CaspianLife, 25 тамыз — Атырауда тас жолындағы жол-көлік оқиғасы салдарынан 1 адам қаза тапты, деп хабарлайды CaspianLife Атырау облысының полиция департаментіне сілтеме жасап. Оқиға республикалық маңызы бар Ақтөбе-Атырау-Астрахань тас жолының 430-шақырымында болған. ПД хабарлауынша, Toyota Camry автокөлігі әуелі сиырды қағып, соққы екпінімен Mercedes жүк көлігімен соқтығысыпты. Апат салдарынан Toyota Camry автокөлігінің 35 жастағы жүргізушісі мерт болып, 2 жолаушы әртүрлі дене жарақатын алды.
Автор: Сайт әкімшілігі
CaspianLife, 25 тамыз — Атырауда 30-тамыз — ҚР-ның Конститутциясы күніне орай марафон өткізіледі, деп хабарлайды Caspian Life. Атырау облысы әкімдігінің қолдауымен,«Жәрдем-Атырау» корпоративтік қорының ұйымдастыруымен 26-тамыз күні сағат 8:00-де “Діни экстремизм мен терроризмге жол жоқ!” атты 10 шақырымдық жүгіру марафоны ұйымдастырылмақ. Жүлделер: 1-орын — 200 000 теңге 2-орын — 150 000 теңге 3-орын — 100 000 теңге Жүгіру аумағы: Атырау облысы әкімдігінің алды, «Сұлтан Бейбарыс» алаңы (Әйтеке би, 77) мен «Sultan Palace» қонақ үйінің (Әбілқайыр хан даңғылы, 70) аралығы. Тіркелу ТЕГІН. Көрсетілген номерлерге WhatsApp-қа жазып тіркелесіз:87025147541; 87026178402.
CaspianLife, 24 тамыз – Атырау облысы мәслихатының депутаттары «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы аясында 16 оқушыға мектепке қажетті оқу құралдарын алып берді. Бұл шараға облыстық Іскер әйелдер қауымдастығының өкілдері де атсалысқан, деп хабарайды CaspianLife. Жаңа оқу жылында әлеуметтік осал топтағы балалар оқу құралдары салынған сөмке және мектеп формаларымен қамтылды. Сонымен қатар, балаларға «Еркемай» компаниясының 20000 теңгелік сертификаты табысталды. Бұл серификат арқылы олар аталған дүкеннен мектепке қажетті кез-келген өнімді ала алады. Өзгеше атап өтетін тағы бір сыйлық – Атырау облысы Іскер әйелдер қауымдастығының кондитер қыздары балаларға өздері пісірген тәтті торттарын үлестірілді. Әлеуметтік көмек алған балалардың дені №30 мектептің оқушылары. Айта кетейік, республикалық…
CaspianLife, 24 тамыз — Мемлекет басшысы Маңғыстау облысының әкімін қабылдады. Өңір басшысы биыл 7 айда атқарылған жұмыс пен әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларын баяндап, жоспарға тоқталды, деп хабарлайды CaspianLife. Маңғыстауда биыл жыл басынан бері жалпы сомасы 5,3 миллиард теңге болатын 6 инвестициялық жоба іске қосылған. Өңірде ауыз су тапшылығын шешу мақсатында 2025 жылға дейін 6 жоба жүзеге асырылмақ. Нәтижесінде, тұшытылған судың көлемін 146 мың текше метрге арттыру мүмкін болады, деді Нұрлан Ноғаев. Маңғыстау атом энергетикалық комбинатына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 9,4 миллиард теңге қаржы бөлінген. Оның 4,9 миллиардын үкімет бөлсе, облыстық бюджеттен 2,6 миллиард теңге қаралған. Ал қалған қаржыны компания өзі…
CaspianLife, 24 тамыз — Бүгінде Қызылқоға ауданында 1 мыңға жуық мүмкіндігі шектеулі азамат бар. Оның ішінде 96-сы І топ, 442-сі ІІ топ, 492-сі ІІІ топ өкілдері. Олардың қазіргі жағдайын бағамдап, кедергісіз ортаны қалыптастыруды мақсат өткен арнайы топ өкілдері ауданға келіп мүмкіндігі шектеулі жандармен кездесу өткізді, деп хабарлайды CaspianLife. Жергілікті әкімдіктің мәжіліс залында болған жиынға аудан әкімінің орынбасары Жарас Есенғалиев, «Сенім-Шыңы» қоғамдық бірлестігінің директоры Марат Үмбетәлиев және жауапты сала мамандары қатысты. Кездесу барысында аудандағы инватакси қызметі, мүгедек жандарға жасалып отырған жағдайлар талқыланды. Ал мүмкіндігі шектеулі азаматтар тасымалдау көлігінің қызметін жүйелеу, цифрлық сауаттандыру курстарына оқыту сынды ұсыныс-пікірлерін айтты.
