CaspianLife, 5 қыркүйек — Бүгінде 309 адам банкрот деп танылған. Олардың қарыздарының жалпы сомасы 435 млн теңгені құрайды, деп хабарлайды CaspianLife.
Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, банкрот деп танылған тұлғалардың орташа жасы 40-та. Ең жасы 23 жаста, оның қарызы 1 миллион теңгеден асқан. Ең үлкені Маңғыстау облысының 65 жастағы тұрғыны екен.
Борышкерлердің барлығы қарызды төлеуден босатылды. Енді оларға 5 жыл ішінде олар несие берілмейді.