CaspianLife, 8 қыркүйек — Көпір бойында орналасқан жылу жүйелерін жаңарту үшін 11 қыркүйекке дейін Тұрғын үй қалашығы көпірі арқылы көлік қозғалысы уақытша тоқтатылады, деп хабарлайды CaspianLife. Айта кетейік, М.Әуезов көшесін де толығымен 11 қыркүйек күні ашу жоспарлануда.
Автор: Сайт әкімшілігі
CaspianLife, 7 қыркүйек — Бүгінде Балықшы және Алмагүл ықшам ауданында орналасқан саябақтарға жөндеу жұмыстары басталды, деп хабарлайды CaspianLife. Саябақтың жөндеу жұмыстарын “Данас и К” ЖШС атқаруда. Аталған жұмыстар барысында қоршаулар сырланып, төсем тастарды ауыстырылады. Заманауи көше жарық шамдары мен балалар ойын алаңдары, және воркаут орнатылады. Сондай-ақ, отырғыштар және қоқыш жәшіктерін орнату қарастырылған. Құрылыс жұмыстары жыл аяғына дейін толықтай аяқталады деп күтілуде.
CaspianLife, 7 қыркүйек — Түркістан облысында 5 жасар қызды зорлап, кейін аяусыз өлтірген қылмыскер өмір бойына бас бостандығынан айырылады, деп хабарлайды CaspianLife. Сот отырысы жабық режимдегі тергеу изоляторында өтті. 48 жастағы сотталушы ұзақ уақыт бойы ішімдікке салынғандықтан есінде ештеңе қалмағанын айтты. Сот үкімі бойынша айыпталушы өмір бойына бас бостандығынан айырылып, оған химиялық кастрациялау және 100 млн теңге айыппұл тағайындалды. Айта кетейік, көптеген дене жарақатын алған қыздың денесі 13 шілде күні айыпталушының ауласынан табылған еді. Ол бұған дейін де кісі өлтіргені үшін 10 жыл түрмеде болған.
CaspianLife, 7 қыркүйек — 6 қыркүйек күні Атырау қаласының әкімі Ш.Кейкиннің төрағалығымен Атырау қалалық табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын-алу және жою жөніндегі қалалық комиссия мәжілісінің кезектен тыс отырысы өтті, деп хабарлайды CaspianLife Атырау қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жиынға облыс және қалалық мәслихат депутаттары, қаламыздағы ірі мекеме өкілдері мен қоғамдық кеңес мүшелері, жауапты бөлім және басқарма басшылары қатысты. Күн тәртібінің басты мәселесі – күзгі-қысқы маусым айында нормадан тыс жауған жауын-шашын мен қалың қардың салдарынан қала тұрғындары мен көлік қатынасына қолайсыз және апатты жағдай тудырмай, уақытында апаттың алдын алуға, аталған ұйымдар мен мекемелердің бірігіп мәселені шешу мақсатында әкімдікпен…
CaspianLife, 7 қыркүйек — Мұнайлы ауданының тұрғындары Басқұдық ауылындағы өрт сөндіргіштерді қалпына келтірген соң ұнтақ қалдықтарын көшеге лақтырған цех жұмысшыларына шағымданды, деп хабарлайды CaspianLife mangystaumedia ақпараттық порталына сілтеме жасап. — Назар аударыңыз SOS! Ынтымақ көшесіндегі мына цехта бөлшектеп, кейін өрт сөндіргіштерді қайта қалпына келтіріп жатқан көрінеді. Сонымен қатар ұнтақтың қалдықтары көшеге шашылған. Бұл тыныс алу жолдарының шырышты қабығын тітіркендіретін, спазмды, жөтелді және басқа қауіпті салдарды тудыратын заттар. Әрекет жасаңыз! – деп жазады әлеуметтік желі қолданушысы. Желідегі мәліметтерге сәйкес: өрт сөндіргіш ұнтақтар — ұсақталған әр түрлі қоспалары бар майда минералды тұздар. Өрт сөндіргіш ұнтақтарды аммоний фосфор тұздары (моно-, диаммоний фосфаттары, аммофос),…
CaspianLife, 7 қыркүйек — Бүгін Атырауда таңғы сағат 07:15 шамасында Балықшы ықшам ауданындағы көпірден 1 адам секіріп кеткен, деп хабарлайды CaspianLife. Қазір іздестіру жұмыстары жүргізілуде.
