Автор: Сайт әкімшілігі

CaspianLife, 29 тамыз — Пәтер кезегінде тұрған 4000-дай атыраулық кезектен алынып тасталуы мүмкін. Оған тұрғындардың өзге облысқа көшіп кетуі немесе отбасы мүшелерінің бірі үйлі болуы себеп. Әкімдік қызметкерлері жақын арады үй кезегінде тұрғандардың тізімін қайта қарауға кірісіпті. Ал, қазір бұл кезекте 21 мыңға жуық адам бар. Олар әлеуметтік жағдайына байланысты 5 санатқа бөлінген. 2021 жылы 133 адамға облыс орталығынан пәтер берілген. Ал былтыр жетім санатына жататын 10 шақты адамға баспана кілті табыс етіліпті. Енді биыл қала басшылығы 88 пәтерді сатып алып, кезекте тұрғандарға беруді жоспарлап отыр. Келер жылы «Талғайран» ықшам ауданында салынып жатқан үйлер пайдаланылуға берілмек. Және алдағы уақытта «Береке»…

Read More

CaspianLife, 28 тамыз — Ақтаулық азаматтың үстіне диван лақтырған кінәлі әлі табылмады, деп хабарлайды CaspianLife. Бұған дейін осы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалған еді. Күні кеше үстіне алтыншы қабаттан диван құлап, зардап шеккен ер адам сегіз айдан кейін қайтыс болды. Марқұмның бауырының айтуынша, әр елден дәрігерлер шақыртылып, оның өмірі үшін сегіз ай бойы күрескен. Жәбірленуші 26 тамызда дүниеден өтті. «Германия мен Ресейден арнайы мамандар шақыруға тура келді, өйткені төсекке ұзақ жатқаннан пайда болған жарасы асқынып кеткендіктен Қазақстанның бірде-бір дәрігері оны қабылдамады. Қайда ғана арызданбадық»,-дейді марқұмның бауыры. Бұл оқиға осы жылдың қаңтар айында болған. 11 шағын ауданда №41 үйдің жанынан өтіп…

Read More

CaspianLife, 28 тамыз — Жылыой әкімдігі қоқыс толған карьерді жабуға кірісті, деп хабарлайды Caspian Life. Бұл туралы Құлсары қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді. 4 тамыздан бастап карьердегі қоқыстар тазаланған. Ал қазіргі уақытта топырақ төселуде. Айта кетейік, карьер 1993 жылы Жадырасын ауылы маңынан су тасқынының алдын алу үшін қазылған еді. Алайда, уақыт өте келе ол жерге түрлі қоқыстар жиналып қалыпты.

Read More

CaspianLife, 26 тамыз — Атырауда алдағы үш жылда 50-ден астам мектеп бой көтереді. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев Caspian News арнасына берген сұхбатында мәлімдеді, деп хабарлайды Caspian Life. Атырау облысындағы мектептердің күрделі жұмыстары уақытымен жүруде. Олардың барысы қатаң бақылауда, деп атап өтті облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев. Қаладағы №27 және №19 мектеп пайдалануға жыл соңында берілмек. Сондықтан, оқушылар алғашқы қоңырауды басқа білім ордалары мен жеке нысандарда қарсы алады. Ы.Алтынсарин атындағы №11 мектеп биыл толықтай сүріліп, 2024 жылы «Жайлы мектеп» жобасы аясында қайта салынбақ. Жаңа мектепте 2000 оқушы білім алуға мүмкіндік болады. «М.Ломоносов пен №10 мектеп жемқорлардан тәркіленген қаражат…

Read More

CaspianLife, 26 тамыз — Атырау облысы әкімінің орынбасары Caspian News арнасына берген сұхбатында осы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Caspian Life. Ол қоғамда қалыптасқан осы стереотипке келіспейтіндігін айтты. Мұндай таптауырынның шығуына ҰБТ-ның орташа нәтижесі себеп болды. Алайда, 2019 жылдан бастап бұл тестілеу бағалау критерийлерінен алынып тасталды. Әкім орынбасарының сөзінші, 2022 жылдың қорытындысымен Атырау облысы жаратылыстану бағытындағы олимпиадада жүлде алған оқушылар саны бойынша елімізде үшінші орында, ал гуманитарлық бағыт бойынша екінші орында тұр. Сонымен бірге, ол аймақтағы 1з мыңға жуық ұстаздың 7 мыңында педагогикалық санат бар екендігін атап өтті. Бұл бойынша Атырау елімізде бесінші орынға тұрақтаған. Одан бөлек, мектептерді жабдықтау бойынша…

