CaspianLife, 5 қыркүйек — Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі «Байланыс қызметтерін пайдаланушылар үшін қосылуы тегін болып табылатын шұғыл медициналық, құқық қорғау, өрт, авария және басқа да қызметтердің тізбесін бекіту туралы» Үкімет қаулысын толықтырады, деп хабарлайды CaspianLife. Енді отбасылық мәселелер бойынша алғашқы заң көмегін беруге арналған бірыңғай байланыс нөмірі бекітілмек. 111 — отбасы, әйелдер және балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі байланыс орталығы, және «111» байланыс нөміріне хабарласу тегін. «Жобаның мақсаты — ақпараттық-анықтамалық, ұйымдастырушылық, психологиялық көмек көрсету, сондай-ақ азаматтардың заңды құқықтарын қамтамасыз етуге қатысты барлық мәселелер бойынша бастапқы консультациялар өткізу үшін әрбір азаматқа тегін қосылу байланыс қызметтерін ұсыну», — деп түсіндірме…
Автор: Сайт әкімшілігі
CaspianLife, 4 қыркүйек — Тасшағыл ауылдық округі аумағынан көктемгі су тасқынынан бөлінген екі жайылма учаскеден 2,7 млн-дай мөңке шабақтары құтқарылды, деп хабарлайды CaspianLife. Құтқарылған балықтар орташа тереңдігі 2,5-3 метр шамасындағы Арал және Бәйтік көлдеріне жіберілді. Аталған көлдер шабақтардың емін-еркін өсуіне қолайлы. Сонымен қатар, бөлініп қалған су айдынының тереңдігі аз болуы және судағы оттегі мөлшерінің күрт азаюы салдарынан табылған 1,7 кг өлі мөңке балығының шабақтары жойылды. Құтқару жұмыстарына МТЗ-82 тракторы тіркемесімен, жылжымалы су тасығыш бөшкелі тіркеме, Hidromek тракторы, Газель автокөлігі жұмылдырылып, 6 контейнер, 3 бөшке, 1 мотопомпа пайдаланылды. Құтқару жұмыстарына жауапты тұлғалармен қатар, ерікті түрде 13 ауыл тұрғыны қатысты. Қазіргі таңда,…
CaspianLife, 4 қыркүйек — Маңғыстау облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты есірткі және психотроптық заттарды жасырып кетушілерді 10 жылға бас бостандығынан айырды деп хабарлайды CaspianLife. Ақтауда 34 жастағы суши-маркет желісінің басшысы мен оған заңсыз істе көмектескен 32 жастағы күдікті психотроптық заттардың партияларын жасырып, есірткіні буып-түюмен айналысқан. Күдіктілер тапсырмалар мен координаттарды Telegram қосымшасы арқылы алып отырған. Күдіктілердің тұрғылықты жері мен компания кеңесіне тінту жүргізіліп, 692 грамм «мефедрон» синтетикалық препараты тәркіленді.
CaspianLife, 4 қыркүйек — Қазақстанда колледж студенттерінің шәкіртақысы 50%-ға өсті, деп хабарлайды CaspianLife ҚР Білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Колледждерде жаңа оқу жылында 190 мың студент оқуға қабылданды, оның 133 мыңы мемлекеттік білім беру таспсырысы бойынша оқиды. Кәсіпорындардың өтінімі бойынша 10 мың студент білім алмақ. «Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша биыл мемлекеттік білім беру тапсырысы 50 мың орынға ұлғайды. Техникалық және кәсіптік колледж студенттерінің 75 мыңы квота бойынша оқуға түсті. Мемлекеттік тапсырыс техникалық мамандықтарға қайта бағдарланғанын атап өту керек. Олардың қатарында геология, энергетика, металлургия, машина жасау, көлік, IT, құрылыс, педагогика және медицина салалары бар. Колледж студенттерін ынталандыру мақсатында 2023 жылдың…
CaspianLife, 4 қыркүйек — Анталья қаласындағы туристік автобус жол апатына ұшырады. Автобус ішінде Атыраулық отбасы да болған, деп хабарлайды CaspianLife. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. Апат салдарынан «Зейін Атырау» ерекше балаларға арналған орталығының негізін қалаушы, атыраулық журналист Арайлым Бағытжанова көз жұмды. Қасында болған кішкентай қызы да оқиға орынында мерт болған. Ал күйеуі ауыр хәлде. Сонымен қатар, Ж.Бисембиев Атырау облысы басшылығы Қазақстанның Түркиядағы елшілігімен байланыста екенін, қаза болғандардың денелерін елге жеткізу және зардап шегушіге медициналық көмек көрсету бойынша барлық мәселелердің шешіліп жатқанын жазды. Содай-ақ ол облыс басшылығы атынан Арайлым Бағытжанның отбасы мен жақындарына қайғыларына ортақтасып…
CaspianLife, 4 қыркүйек — Атырауда тас жолдағы жол көлік оқиғасы салдарынан 2 адам қаза тапты, деп хабарлайды CaspianLife. Оқиға 3 қыркүйек күні Облыстық маңызы бар Атырау-Индер тас жолының 18 шақырым тұсында болған. Атырау облысы ПД хабарлауынша, Toyota автокөлігінің жүргізушісі көлікті басқара алмай, жол жиегіне аударылған. Салдарынан 25 жастағы жүргізуші мен 26 жастағы жолаушы оқиға орнында мерт болды. Полиция қызметкерлері автокөлік жүргізушісіне оқиға болардың алдында, тас жолдың 17 шақырымында ескерту бергендерін айтады.
