CaspianLife, 31 тамыз — Жетісу облысында медициналық қызмет көрсету ұйымдарына лицензия беру үшін пара алған шенеунік ұсталды, деп хабарлайды Caspian Life. Аймақтық сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің қызметкерлері осындай күдікпен Жетісу облысы бойынша Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті департаментінің басшысын қолға түсірді. Қазіргі таңда осы іс бойынга сотқа дейінгі тергеу жүруде.
Автор: Сайт әкімшілігі
CaspianLife, 31 тамыз — Конституция күніне орай, Атырау облысының Индер ауданында 192 отбасыға жаңа пәтер берілді, деп хабарлайды CaspianLife inform.kz ақпараттық порталына сілтеме жасап. Биыл «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасымен Индербор кентіндегі «Көктем» шағын ауданында 4 тұрғын үй бой көтерген. Төрт қабатты тұрғын үйдің әрқайсысында 48 пәтер бар. Тұрғын үй құрылысын «Еврострой» ЖШС, абаттандыру жұмыстарын «Агроспецмонтаж» ЖШС жүргізген. Жаңа тұрғын үйлер орталықтандырылған жылу қазандығына қосылған. «Мемлекет тарапынан мұқтаж отбасыларды қолдау шаралары үнемі жалғасып келеді. Мереке қарсаңында мемлекеттік бағдарлама аясында салынған тұрғын үйден 192 отбасыға жаңа пәтер берілді. Оның ішінде көпбалалы 106, әлеуметтік тұрмысы төмен 69 отбасы бар. Сонымен қатар, ата-ана қамқорлығын…
CaspianLife, 31 тамыз — Атырауда 6 мектептің тұсындағы «Сергек» камералары 40 км/сағ жылдамдыққа ауыстырылмақ, деп хабарлайды CaspianLife. Атырау қаласындағы білім беру мекемелерінің тұстарында жаяу жүргінші қатысуымен болатын жол көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында «Сергек» камерасы орнатылған. Полицейлер №11 Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі, №38 мектеп-лицейі, №6 М.Мөңкеұлы атындағы орта мектебі, №17 мектеп-лицейі және Атырау политехникалық колледжі, Бином мектебі тұстарында орналасқан «Сергек» аппараттық — бағдарламалық кешені 1 қыркүйектен бастап 40км/сағ жылдамдық режиміне іске қосылатынын ескертеді.
CaspianLife, 29 тамыз — Қазақстанда колледжге түскен студенттердің 75 пайызы тегін оқиды, деп хабарлайды Caspian Life ҚР Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап. Биыл 190 мыңнан астам абитурент колледждерге оқуға түсті. Олардың 133 мыңы мемлекеттік тапсырыс шеңберінде оқыса, 10 мыңы кәсіпорындардың өтінімі бойынша білім алады. Биыл мемлекеттік білім беру тапсырысы 50 мың орынға көбейген еді. Одан бөлек, 75 мың абитурент квоталық санат бойынша оқуға қабылданды. «Мемлекет басшысының тапсырмасын жүзеге асыру аясында мемлекеттік тапсырыс техникалық мамандықтарға қайта бағдарланды. Олардың қатарында геология, энергетика, металлургия және машина жасау, көлік, IT, құрылыс, педагогика, медицина бағыттары қамтылған», — делінген министрлік хабарламасында. Сонымен бірге, студенттердің шәкіртақысы биыл 50…
CaspianLife, 29 тамыз — Президент адам құқықтарын қорғау жүйесінің өкілдерімен өткен кездесуде халықтың сот, құқық қорғау және қадағалау органдарының шешімдеріне наразылығының өскенін көрсететін статистикаға тоқталды, деп хабарлайды CaspianLife. Мемлекет басшысы қарапайым халық құзіретті органдардың көмегімен әділдікке жете алмай, Президент әкімшілігіне жүгінуге мәжбүр екенін жеткізді. «Келіп түскен арыздардың саны өсуде. Арыз-шағымдарды талдау кезінде тұрғындардың көбі сот, полиция және прокуратура қызметіне шағымданатыны байқалды. Бұл сіздердің тікелей қатысуларыңызбен шешілуі тиіс үлкен мәселе. Жауапты органдардың жұмысына ешкім кедергі келтіре алмайды. Басшылық пен әкімдіктер бұл мәселені шешуде қажетті көмек көрсетуі керек», -деді Қ.Ж.Тоқаев
CaspianLife, 29 тамыз — Қызылқоға ауданынан табылған жабайы сора өсімдігінің 14 мыңдай бұтасы жойылды, деп хабарлайды CaspianLife. Атырау облысы аумағында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы жүргізіліп жатқан «Қарасора-2023» жедел алдын алу іс-шарасы аясында Ойыл ауылдық округіндегі «Саржал» алқабынан есірткі тектес жабайы сора өсімдігі анықталған. Зиянды өсімдікті жоюға Атырау облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері, ҚР Қорғаныс Министрлігінің Батыс өңірлік қолбасшылығы әскерлері, Ұлттық ұлан әскери бөлімі-5546 Б тобы және «Жасыл Ел» жастар қозғалысының еріктілері де қатысты.
