«Өткен қыста еліміздің жылу электр станцияларында қайта-қайта апат болды. Бұл жағдай жылдар бойы шешілмеген мәселенің бетін ашып берді. Инфрақұрылымның әбден тозуы халықтың тұрмыс сапасына тікелей әсер етеді. Индустрияландыру қарқынын да тежейді. Яғни, инфрақұрылымды жаңғыртпасақ, жаңа экономикалық үлгіге көшу мүмкін емес. Үкімет жаңа инфрақұрылымдық жоспарда осы саладағы барлық түйткілді ашық көрсетіп, оны шешу жолдарын анықтауға тиіс. Энергетикалық қауіпсіздік мәселесін де шешу қажет. Бұл салада қолдан келгенше өз ресурстарымызға арқа сүйеген абзал. Басты міндет электр энергетикасы саласына жүктеледі. Алдағы 5 жылда кемінде 14 гигаваттық жаңа электр қуаты іске қосылады. Биыл Екібастұздағы бірінші ГРЭС-тің бірінші блогын қайта құру жұмыстары аяқталады. Бұрын ешқашан толық…
Автор: Сайт әкімшілігі
CaspianLife, 1 қыркүйек — Мемлекет басшысы «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты жолдауында ауыл шаруашылығын дамытуға аса басымдық берді, деп хабарлайды CaspianLife. «Алдымызда тағы бір өте маңызды міндет тұр. Біз агроөнеркәсіп кешенінде нақты серпіліс жасауымыз керек. Ауыл шаруашылығы саласының әлеуеті орасан зор. Бірақ біз қолда бар мүмкіндіктерді әлі де толық пайдаланбай отырмыз. Қазақстанның айналасында өнім өткізетін өте үлкен нарықтар бар. Онда сапалы азық-түлік өнімдері тапшы. Қазақстанның стратегиялық мақсаты – Еуразия құрлығындағы басты аграрлық орталықтың біріне айналу. Осы мақсатқа қол жеткіземіз десек, ең алдымен, өнімді жоғары деңгейде өңдеуге көшуіміз қажет. Онсыз болмайды. Біз алдағы үш жыл ішінде агроөнеркәсіптегі өңделген өнім үлесін 70…
Президент: «Енді экономиканың құрылымына қатысты реформаның негізгі тұстарына тоқталайын. Қазіргі ең басты міндет – еліміздің мықты өнеркәсіптік негізін қалыптастыру және экономикамыз өзімізді толық қамтамасыз ете алатын жағдайға жету. Сондықтан өңдеу саласын жедел дамытуға баса мән беруіміз қажет. Біз ел тағдыры үшін айрықша мәні бар бірқатар жобаны жүзеге асыруымыз керек. Экономиканы әртараптандыру бұрынғыдан да маңызды міндетке айналуда. Бұл ретте металды терең өңдеу мұнай-газ және көмір химиясы, ауыр машина жасау, уранды конверсиялау және байыту, автобөлшектер және тыңайтқыштар шығару сияқты бағыттарға айрықша назар аударған жөн. Басқаша айтсақ, жоғары деңгейде өңделген өнім шығаратын кластер құру керек. Еліміздің туристік әлеуетін де пайдалану керек. Туризм осындай…
Президент: «Осы орайда халықтың тұрмыс сапасына тікелей әсер еткен кейбір шараларды атап өткім келеді. Мысалы, 2020 жылдан бері мұғалімдердің жалақысы екі есе өсті. Дәрігерлердің айлығы да айтарлықтай көбейді. Қазір олардың табысы еліміздегі орташа жалақыдан әлдеқайда жоғары. Жұртқа зейнетақы жинағының бір бөлігін пайдалану мүмкіндігі берілді. Миллионға жуық адам осы жобаның игілігін көрді – тұрғын үй мәселесін шешіп, баспаналы болды. «Жайлы мектеп» жобасы аясында 400-ге жуық мектеп салынады. Қазір ауылдық жерде 300-ден астам денсаулық сақтау нысаны салынып жатыр. «Ұлттық қор – балаларға» жобасы қолға алынды. Соның арқасында жаңа жылдан бастап балалардың есепшотына қаражат түсе бастайды. Игерілмей жатқан немесе заңсыз берілген 8 миллион…
Мемлекет басшысы: «Баршаңызға мәлім, мен жыл сайын халыққа Жолдауымды Парламент сессиясының ашылуында жариялаймын. Бүгінде бұл жақсы дәстүрге айналды. Мұның айрықша мәні бар. Себебі дәл осы сәтте және дәл осы жерде билік тармақтарының барлық өкілдері бас қосады. Алдағы орта мерзімдік жұмыстың бағыт-бағдары айқындалады. Нақты тапсырмалар беріледі, жаңа міндеттер жүктеледі. Парламент, Үкімет және басқа да құзырлы органдар тың қарқынмен іске кіріседі. Бір сөзбен айтсақ, мемлекеттік аппараттың үйлесімді әрі тиімді жұмыс істеуі үшін бұл іс-шара өте маңызды. Бүгінде менің бастамаларымның басым көпшілігі жүзеге асты. Бірқатар жұмыс жалғасып жатыр».
