Автор: Сайт әкімшілігі

CaspianLife, 6 қыркүйек — Әлеуметтік желіде 7 жасар бүлдіршіннің 4-қабаттағы терезенің алдында тұрып, анасын шақырып жатқан видеосы тарады, деп хабарлайды CaspianLife. Оқиға 32А шағын ауданында орналасқан көпқабатты үйлердің бірінде болды. Полицейлер кәмелетке толмаған баланың ата-анасын анықтады. Оларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, балаларды қауіпті жерлерде жалғыз қалдырмау туралы профилактикалық әңгіме жүргізілді.

Read More

CaspianLife, 6 қыркүйек — Биылғы жылдың көктемінде Атырау облысының мерзімді әскери қызметіне 650 жігіт шақырылған. Ал 5 қыркүйектен бастап өңірде күзгі әскерге шақыру науқаны басталды. Науқан 31 желтоқсанға дейін жалғасады, деп хабарлайды CaspianLife. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен бифингте Атырау облысы қорғаныс істері департаментінің өкілдері Жасұлан Сатыбалдиев пен Жарас Жеңісов айтты. Шақырту алғандардың алғашқы легі — 20 жігіт Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара әскерлерінде қызмет етеді. Биылғы күзде Атырау облысынан 700 азамат отан алдындағы борышын өтейді. Олар Қарулы Күштер қатарына, Ұлттық ұланға, ҰҚК Шекара қызметіне, Мемлекеттік күзет қызметіне және Төтенше жағдайлар министрлігінің (ТЖМ) бөлімшелеріне жіберіледі. Әскерге шақырылған 700 азаматтың 250-і…

Read More

CaspianLife, 5 қыркүйек — Ұлттық статистика бюросы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Ұлттық қоғамдық денсаулық орталығына сілтеме жасай отырып, өңірлер және жалпы Қазақстан бойынша 2023 жылдың 7 айындағы жекелеген жұқпалы аурулардың таралуы туралы мәліметтерді жариялады, деп хабарлайды CaspianLife. Атырау облысы тұрғындарының эпидемиялық паротит, COVID-19, тұмау, респираторлық туберкулез, педикулез, қызылша және жоғарғы тыныс жолдарының жедел инфекциялары секілді жұқпалы ауруларға шалдығу деңгейі республикалық деңгейден жоғары. Облыстағы туберкулез жағдайы республика бойынша ең нашар – 100 000 тұрғынға шаққанда 46,72 жағдай, республикалық деңгейде 32,21/100 000. Сондай-ақ, Атырау облысы қызылша ауруы бойынша алғашқы 3 өңірдің қатарында. Астанада аурушаңдық көрсеткіші 137,57 жағдай/100 000, Жамбыл облысында – 57,01…

Read More

CaspianLife, 5 қыркүйек — Жалпы білім беретін №23 А.Байтұрсынов атындағы орта мектепте ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлына арналған арнайы сынып бөлмесінің салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды  CaspianLife Атырау қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Аталған шараға қала әкімінің орынбасары Нұржан Ермұханов, ҚР Білім беру ісінің үздігі, ҚР Жазушылар және журналистер одағының мүшесі Қадір Жүсіп қатысты. Сынып бөлмесі қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушының өмірі мен еңбегін, «Ахметтану» ілімін оқушыларға насихаттау мақсатында ашылды. Бүгінгі қос мерейлі мерекемен құттықтаған қала әкімінің орынбасары ұлы ұстаздың еңбегіне тоқталды. — Бүгін Қазақстан халқы тілдері күні қарсаңында алаштың арысы, мемлекет және қоғам қайраткері, ұлттық…

Read More

CaspianLife, 5 қыркүйек — Бүгінде 309 адам банкрот деп танылған. Олардың қарыздарының жалпы сомасы 435 млн теңгені құрайды, деп хабарлайды CaspianLife. Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, банкрот деп танылған тұлғалардың орташа жасы 40-та. Ең жасы 23 жаста, оның қарызы 1 миллион теңгеден асқан. Ең үлкені Маңғыстау облысының 65 жастағы тұрғыны екен. Борышкерлердің барлығы қарызды төлеуден босатылды. Енді оларға 5 жыл ішінде олар несие берілмейді.

