CaspianLife, 11 қыркүйек — Атырауда қоян-қолтық ұрысынан ҚР кубогы өтіп, оған 8 облыстан жалпы саны 100-ге жуық спортшы қатысты. Ерлер 8, әйелдер 5 салмақ дәрежесі бойынша боз кілемде күш сынасты, деп хабарлайды CaspianLife. Ерлер арасында командалық есепте 1-ші орынға Астана құрамасы ие болса, 2-ші орын Атырау облысына тиесілі. Ал үшінші орын Алматыдан келген спортшыларға бұйырды. Әйелдердің арасында өткен сайыстың нәтижесінде командалық есепте атыраулық спортшылар топ жарды. Ал 2-ші және 3-ші орынды алматылық және астаналық қыз-келіншектер бөліп алды. Республикалық жарыс қазан айында Белорусь астанасы Минск қаласында өтетін әлем кубогіне қатысатындарды іріктеу мақсатында өткізілді. «Қоян-қолтық ұрысы Атырауда жақсы дамып келеді. Олимпиадалық емес…
Автор: Сайт әкімшілігі
CaspianLife, 11 қыркүйек — Мемлекет басшысы «QazaqGaz» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Санжар Жаркешовті қабылдады, деп хабарлайды CaspianLife. Санжар Жаркешов: Ұлттық компанияның биылғы бірінші жартыжылдықтағы негізгі қаржы-шаруашылық көрсеткіштері және газ саласын реформалау барысы туралы есеп берді; 2022 жылдың басынан бері «QazaqGaz» ҰК» АҚ өз қаражаты есебінен Атырау және Маңғыстау облыстарында, сондай-ақ Алматы қаласында сомасы 400 миллиард теңге болатын инвестициялық жобаларды жүзеге асырғанын баяндады; Ұлттық компания 2022 жылдың басынан бері үй шаруашылықтары мен кәсіпорындар үшін газ бағасын 389 миллиард теңгеге субсидиялаған. Осы кезеңде 450 мыңға жуық қазақстандық табиғи газға қол жеткізген; Газ тапшылығы мәселесінің шешілуіне қатысты мәлімет берді; Бейнеу-Бозой-Шымкент магистральды газ құбырының…
CaspianLife, 11 қыркүйек — Қызылорда облысында “Қарасора-2023” іс-шарасы барысында есірткінің аса ірі партиясын тасымалдаған екі ақтөбелік ұсталды, деп хабарлайды CaspianLife. 9 қыркүйекте Самара–Шымкент тасжолында Қызылорда ПД патрульдік полиция рота қызметкерлері жылдамдық режимін бұзған Nissan Maxima автокөлігін тоқтатқан. Тексеру барысында көліктің жүксалғышынан екі үлкен полиэтилен пакетіне оралған жасыл түсті зат анықталып, тәркіленді. Кейін сараптама жүргізіліп, алынған зат 20 келі 143 грамм кептірілген марихуана екендігі нақтыланды. 31 жастағы көлік жүргізушісі мен 30 жастағы жолаушысы Ақтөбе облысының тұрғындары болып шықты. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігімен (Аса ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз…
CaspianLife, 8 қыркүйек — Құлсарылық оқушылар халықаралық жарыста бақ сынайды, деп хабарлайды Caspian Life. 5 дарынды оқушыдан құралған «E=mc2» командасы Астанада өтіп жатқан FIRST Global Challenge робототехника бойынша халықаралық жарыстың Орталық Азия кезеңіне жолдама алды. Биыл көктемде Құлсары қаласының №8 мектебіндегі STEAM зертханасының базасында Теңізшевройл компаниясының қолдауымен Zhylyoy STEAM Mekeni жобасы ұйымдастырған қызықты хакатон өтті. Іс-шараға 370 оқушы қатысып, Ерболат Абдулла, Нұрым Ермекбай, Ғабдурахман Сайын, Сағындык Қайырғалиев және Нұртас Сағатжан жеңімпаз атанды. Жарыстың басты жүлдесі — финалдық ойындар өтетін Сингапурдағы халықаралық кезеңге саяхат. «E=mc2» командасын тәжірибелі жаттықтырушы және тәлімгер, осы жазда Алматы қаласында өткен FIRST Lego Championship жарысында жеңіске жеткен…
CaspianLife, 8 қыркүйек — Бұрын облыс тұрғындары денсаулық сақтау мәселелері бойынша қалалық 98-02-92 нөміріне хабарласса, қазір тәулік бойы жұмыс істейтін байланыс орталығы жұмыс істейді, деп хабарлайды CaspianLife. Өңірлік коммуникациялар қызметінің хабарлауынша, енді Атырауда облыстық денсаулық сақтау басқармасының тәулік бойы жұмыс істейтін байланыс орталығы жаңа 1309 бірыңғай нөмірі арқылы қоңырау қабылдайды. Стационарлық және ұялы телефондарға қоңырау шалу тегін. Қазіргі уақытта «Қазақтелеком» мамандары барлық ұялы байланыс операторларының барлық провайдерлерімен, яғни Active, Tele-2, Beeline, Altel, KCell және т.б желілермен байланыс орнатуда. Аталған желілерге қосылу жұмыс күні аяқталғанға дейін жүзеге асырылады деп күтілуде.