CaspianLife, 29 тамыз — Каспий теңізінде экскаваторды «карусельге» айналдырған жүргізушінің үстінен іс қозғалды, деп хабарлайды Caspian Life. Әлеуметтік желіде экскаватормен теңізде серфинг ұйымдастырған жүргізушінің видеосы тарады. Полицейлер оның кім екендігін анықтап, ҚР ӘҚБтК «Жолаушыларды және жүктердi тасымалдау қағидаларын сақтамау» және «Жол жүрісіне қатысушыларға қойылатын өзге де талаптарды бұзу» баптары бойынша хаттама жасақтады. Сондай-ақ, полицейлер 29 жастағы жүргізушімен профилактикалық әңгімелесуді де ұмытпапты.
CaspianLife, 29 тамыз — Атырауда «Жасыл ел» жастар еңбек жасағына 150 млн теңге бөлінеді, деп хабарлады Caspian Life Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиевтің төрағалығымен облыстық үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөнінде кеңес отырысында айтылды. Одан бөлек, Атырау облысы атынан «Көңілді тапқырлар клубында» өнер көрсететін командаларды дайындау үшін 15 млн теңге бөлінеді. Ал, облыстық Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Әділ Жоламанов балалар әдебиетін дамыту, балалардың қызығушылығын ояту мәселесін шешу үшін «Ертегі — даналық айнасы» атты республикалық балалар шығармашылығының ертегі байқауын ұйымдастыруды және оған 14 млн теңге бөлуді ұсынды.
CaspianLife, 29 тамыз — Биыл Құлсары қаласында 300 орындық мектеп ашылады, деп хабарлайды Caspian Life Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап. Жаңа мектепте 1 қыркүйектен бастап оқушылар екі ауысымда білім алады. Бір сыныптағы оқушының саны 25-тен аспайды. Мектеп аумағында футбол және ойың алаңы, ұзындыққа секіруге арналған орын, демалыс аймағы мен автотұрақ бар. «Информатика сабақтары үшін компьютерлік үстелдермен, компьютерлермен жабдықталған. Ал шет тілін үйрену үшін 12, 13 оқушыдан төрт мультимедиялық кабинет ұйымдастырылған. Кабинеттерге лингафондық-мультимедиялық жабдықтар қойылған. Металл және ағаш шеберханалары үстел үсті бұрғылау станоктарымен, токарлық станоктармен, муфель пешімен жабдықталған. Қыздарға арналған еңбек кабинетінде электр жетегі бар тігін машиналары, айна, манекен, үтіктеуге арналған…
CaspianLife, 29 тамыз — Атырауда 2 аптаға жуық ыстық су болмайды, деп хабарлайды Caspian Life. «Күрделі жөндеу жоспар-кестесіне сәйкес жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты 2023 жылдың 4 мен 15 құркүйек аралығында қала бойынша ыстық су беру уақытша тоқтатылады», делінген «Атырау жылу жүйелері» АҚ хабарламасында.