CaspianLife, 3 қыркүйек — Бүгінгі күнге дейін мәдени-көпшілік шаралар мен демалыс орнына арналған Исатай-Махамбет алаңында қызмет көрсетіп келген кәсіпкерлердің генераторлары, ойын құрылғыларының майлары мен тағамдары салдарынан ластанып, тұрғындар тарапынан наразылық тудыртып келген. Осыған байланысты облыстық және қалалық мәслихат депутаттары, қала әкімдігі, қоғамдық кеңес мүшелері мен қала жанашырлары кәсіпкерлермен кездесіп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды CaspianLife. Нәтижесінде аталған қоғам өкілдері мен әкімдіктің ұсынысына кәсіпкерлер түсіністік танытып, тазалыққа қолдау көрсетіп, Салтанат сарайына көшірілді. Қазіргі таңда «Арнаулы автобаза» қызметкерлері алаңда тазалық жұмыстарын жүргізіп, гранит тастар мен төсемтастар тазалануда. — «Арнаулы автобаза» қызметкерлері орталық мәдени алаңда тазалық жұмыстарын күшейтті. Осы уақытқа дейін алаңда тазалық…
CaspianLife, 1 қыркүйек — Мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі бүгін өз жұмысын бастады, деп хабарлайды CaspianLife. Дарынды балаларға арналған мектеп-интернат-колледжіне төрт спорт түрінен: бокс, дзюдо, еркін күрес, таеквандодан 200 бала оқуға түскен. Соның ішінде боксқа — 41, дзюдоға — 92, еркін күреске — 55, таеквандоға — 12 бала қабылданған. Құжаттар тамыз айының 21-не дейін қабылданып, 22 және 23 тамыз күндері оқушылар дене дайындығынан, таңдаған спорт түрінен және мектеп пәндерінен емтихан тапсырған. Салтанатты іс-шараға қатысқан Атырау облысы әкімінің орынбасары Марат Мурзиев: — Бүгінгі білім ордасының ашылуы, облыс көлеміндегі спорт саласына жаңа дем береді. Мектеп қабырғасы 120 оқушыға жоспарланғанымен, сұраныстың көп болуына байланысты, облыс әкімінің…
CaspianLife, 1 қыркүйек — Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында 2024 жылдан бастап ең төменгі жалақы мөлшерін көтеруді тапсырды, — деп хабарлайды CaspianLife. «Біз бұған дейін уәде бергеніміздей, Үкімет ең төменгі жалақы мөлшерін біртіндеп өсіре береді. Азаматтардың табысын арттыру үшін 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі жалақы мөлшерін 85 мың теңгеге көтеруді тапсырамын. Осылайша, біз еңбекақының ең төменгі мөлшерін үш жыл ішінде екі есе көбейттік. Бұл шара 1 миллион 800 мың адамның, оның ішінде бюджет саласында еңбек ететін 350 мың азаматтың әл-ауқатын арттыруға септігін тигізеді. Жалпы еңбек нарығын жан-жақты дамыту үшін Үкімет қысқа мерзімде 2030 жылға дейінгі кешенді…
Мемлекет басшысы: «Елді газбен қамтамасыз ету де – өзекті мәселе. Тауарлы газдың ресурстық базасын кеңейту – Үкіметтің және ұлттық газ компаниясының басты міндеті. Жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысын тездету және қолданыстағы зауыттардың қуатын барынша пайдалану қажет. Еліміздегі Теңіз, Қашаған, Қарашығанақ сияқты мұнай-газ алпауыттары газды қолжетімді бағамен ұсынуға тиіс. Сонымен қатар жаңа газ кеніштерін барлау және игеру үшін инвестиция тарту аса маңызды. Электр қуаты, жылу және су – тұрмысқа аса қажетті игіліктер. Оны үнемдеп пайдалану керек. Бұл жаңа тұрмыстық мәдениетке айналуы қажет. Жалпы, бұл – үй шаруасына ғана емес, тұтас экономикаға ортақ талап. Қазір суды оңды-солды пайдалануға мүлде болмайды. Үкімет энергетикалық…
