркүйек айында ІІМ Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаменті кезекті ауқымды «STOP-трафик» операциясын жүргізді. Адам саудасына қатысты 30 қылмыс анықталған, деп хабарлайды CaspianLife. Атырау облысы полиция қызметкерлері 25 жастағы туған сіңілісін жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген Өзбестан Республиканың тумасын анықтады. Тексеру барысында анықталғандай, күдікті 2021 жылдың мамыр айында жәбірленушіні Ташкенттен Шымкентке, кейін Атырауға әкеліп, азық-түлік дүкеніне сатушы болуға жұмыс ұсынған. Бірақ келген соң құжаттарын алып, физикалық күш көрсеткен және жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген. Аталған факт Қылмыстық кодекстің 308-бабы (жезөкшелікпен айналысуға тарту) бойынша тіркеліп, тергеу амалдары жүргізілуде. Сондай-ақ, Маңғыстау облысының полицейлері 44 жастағы Өзбекстан азаматын бірнеше жыл бойы алдап, құжаттарын бермей,…
CaspianLife, 18 қыркүйек — Әділет министрлігі соңғы кезде жиілеп кеткен алаяқты әрекеттерден сақтануға шақырады, деп хабарлайды CaspianLife. Алаяқтар енді өздерін әділет органдарының қызметкері ретінде таныстырып, азаматтарды сендіру үшін мемлекеттік қызметкердің жалған ID карталарын көрсетуде. «Соңғы уақытта алаяқтар ҚР Әділет министрлігі басшылығының атынан азаматтарға хабарласып, жеке мәліметтерін сұрап жатыр. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі жеке деректерді (Аты-жөні, ЖСН, мекенжайы, телефоны) үшінші тұлғаларға және күмәнді интернет-ресурстарына бермеуге шақырады», — деді ведомствоның ресми өкілі Талғат Уәли.
CaspianLife, 18 қыркүйек — Атырау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін сағат 9:00-ден бастап С.Датов көшесінің бойы уақытша жабылды деп хабарлайды, CaspianLife. Канцев көшесінен С.Датов көшесінің №35 «А» үйіне дейінгі 300 метр аралықта қайта жаңғырту жұмыстары жүруде.
CaspianLife, 18 қыркүйек — Бүгін Атырау облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды CaspianLife. «Қазгидромет» РМК Атырау облысы бойынша филиалының мәліметіне сәйкес, күндіз Атырау облысының шығысында қатты жаңбыр жауып, оңтүстік, батыс және шығыста найзағай ойнайды. Күндіз найзағай кезінде солтүстік-шығыстан, солтүстіктен 15-20 м/с жел соғады.
CaspianLife, 15 қыркүйек — Атырау облысының Махамбет аудандық сотында Өзбекстан Республикасының азаматтарына қатысты Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 517-бабының 5-бөлігімен көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы 19 іс қаралды, деп хабарлайды CaspianLife. Сот анықтағандай, Махамбет ауданында шетел азаматтары жергілікті атқарушы органның рұқсатынсыз құрылыс нысандарында, шаруа қожалықтарында, техникалық қызмет көрсету станцияларында және қоғамдық тамақтандыру ұйымдарында жұмыс істеген. Сот қаулысымен Өзбекстан Республикасының азаматтары кінәлі деп танылып, әрқайсысына 86 250 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.
CaspianLife, — Атырау ауылдық округі, Құрманғазы ауылында спорт алаңы және ойын алаңының құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды CaspianLife. Аталған жұмыстарды «ЭкоПласт» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі атқаруда. Салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған нысан жылдың қыркүйек айының соңына дейін пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Сонымен қатар,Лесхоз мөлтек ауданында “Қиын өмірлік жағдайдағы адамдарды қайта орналастыру орталығы” КММ ғимаратының “ құрылысы қарқынды жүргізілуде. Жаңа орталық 55 адамға арналған. Жобаға сәйкес,ғимараттың бірінші қабатында-асхана,дәрігерлік және қабылдау бөлмесі қарастырылған. Ал,екінші қабатында жатын бөлме.Үшінші қабатында жұмысшылардың бөлмесі бар. Жұмыстарды «БатысСтройСервис-Атырау» ЖШС атқаруда.Аталған нысанды жылдың соңына дейін ашу жоспарлануда.
CaspianLife, 15 қыркүйек — «Теңізшевройл» ЖШС Облыстық мүгедектерді оңалту орталығы мен №3 Арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығына әрбірінің құны 33 млн теңге тұратын шағын автобустарды сыйға тартты, деп хабарлайды CaspianLife Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап. «Jac Sunray» маркалы көліктер толықтай жабдықталған және ерекше қажеттіліктері бар адамдарды қауіпсіз тасымалдауға бейімделген. Шағын автобустардың әрқайсысына 6 жолаушы отыра алады. Сондай-ақ екі мүгедектер арбасына арналған арнайы бекіткіштері бар және күші 300 кг-ға дейін жүк көтергішпен жабдықталған. Атырау облысы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарлама басқармасының басшысы Азамат Мәмбетов бұл көліктер әлеуметтік орталықтар үшін үлкен көмек екеніне тоқталды. Сондай-ақ, ол Облыс әкімінің қолдауымен Атырау қаласының…
CaspianLife, 15 қыркүйек — Атырау облысында «Nazik group» ЖШС және «Andorra Construction» ЖШС құрылтайшыларына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды CaspianLife. Олар үлестік тұрғын үй құрылысына 650 миллион теңге салған 30-дан астам азаматтың қаражатын заңсыз алды деген күдікке ілінген. Күдіктілердің әрекетінің нәтижесінде үлескерлер 2 жыл өтсе де әлі баспана алмаған. Аталған серіктестіктердің құрылтайшылары сот санкциясымен қамауға алынды. Өз кезегінде облыс прокуратурасы «әр азамат қырағы болуы керек және объективті ақпарат алу үшін жергілікті атқарушы органдардың басқармаларына немесе құрылыс бөліміне хабарласу қажет» деп атап өтті. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіндегі өзге де мәліметтер жария етілмейді.