CaspianLife, 8 қыркүйек — ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту Агенттігінің мәліметінше, «ТЭК-Қазақстан сауда үйі» ЖШС нарықтағы үстем жағдайын асыра пайдаланған, деп хабарлайды CaspianLife. Монополияға қарсы агенттіктің назарына локомотивтерді жабдықтау бойынша қызметтердің (темір жолдар шекарасында дизельдік отынды қабылдау, сақтау және тарату) бағалары түсті. 2023 жылдың 20 сәуірінде компанияға 1,6 млрд теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынған. Жаза монополияға қарсы заңнаманы бұзғаны үшін тағайындалды. Аталған компания тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың күйеу баласы Тимур Құлыбаевқа тиесілі. «ТЭК-Қазақстан» сауда үйі» ЖШС республикадағы жанармай қоймаларының ең ірі желісі. 2001 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан компанияның Қазақстан бойынша жалпы сыйымдылығы 234 мың текше метр дизельдік отын,…
CaspianLife, 8 қыркүйек — Бұл туралы облыстық Санитарлық-эпидемиялогиялық бақылау департаментінің бөлім басшысы Айнагүл Сәрсенғалиева мәлімдеді, деп хабарлайды CaspianLife. Оның айтуынша, өңірде 2 наурыздан 7 қыркүйекке дейін қызылша ауруына күдікпен 372 жағдай тіркелген. Олардың ішінде 337-і Атырау қаласында, Жылыойда — 16, Құрманғазыда — 7, Махамбетте 6 және Исатай, Қызылқоға, Индер аудандарында 2 жағдай. Ал 269 жағдай зертханалық жолмен дәлелденіп отыр. — Қызылша инфекциясының алдын алуға бағытталған күрестің жалғыз және тиімді шарасы – бұл вакцинопрофилактика,- деді А.Сәрсенғалиева. Облыста балаларды қызылшаға қарсы вакцинациялау қызылша, қызамық және эпидемиялық паротитке қарсы біріктірілген вакцина егу арқылы жүзеге асады. Вакцина Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен сертификатталған. Ол тиімді…
CaspianLife, 8 қыркүйек — Жазушы Кемел Тоқаевтың 100 жылдығына орай өткен қазақ күресінен ересектер арасындағы Әлем кубогынан атыраулық 2 спортшы жеңіспен оралды, деп хабарлайды CaspianLife. Додаға 20 мемлекеттен 150 спортшы қатысқан. Жерлесіміз Бекет Жүніс 55 кг салмақ дәрежесінде үш белдесу өткізіп, бірінші сында тәжік палуанын айқын басымдықпен жеңсе, екінші белдесуде өзбек палуанын жеңіп, ақтық айқаста қырғыз палуанын ұтқан. Осылайша ол Әлем кубогында жеңіске жетті. Ал Нұрболат Ізімғалиев 66 келі салмақта Эстония спортшыларын жеңіп, күміс жүлдені иеленді. -Жарыс жоғары дәрежеде өтті. Мұнда бірінші орын алған спортшылар «Халықаралық спорт шебері» нормативін орындады. Жүлде қоры бірінші орынға 3 млн, екінші орынға 2 млн,…
CaspianLife, 8 қыркүйек — Маңғыстау облысының топырағында мұнай өндіргенде шыққан екі млн тоннаға жуық қалдық қалған. Экологтар оны тазартуды талап етуде, деп хабарлайды CaspianLife. Мұнай компаниялары кен орындарын игергеннен кейінгі қалдықтарды тазалауға міндетті. Ластанған жерлерді тазалауға 13 млрд теңге бөлінген. Барлық жұмыстар мұнай өндіруші кәсіпорындар есебінен жүргізілуі тиіс. Экологтар мұнай қалдықтарын осылай көму қоршаған ортаға айтарлықтай зиян тигізетінін айтуда. «Олардың әсері желдің көмегімен тарайды, жер асты суларына түседі, сондықтан тазалау шараларын жүргізуді талап етеміз», — дейді Маңғыстау облысы бойынша экология департаментінің басшысы Руслан Төкенов.
CaspianLife, 8 қыркүйек — Биыл наурыз айында Атырау облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл қызметкерлері есіркі заттарын жасырын қойып кетумен айналысқан 2006 жылғы жасөспірімді анықтаған еді. Тексеру кезінде 26,7 грамм Альфа-PVP синтетикалық есірткісі мен 16 дана изолентаға түйілген орама тәркіленген, деп хабарлайды CaspianLife. 17 жастағы жасөспірім заңмен тыйым салынған мефедрон ситетикалық есірткісін OLX әлеуметтік желісі арқылы қала аумағындағы кез келген жеге жасырын қойып кетіп, ақша таппақ болған. Енді оған аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 297-бабының 3-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін сот шешімімен 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