CaspianLife, 24 тамыз — Атыраулық «Сәукеле» ансамблінің жас бишілері Өзбекстанда өткен халықаралық байқаудан жүлделі оралды, деп хабарлайды CaspianLife. 17-21 тамыз аралығында Ташкент қаласында болған жарысқа Қазақстан, Өзбекстан, Ресей елдерінен келген 7 мен 9 жас аралығындағы балалар қатысқан. Олар «Гран-Приге ие болуымыз дамылсыз дайындық пен ата-аналар қолдауының нәтижесі» дейді. Алмагүл ОРЫНБАЕВА, Дамбы өнер мектебінің хореографы Жалпы бұл конкурсқа 2 ай дайындалдық. Өте қиын болды, Себебі, шетелге бірінші рет шыққасын құжаттар мен тіл мәселесі бар. Бірақ, осының бәрін еңсеріп, жеңіске жеттік, қатты ұнады. Конкурсқа дараның дарасы келді. Біз 7 өнерден Алматыға жолдама алдық. Алматыдан Гран при иеленіп, осы Ташкентке жолдамамен келдік. Атыраулық…
CaspianLife, 24 тамыз — ҚР Конституциясы күніне орай №15 ерлер түзету мекемесінде «Ел тірегі — Ата заң» атты интеллектуалды сайыс өтті. Оған жазасын өтеушілер қатысып, үш топқа бөлініп, әр команда төрешілер қойған сауалдарға жауап берді, деп хабарлайды CaspianLife. Жарыс 4 кезеңнен тұрды. Алғашында қатысушыларға салт-дәстүр турасында, кейін қазақ даласындағы ислам тарихы, казақ халқының дүниетанымындағы сандық ұғым және құқық жайында сұрақтар қойылды. Шараны «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек көрсету орталығы ұйымдастырып отыр. Олар мұндағы мақсат – жазасын өтеушілердің бойына патриотизмді орнықтыру, дейді. Мейірбек ҚҰБЫШЕВ, «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек көрсету орталығы директорының орынбасары Мұндай шаралармен шектелмейміз. Әр…
CaspianLife, 24 тамыз — Атырауда республикалық тамыз кеңесі басталды. Білім беру саласының мамандарына арналған іс-шара биыл жаңа форматта өтуде. Педагогтер 2 күн бойы білім беру саласындағы маңызды сұрақтарға, білім сапасы мен оқушылардың құқығын қорғау бағытындағы тақырыптар талқыланатын бірнеше секциялық отырысқа қатысады, деп хабарлайды CaspianLife. Алғашқы күні «Балалар үшін қауіпсіз орта» тақырыбы талқыланды. Оған ҚР оқу-ағарту министрілігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің өкілдері қатысты. Жаңа оқу жылынан бастап Атыраудағы барлық мектепте ата-аналар үшін кеңес беру орталығы жұмыс істейді. Онда ата-аналар мұғалімдерден бала тәрбиесіне қатысты кеңес алады. Бұл мектеп пен ата-ана арасындағы байланысты нығайтуға да ықпал етпек. Сонымен қатар, оқу-ағарту министрлігі балаларды зорлық-зомбылықтан,…
CaspianLife, 24 тамыз — Бүгінгі таңда ең кең таралған алаяқтықтың бірі — интернет арқылы жасалатын алаяқтық. Ғаламтордағы әккілер әсіресе, әлеуметтік желілерді ұтымды пайдаланып отыр, деп хабарлайды CaspianLife. Олар жалған интернет хабарландырулар орналастырады немесе аккаунт пен арнайы сайт ашады. Ең жиі кездесіп жүрген интернет алаяқтықтың түрлері – олар: ғаламторда сауда жасау және қызмет көрсету, сондай-ақ, өздерін банк қызметкері ретінде таныстырып, жеке деректерді иемдену және бөтен біреудің атынан онлайн-несие рәсімдеу арқылы жасалатын қылмыстар болып отыр. Биыл Атырау облысында 409 интернет алаяқтық қылмыс тіркелген. Олардың басым көпшілігі, яғни 314-і интернет арқылы тауар немесе қызмет көрсету түрлеріне алдын-ала төлем жасаған азаматтардың алдануы. Ал жалған…
CaspianLife, 24 тамыз — Сұлтан Бейбарыстың 800 жылдық мерейтойына 183 млн 868 мың теңге бөлінген. Атырау облысының әкімдігі ақшаның қайда жұмсалатынын айтты, деп хабарлайды CaspianLife el.kz ақпараттық порталына сілтеме жасап. Халқымыздың төл өнері айтысты ұйымдастыру үшін 17 млн теңге жұмсалады. Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театрының Р.Отарбаевтың «Бейбарыс» қойылымымен Астана қаласына гастрольдік сапары үшін 21 млн 580 мың теңге жұмсалады, — дейді Атырау облысының әкімдігі. Рахымжан Отарбаевтың «Бейбарыс» қойылымының Астана қаласындағы гастрольдік сапарына 19 млн 837 мың теңге жұмсалмақ. Мысырлық елшіліктің ұсынысына сай, гастрольдік сапар Каир қаласында өтеді. Ол үшін 70 млн 609 мың теңге қарастырылған. Сондай-ақ Мысырда Сұлтан Бейбарыстың…
