Автор: Сайт әкімшілігі

CaspianLife, 15 қыркүйек — Атырау қаласында 2 наурыз бен 12 қыркүйек аралығында 277 адамның қызылшамен ауырғаны анықталған, деп хабарлайды CaspianLife. Бұл туралы брифингте санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әлия Бекешова мәлімдеді. №2 облыстық аурухана директоры Надя Ерғалиеваның айтуынша, науқастардың арасында шетелдіктер де бар: түркиялық 3, тәжікстандық 2 және БАӘ-нен келген 1 адам қызылшамен ауырған. Ал №7 қалалық емхананың директоры Гүлнафис Танбаева Атырау облысында қызылша ауруының бұрынғы ошағы 2019 жылы болғанын айтты. Одан кейінгі үш жылда ешкім ауырған жоқ. Биыл қайта басталуда.

Read More

CaspianLife, 15 қыркүйек — Желіде Атырау-Астрахань тас жолындағы айналма жолды нөсер жаңбырдан кейін су шайып кеткен видеосы тарады, деп хабарлайды CaspianLife. 3 айдан кейін ашылуы керек болған жолдың бүгінгі жайы желі қолданушыларын алаңдатуда. Көлік қозғалысы шектеліп, жолдың екі бағытында да жүру мүмкін емес. Айта кетейік, жөндеу жұмысынан өткен тас жол 2023 жылдың соңына дейін ашылуы тиіс еді. Жоба толығымен 2024 жылы аяқталады.

Read More

CaspianLife, 14 қыркүйек — Атырау облысы ПД Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері 8 қыркүйек күні жедел-ідестіру шараларын жүргізу кезінде Жылыой ауданындағы бағанаға ілінген электр кабельдеріне ұрлыққа түскен 26 жастағы 2 жігіт және 24 және 25 жастағы  тұрғындарды ұстады, деп хабарлайды CaspianLife. Сондай-ақ, 24 жастағы күдіктінің Газель автокөлігін тінту кезінде шамамен 4 шақырым жоғары вольтты электр желісінің кабелі тәркіленген. Жылыой ауданы аумағында электр бағаналарын орнатып, тоқ жүргізіп жатқан компанияларға 100 млн теңгеден астам шығын келтірілген. Тергеу барысында өз кінәсын мойындаған жігіттер ұрланған кабельдерді Ақтөбе қаласындағы темір-металл қабылдау орталығына тапсырғандарын айтқан. Қазір оларға қатысты 16 эпизодты қылмыстық іс басталып, «күзетпен ұстау» бұлтартпау шарасы…

Read More

CaspianLife, 14 қыркүйек — «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы бірінші жартыжылдықтағы көрсеткіштер туралы есеп берді, деп хабарлайды CaspianLife. Компанияның кірісі 3 943 млрд теңгені құрады. Бұл былтырғы жылдың бірінші жартыжылдығындағы көрсеткіштен 15,1%-ға төмен. Кіріс динамикасына Brent маркалы мұнайдың орташа бағасының 2022 жылмен салыстырғанда 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында 26,2%-ға төмендеуі теріс әсер еткен. EBITDA көрсеткіші 1 116 млрд теңге және 1 393 млрд теңгемен салыстырғанда 19,9%-ға төмендеген. «Мұнай және газды барлау және өндіру» сегментінде Brent маркалы мұнайдың орташа бағасының төмендеуіне байланысты көрсеткіш 25%-ға төмендеді. Компанияның таза табысы 2022 жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда 36,6%-ға азайып, 492 млрд теңгені құраған. Бірінші жартыжылдықта ҚМГ мұнай және…

Read More

CaspianLife, 14 қыркүйек — Қазақстанның бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Нұрқан Сәдуақасов 2023 жылдың 1 қазанынан бастап эпидемияға қарсы іс-шараларды, оның ішінде тұмауға қарсы вакцинациялауды жүргізу туралы қаулыға қол қойды, деп хабарлайды CaspianLife. Қаулыға сәйкес ЖРВИ және тұмау бойынша эпидемиялық маусымда 1 қазаннан бастап тұмауға қарсы екпе жүргізіледі, медициналық ұйымдардың кіре берістеріне «сүзгілер» қойылып, маскалар мен антисептиктерді қолдану енгізіледі. Сондай-ақ, ЖРВИ, тұмау белгілерімен үйге шақырған жағдайда жүкті әйелдер мен 1 жасқа дейінгі балаларға бірінші кезекте қызмет көрсетілу қажет. Мектепке дейінгі балалар ұйымдарында күнделікті сүзгіні жүргізу, ЖРВИ және тұмау белгілері бар балаларды шеттетуді қолға алу керек. Орта білім беру ұйымдарында: бір инкубациялық…