CaspianLife, 6 қыркүйек — Энергетикалық сусындар мен тез дайындалатын тағамға тым әуес болған 17 жастағы бозбала шұғыл түрде дәрігердің көмегіне жүгінді. Оқиға Алматыда болған, деп хабарлайды CaspianLife. Науқас ауыр хәлде №2 балалар клиникалық ауруханасына арбамен жеткізілді. Дәрігерлердің айтуынша, күнделікті энергетик ішіп, жарты жыл бойы тек фастфудпен тамақтанғандықтан бауырына қатты зақым келген. «Оны толықтай тексерген кезде, қызуы көтеріліп, ерні қанап тұрды. Ауыз қуысында жаралар болды. Буындары ауырып, өзідіген жүре алмағандықтан арбамен алып келді. Баладан бәрін сұрай келе, жарты жыл бойы тек энергетикалық сусындар мен фастфуд жегенін анықтадық. Содан бауырына айтарлықтай салмақ түскен. Нақты диагнозы — бауыр функциясының бұзылуы», деді №3 балалар…
CaspianLife, 6 қыркүйек — «Магистральдық су құбыры» ЖШС Атырау облысында Қашаған кен орнындағы кешенді газды тазарту қондырғысы үшін су құбырының құрылысы» жобасын жүзеге асырды, деп хабарлайды CaspianLife. «ҚазТрансОйл» АҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, су құбыры Қашаған кен орнындағы ілеспе газды өңдеу зауытының құрылысының бірінші кезеңін жүзеге асыру үшін сумен қамтамасыз етеді. Құрылыс-монтаж жұмыстары биыл 31 мамыр мен 31 тамыз аралығында үш айдың ішінде аяқталыпты. Су құбыры «Магистральдық су құбыры» ЖШС басқаратын Астрахань-Маңғышлақ магистральдық су құбырына қосылған.
CaspianLife, 6 қыркүйек — Атырау облысының полиция департаменті бір топ жігіттің төбелескен видеосы жөнінде түсініктеме берді, деп хабарлайды CaspianLife. Әлеуметтік желілерде Құлсары қаласындағы көпқабатты үйлердің бірінің жанында бір топ жігіттің төбелескені туралы видео тараған еді. Атырау облысы ПД хабарлауынша, оқиға 5 қыркүйек күні кешкі сағат 20:20-да болған. Жергілікті полицейлер тәртіп бұзған 23 адамды ұстап, полиция бөліміне жеткізді. Оның ішінде 8 жасөспірім бар. Қазір тергеу жұмыстары жүруде. Төбелестен дене жарақатын алғандар жоқ
CaspianLife, 6 қыркүйек — Каспий теңізінің тайыздануына байланысты Ақтау мен Құрық порттары шектелді. Енді онымен күресу үшін 40 млрд теңге қажет, деп хабарлайды CaspianLife. Қазгидрометтің болжамы бойынша, 2030 жылға дейін Каспий теңізінің деңгейі жылына 23 см-ге төмендейді. Ақтау және Құрық порттарында акваториядағы тереңдікте және жақындау арнасында қиындықтар туындай бастаған. Осыған байланысты кеме қатынасы қауіпсіз болуы үшін жедел тереңдету жұмыстарын жүргізу қажет. «Алдын ала есептеулерге сүйенсек, тереңдету жұмыстарының құны 40,4 млрд теңгені құрайды. Жобалық құжаттама дайындалғаннан кейін нақтылау қажет. Жобаны іске асыру мерзімі 2023-2025 жылдарға жоспарланған. Қазір қаржыландыру көзі мен механизмі анықталуда», — деп хабарлады Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі. Порт…