Read More

CaspianLife, 25 тамыз — Шекара аймағындағы ойын Құрманғазы ауданындағы Қазақстан-Ресей бірлескен оқу-жаттығулары аясында өткен, деп хабарлайды CaspianLife. Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қазақстан мен Ресей құтқарушылары шекара аймағындағы дала өртін сөндіру бойынша бірлескен оқу-жаттығуларын өткізуде. Оқу-жаттығудың мақсаты — іргелес аймаққа өту қауіпі бар ірі табиғи өрттерді жоюда практикалық іс-қимылдары мен құралдарды жетілдіру. Жаттығу кезінде Атырау және Астрахань облыстарының өрт сөндірушілері Құрманғазы ауданы Сафон елді мекеніндегі отты сөндірді. Бұл оқу-жаттығуға Атырау облысы ТЖД мен РФ ТЖМ Астрахан облысы бойынша бас басқармасының 80-нен астам жеке құрамы мен 13 техникасы қатысуда. Кеше аталған оқу-жаттығу аясында екі аймақ құтқарушыларының арасында ерекше…

Read More

CaspianLife, 25 тамыз — Жылыой ауданының полицейлері 1,5 тоннаға жуық балықты заңсыз сақтаған Құлсары қаласы тұрғынын анықтады, деп хабарлайды CaspianLife. Патрульдік полиция қызметкерлерінің тоқтату туралы заңды талабын орындамаған күдіктінің мекен-жайын тексеру кезінде 1401 кг балық табылған. Аталған дерек бойынша Құлсары қаласының 43 жастағы тұрғынына ҚР ӘҚБтК-нің 613 бабының 1 бөлігімен тиісті әкімшілік хаттама жасақталды. Қазіргі таңда ҚР ҚК 335 бабының 1-1 бөлігімен қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Read More

CaspianLife, 25 тамыз — Атырау облысы әкімдігінің қолдауымен «Мектепке жол» жәрмеңкесі басталды, деп хабарлайды CaspianLife. Жәрмеңкеде оқушылардың оқу құралдары, мектеп формасы секілді тауарларды қала тұрғындары 30-50 пайыз жеңілдікпен сатып алуға мүмкіндіктері бар. Биыл облыс бойынша бірінші сыныпқа қабылданған оқушылардың саны 16250, соның ішінде қала бойынша 9800 оқушы мектеп табалдырығын аттайды. Оларды толық оқу құралдарымен қамтамасыз етуде мұндай шаралардың маңызы зор. Жәрмеңкеге 20-дан астам кәсіпкер қатысуда. «Қала тұрғындарына мектеп құралының қолжетімді болғанын қалаймыз, себебі бір үйде бір бала емес, 2-3 баладан мектепке дайындалатындары бар. Соларға тиімді жағдай жасағымыз келеді» дейді сатушылар. «Өз үлесімізді қосып жатырмыз. Былай сатылып тұрған бағасынан 20-30, кейбіреулері…

Read More

CaspianLife, 25 тамыз — Маңғыстау облысының жас спортшылары Астана қаласында өткен джиу-джитсудан жасөспірімдер арасындағы әлем біріншілігінде үздік нәтиже көрсетіп, жеңімпаз атанды деп хабарлайды, CaspianLife mangystaumedia.kz ақпараттық порталына сілтеме жасап. Елордамызда алғаш өткізілген әлем кубогы бәсекесінде Маңғыстау ауданы Ш.Бөлтекұлы атындағы балалар мен жасөспірімдер мектебінің 5 спортшысы жүлделі қайтты. Біріншілікте 13 жастағы Мереке Қасымұлы 60 келі салмақта Тайландтық қарсыласын басып озып, алтын жүлдеге ие болды. Ал, 46 келіде Рамазан Есболат Ресейлік спортшыны жеңіп шығып, тағы бір алтынды қанжығаға байлады. Сонымен қатар, 14 жастағы Әдебиет Ерсұлтанов 50 келіде Аустрия спортшысымен белдесіп, үшінші орын алды. 44 келіде Құралай Саматқызы және 46 келіде Жарқын Ғабидоллаұлы…

Read More

CaspianLife, 25 тамыз — Атырауда 80-нен астам мұғалім жалған дипломмен жұмыс істеп келген, деп хабарлайды Caspian Life. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаменті превенция басқармасының басшысы Жәнібек Қаражанов мәлімдеді.  Оның айтуынша, өтірік дипломмен жұмысқа тұрған мұғалімдердің 51-і балабақшада, ал қалғаны орта мектептерде қызмет еткен. Одан бөлек, білім саласына талдау жүргізу кезінде түрлі кемшіліктер анықталыпты. «Мәселен, мектептерде «өлі жандар» бар. Қызметкерлер мен оқушылар саны бірдей мектептер әртүрлі қаржыландырылған. Бір қызметкер бір мезгілде 4-5 мекемеде жұмыс істеген. Кейбір білім беру мекемелерінде басшылар өздеріне лауазымдық жалақысына үстемеақы аударып отырған», — дейді Жәнібек Қаражанов.

Read More