Read More

CaspianLife, 14 қыркүйек — Атырау облыстық ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл қызметкерлері 2 қыркүйек күні қала аумағында синтетикалық есірткі заттарын сақтаған 22 жастағы күдіктіні анықтаған, деп хабарлады CaspianLife. Сараптама қорытындысына сәйкес, 13,66 грамм «Альфа-PVP» және 0,94 грамм «Мефедрон» – синтетикалық есірткісі табылды. Қазір күдіктіге қатысты «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған. Күдіктінің айтуынша, ол желідегі жарнама арқылы ақшасына қызығып, шілде айында жұмысқа орналасқан. Аталған дерек бойынша ҚК-тің 297-бабы 3-бөлігімен сотқа тергеп-тексеру басталды. Өзге ақпарат ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды. Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1 тармақшасы, КПК-нің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес адамның кінәлі екендігі заңды күшіне енген сот үкімімен танылғанша ол жасалған қылмысқа…

Read More

CaspianLife, 13 қыркүйек — Атырау қаласының прокуратурасы Білім бөлімінің лауазымды тұлғалары жетім балалардың мүліктік құқығына бейжай қарағанын анықтады, деп хабарлайды CaspianLife. Кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын қамтамасыз ету прокурорлық қадағалаудың басты бағыттарының бірі. «ҚР бала құқықтары туралы» Заңға сәйкес жергілікті органдар жетім балаларға мұраға қалған үйдің сақталуын бақылауы тиіс. Дегенмен, 5 жетім баланың мұраға қалған мүлкіне үшінші тұлғаларға сатуға заңды тұрғыда шектеу қойылмаған, мұрагерлік ашылмаған. Салдарынан балалар мүліктен айырылып қалуы мүмкін. Прокурорлық қадағалау шаралары нәтижесінде мұрагерлік ашылып, тиісті шектеулер қойылды. Қалалық білім бөлімі мамандары тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Read More

CaspianLife, 13 қыркүйек — Құлсары — Атырау бағытындағы тасжолда жол-көлік оқиғасы салдарынан 1 адам мерт болды, деп хабарлайды CaspianLife. Атырау облысы ПД мәліметінше, 12 қыркүйек күні сағат 20:50 шамасында «Toyota» автокөлігінің 29 жастағы жүргізушісі 1 адамды қағып кетіп, Доссор селолық ауруханасына алып келді. Дәрігерлер Мақат ауданы полиция бөлімінің кезекші бөлімшесіне белгісіз ер адамның мүрдесін алып келгендігі жөнінде хабарлаған. Дегенмен, ауыр соққы салдарынан 59 жастағы азамат оқиға орнында көз жұмды. Тексеріс барысында марқұмның 1 топ мүгедегі екені анықталды. Оқиға Доссор кентінде орналасқан газ жанармай бекеті тұсында болған. Қазір аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігімен қылмыстық іс тіркелді.

Read More

CaspianLife, 13 қыркүйек — Алматы-Ақтау бағытындағы ұшақтың мас жолаушысы экипаждың және Ақтау қаласының әуежайында желілік полиция бөлімі қызметкерлерінің заңды талабына бағынбаған, деп хабарлайды CaspianLife. Көліктегі ПД бастығы Бақытжан Малыбаевтың айтуынша, ағымдағы жылдың сегіз айында Қазақстанның әр өңіріндегі көлік полицейлері 33 749 азаматты әкімшілік жауапкершілікке тартты. Оның ішінде 3353-і алкогольдік ішімдіктерді ішіп, қоғамдық орындарға мас күйінде шыққаны үшін, 514-і ұсақ бұзақылық үшін, 38-і әуе кемесінде тәртіп ережелерін бұзғаны үшін жауапқа тартылған. Мысал ретінде, Б.Малыбаев Ақтау әуежайындағы желілік полиция бөліміне «Эйр Астана» әуе компаниясының өкілінен Алматы-Ақтау рейсіндегі жолаушыға шара қолдану туралы хабарлама түскенін айтты. Тексеру барысында көлік полицейлері 24 жастағы Ақтау қаласының…

Read More

CaspianLife, 13 қыркүйек — Блогер Заида Онуора кибербуллингке ұшырағанын және полицияға арызданғанын айтты. Бойжеткен африкалық азаматқа тұрмысқа шығып, бір жыл бұрын сәбилі болғаны үшін желі қолданушылары қоқан-лоқы көрсетіп, жағымсыз пікір жазған, деп хабарлайды CaspianLife. Заида жұбайымен түскен суреттер мен бейнероликтерін жариялап,оқырмандарымен бөлісіп жүр. Дегенмен оның жеке өмірі кейбір желі қолданушыларына жақпаса керек.Жарияланған посттардың астына бойжеткен мен оның жақындарына балағат сөз жазып, мен қоқан-лоқы көрсеткен пікірлер қаптап кетті. Өткен жылдың маусым айында Онура әлеуметтік желілердегі буллинг жөнінде полицияға хабарласқан. Бірақ бір жыл бойы оның өтінішіне жауап берілмеген. Енді желідегілер оның сәбиіне қатысты жағымсыз пікірлер жазуда. Заида Instagram желісінде жазылған пікірлердің скриншоттарын…

Read More