CaspianLife, 1 қыркүйек — Қасым-Жомарт Тоқаев: «Баршаңызды кезекті сессияның ашылуымен құттықтаймын! Жауапты қызметтеріңізге табыс тілеймін! Көктемдегі сайлаудан кейін Парламенттегі саяси партиялардың қатары көбейді. Депутаттар құрамы айтарлықтай өзгерді. Саяси партиялардың фракциялары, бір мандатты округтан сайланған депутаттар да жұмысқа белсене кірісті. Олар көптеген заң жобасына бастамашылық етіп, өзекті мәселелерді батыл көтере бастады. Депутаттарымыз жазда да көп жұмыс атқарды. Небәрі екі айда 1200-ден астам елді мекенді аралап, сайлаушылармен кездесті, тұрғындардың тыныс-тіршілігімен танысты. Мен баршаңызға табысты қызметтеріңіз үшін шынайы ризашылығымды білдіремін. Жаңа сессияда жұмыс қарқыны бұдан да жоғары болады деп ойлаймын».
CaspianLife, 31 тамыз — Биыл үй кезегінде тұрған 88 атыраулық баспаналы болады, деп хабарлайды Caspian Life. Бұл туралы Атырау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, көлік және автокөлік жолдары бөлімінің тұрғын үй секторы меңгерушісі Рафхат Жолдиев мәлімдеді. Одан бөлек, тағы 55 атыраулық жас «Атырау жастары» бағдарламасы аясында үйлі болды. Сонымен бірге, «Бақытты отбасы — Атырау» жобасы да іске қосылды. «Бұл бағдарлама арқылы кезекте тұрған көпбалалы аналар, толық емес отбасылар және мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған отбасылар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға бастапқы жарнасыз қолданыстағы үйді сатып алуға мүмкіндік беріледі», — деді жауапты маман. Оның сөзіне сенсек, былтыр осы бағдарламаға 366 тұрғын өтініш берген.…
CaspianLife, 31 тамыз — Ақтауда концерт кезінде 200-ден астам бала ата-анасынан адасып қалған, деп хабарлайды Caspian Life облыстық ПД-не сілтеме жасап. 30 тамыз күні мұнай компаниясының мерейтойына орай концерт өтіп, танымал әншілер өнер көрсеткен еді. Ол жерде тұрғындардың қауіпсіздігі үшін 300-ге жуық полицей қызмет етті. Концерт барысында 200-дей баланың жоғалып кеткендігі туралы өтініш түскен. «Адасып кеткен балалардың ең кішісі 3-те, үлкені 15 жаста болды. Олардың барлығы табылып, ата-аналарына аман-сау тапсырылды. Ауа райының салқындауына байланысты жеткіншектер тоңып қалмау үшін автобуспен жақын маңдағы учаскелік полиция бөліміне жеткізілді. Балаларды іздеп, табу 15 минуттан 1 сағатқа дейінгі уақытты алды», — делінген департамент хабарламасында.
CaspianLife, 31 тамыз — Енді Қазақстандықтар eGov mobile қосымшасы және eGov.kz. порталы арқылы несие және микроқарыз алудан ерікті түрде бас тартуға өтініш бере алады, деп хабарлайды CaspianLife. Тыйым 6 айға дейін белгіленеді, кейін автоматты түрде алынады. Шектеуді кез-келген уақытта алып тастауға болады. «Несиеден өз еркімен бас тартуға өтінішті тек жеке тұлғаның өзі беріп, өзі ала алады. Біз бұл арқылы еліміздің азаматтарын заңсыз несие бермек болған алаяқтардан қорғағымыз келді», — деді «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқарма төрағасы Ротислав Коняшкин. Аталған қызметті eGov mobile мобильді қосымшасында «Танымал қызметтер» бөлімінен табуға болады, ал порталда «Азаматтар» — «Кеден және салықтар» — «Экономика және қаржы»…
CaspianLife, 31 тамыз — 3 жасар баланың қолы еттартқышқа қысылып қалған, деп хабарлайды Caspian Life. Оқиға Шымкенттегі Сайрам тұрғын алабында болды. Ата-анасы электрлі құрылғымен жұмыс істеген кезде бүлдіршін ойнап жүріп қолын салып жіберіпті. Құтқарушылар дәрігерлермен бірлесіп баланың қолын шығарып алды. Қазіргі таңда бүлдіршін №1 қалалық балалар клиникалық ауруханасында ем алуда. «Сол сәтте төтенше жағдай қызметкерлері авариялық-құтқару құралының көмегімен еттартқыштың корпусын мұқият кесіп, баланың қолын шығарып алды. Қазіргі таңда бүлдіршін №1 қалалық балалар клиникалық ауруханасының реанимация бөлімінде ем қабылдап жатыр», — делінген Шымкент қаласы ТЖД-нің хабарламасында.