Read More

CaspianLife,  5 қыркүйек — Қазақстан халқы тілдері күнінде, М.Өтемісұлының туғанына 220 жыл толуына орай «Шашақты найза қолға алып…» атты қалалық ашық Махамбет оқулары өтті, деп хабарлайды CaspianLife. Іс-шараға қатысқан Атырау қаласы әкімінің орынбасары Нұржан Ермұханов атыраулықтарды атаулы күнмен құттықтап, сайысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. — Баршаңызды бүгінгі мереке — Қазақстан халқы тілдері күнімен құттықтаймын! Бүгін өр рухты Махамбет бабамыздың өлеңдерімен сусындаған жастарымыздың өнерін көрсетуге жасаған мүмкіндік ретінде осы шара ұйымдастырылып отыр. Бұл шара біз үшін өте маңызды. Себебі ертеңгі Жаңа Қазақстанның, қасиетті қазақ елінің рухын көтеретін, жарқын болашағы болатын осы жастарымыз. Сайысқа қатысудағы негізгі мақсат жеңу емес, сіздердің бойларыңыздағы асыл қасиеттеріңіз…

Read More

CaspianLife, 5 қыркүйек — Салынып жатқан жаңа үйлердің сапасы сын көтермейді. Әлеуметтік желілерде Ақтаудың шағын аудандарының біріндегі үйде бетон құлағанын айтып жатқан құрылысшының видеосы таралуда, деп хабарлайды CaspianLife mangystaumedia.kz ақпараттық порталына сілтеме жасап. — Бұл менің бөлмем. Міне, мына жерде жатын бөлмем, заттарым, құжаттарым осында болды. Бетон құлап түсті. Жұмысқа шығып кетіп едім. Төсегім, барлық заттарым жертөлеге түсіп кетті, – дейді ер адам. Зардап шеккендер жоқ. Тағы бір аудиохабарда бұл 29 “а” шағын ауданындағы үй екені айтылған. “Тұрғындар үй таңдауда мұқият болу керек, сапасына қарауы керек. Тұрғындар тарапынан да, бюджеттен де қаншама миллиардтаған қаржы құйылып жатыр. Үйлер қытай арматурасынан салынған,…

Read More

CaspianLife, 5 қыркүйек — Алматыда өткен Армрестлингтен және пара-армрестлингтен әлем чемпионатында Атыраулық 2 студент жүлделі орындарға ие болды, деп хабарлайды CaspianLife. Ғылым және жоғары білім министрлігінің хабарлауынша, әлемдік додаға 52 мемлекеттен 1200 спортшы қатысқан. Біріншілікте Қазақстан атынан 256 спортшы ел намысын қорғады. Халел Досмұхаметов атындағы Атырау университетінің 2-курс студенті Нұрым Аманов пара-армрестлингтен ересектер арасында өткен сайыста оң қол күресінен әлем чемпионы атанса, дене шынықтыру және спорт мамандығының студенті Бекзат Рахымжанов екінші орынды жеңіп алды. Жеңімпаздар Атырау облысындағы «Мүгедектердің спорттық клубында» жаттығады. Спортшыларды жарысқа дайындаған — Р.Құрман, К.Тарабрин және И.Телеугалиев сынды өңірге белгілі спорт шеберлері.

Read More

CaspianLife, 5 қыркүйек — Ұлттық қауіпсіздік комитеті Таяу Шығыс аймағынан Қазақстанға Каспий теңізі арқылы есірткі тасымалдайтын арнаның жолын кесті, деп хабарлайды CaspianLife. ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті баспасөз қызметінің мәліметінше, 3 қыркүйекте Маңғыстау облысында есірткі бизнесімен айналысқан бір топ адам ұсталған. Олардың ішінде мемлекеттік шекарадан шағын өлшемді жүрдек катерлермен заңсыз өткен шетел азаматтары да бар. «15 келі апиын, 20 келі гашиш, 50 қорап «трамадол» апиынды анальгетигі, сондай-ақ техникалық байланыс және навигация құралдары тәркіленді», — делінген хабарламада. Аталған факті бойынша ҚК 297-баптың 3-бөлігімен («Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу») бойынша сотқа…

Read More

CaspianLife, 5 қыркүйек — Атырау облысы Қызылқоға ауданындағы 1 ғана оқушы білім алған ауыл мектебі жабылды, деп хабарлайды CaspianLife. Биыл Кенбай ауылында 1 ғана бала мектеп табалдырығын аттады. Қалғандары әлі мектеп жасына жетпеген. Тұрғындар білім ошағы әлі де жұмысын жалғастырады деп үмітттенгенімен жергілікті атқарушы билік жалғыз оқушысы бар мектепті қаржыландыру тиімсіз деп шешкен. Енді 3-ші сынып оқушысы білім алу үшін көрші ауылға қатынайды. -Кенбай ауылындағы Жанұзақов мектебі облыс әкімінің шешімімен жабылды. Қазір мектеп ұжымына өтемақы төлеу жүргізілуде. Кейін мұғалімдері басқа жұмыс орындарына ауыстыру қарастырылады. Мектептегі жалғыз оқушы Жамансор ауылындағы мектепке орналасты. Ал білім ордасының ғимараты ауыл әкімдігінің балансына беріледі, -деді…

Read More